Бородулиха ауданы

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі


Басшысы: Акулов Григорий Иосифович

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, ШҚО, 070400, Бородулиха а., Тәуелсіздік к., 69.

Телефоны: 8-72351-2-13-31

Сайты: boroduliha.vko.gov.kz

Азаматтарды қабылдау: дүйсенбі, сәрсенбі сағат 14-00-ден 17-00 дейін.

Тарихи анықтама

Бородулиха селосының іргесі ХІХ-шы ғасырдың екінші жартысында қаланған. 1917 жылдарға дейін Бородулиха уралдан Шығысқа дейін созылып жатқан көптеген селолардан айырмашылығы жоқ үлкен село болған.

Сонымен қатар, бұл жерлердің өзіне тән ерекше колориттері бүкіл кеңес заманына үлкен әсер еткен. Бұл ерекшеліктерге біріншіден, селоның әкімшілік шеткері орналасуы, екіншіден, көп ұлттылығы, үшіншіден, шағын аудандардың географиялық орналасуына байланысты жер қолдану сипаты. Әкімшілік орналасуы жағынан Бородулиха Томск губерниясына, Змеиногорск уезіне қатысты болған және болыс орталығы болған. Сондай ақ, егер Сібір түгелімен хандық Ресейдің шеті болса, Бородулиха одан да шеткері орналасқан. Экономикалық жағынан село Змеиногорск, Томск қалаларына қарағанда Семей қаласына жақын болған.

Ол кездері Змеиногорск шаруалар қатынамайтын шағын уезд болған. Сібірдің барлық шаруалары сияқты Бородулиха селосының тұрғындары жерді жеке меншікке алуды білмеген. Жер жеке қолданыста болғанымен қоғамдық ұйғарымда табылған. Жалпы мәліметтер: Бородулиха ауданы 1944 жылы құрылған. Әкімшілік орталығы – Бородулиха селосы. Аудан Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде орналасқан. Аудан орталығы облыс орталығынан (Өскемен қаласынан) 200 км. қашықтықта орналасқан, ең жақын темір жолға дейінгі қашықтық 25 км. Жалпы алаңы – 7,2 мың шаршы метр, оның ішінде 87773 га жерді орман, 14301 га жерді су алып жатыр. Бородулиха ауданы солтүстігінде Ресей Федерациясының Алтай өлкесімен, шығысында Шемонайха қаласымен, батысында Бесқарағай ауданымен, оңтүстігінде Семей қаласымен шекаралас. Аудан арқылы республикалық маңызы бар темір жол және автомобиль жолдары өтеді. Бородулиха ауданының жер қабаттарында жартылай металлды қазбалар бар. Қоспаларда мыс және мырыштан басқа алтын, күміс, кадмий, сондай ақ, сирек және шашылған элементтер кездеседі. Аудан территориясында құрылыс материалдарын – кірпіш және тас, ұсақ тас өндіру үшін негіз болып табылатын шикізат қоры бар. Бородулиха ауданының ормандарында көптеген жеміс-жидектер, саңырауқұлақтар, дәрілік шөптер өседі. Жыл сайын 50 мың кубметр ағаш дайындалады.

Орманда жабайы аңдардан сілеусін, қасқыр, қарсақ, түлкі, тиін, аққұлақ, борсық, сасық күзен, ондатра, қоян, тұяқтылардан бұлан, елік мекендейді. Континенттік климаты – күрт. Қысы аязды, жазы салқын. Жылдық орташа температура қаңтар айында -17 градус, шілде айында +20 градус. Елді мекендер – 72. Ауданның әкімшілік құрамында 18 селолық және 1 кенттік округ бар. Ауданда тұратын 44,8 мың адамның ауыл тұрғындары 34,2 мың, қала тұрғындары 10,6 мың құрайды. Ауданда 9035 зейнеткер, 134 Ұлы Отан соғысына қатысушылар. Ауданда 30-дан астам ұлт өкілдерәі тұрады. Халықтың жалпы санының 28,4 % қазақтар, 55,6 % орыстар, 11,1 % немістер құрайды. Өнеркәсіп: Бородулиха ауданының өнеркәсібін «Жезкент ТКК» АҚ және қайта өңдеу кәсіпорындарының тармақтары ұсынады. Бүгінде Жезкент тау кен байыту комбинаты тек қана Шығыс Қазақстанның емес Қазақстан Республикасының түсті металлургиясының флагманы болып табылады. «Жезкент ТКК» Қазақстанның Ресей Федерациясының Алтай өлкесімен қиылысқан жерінде орналасқан. Кенді алғаш рет өндіру 1977 жылы басталған. 1988 жылдың желтоқсан айында мыс және мырыш қосындысын алу үшін алғашқы кешен іске қосылған. Жезкент ТКК 1994 жылдың 25 қаңтарынан бастап акционерлік қоғам болып қайта құрылған. 1997 жылдың ақпан айынан бастап комбинат «Самсунг Дойчланд ГмбХ» сырттай басқаруына берілген және «Қазақмыс» корпорациясының құрамына енеді. («Самсунг Дойчланд ГмбХ» корпорациясы 2001 жылдың сәуірінен бастап Жезкент ТКК-ның акциясының 90% сатып алған). 1999 жылы Шульба ГЭС-нан электр беру жүйесінің тартылғанына байланысты Ресейден электр алу тәуелділігі жойылды, үстіміздегі жылы фабриканың қалдықтарын қолданатын бетон – қалау кешені ашылды, бұл да Ресей жерінен құм қалдықтарын алудан бас тартуға мүмкіншілік берді. Комбинат 1992 жылдан бастап өзі жүретін тау-шахта құрылғылары паркін «Тампак» фирмасының машиналарымен ауыстыруда. Қазіргі кезде комбинат кен өндіруді көтеріп шығару тәсілімен, мыс және мырыш қосындысын шығарып және оны байытумен айналысады. Комбинат 3,5 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтып отыр, олардың орта айлық жалақысы 23 мыңнан асады, бұл бүгінде аудан да ғана емес, облыста да ең жоғарылардың бірі болып есептеледі. Комбинат барлық әлеуметтік және коммуналдық саланы қамтамасыз етіп отыр, кәсіпорынның балансында 500-ден астам бала баратын екі бала бақша, бассейн, металлургтер сарайы, кафе, профилактикалық қызмет көрсету мекемесі, жаз кезеңінде балалардың демалуы үшін жұмыс істейтін лагерь бар. Бородулиха ауданының агроөндіріс кешені: Агроөндіріс кешені – бұл дегеніміз өзінің басты мақсаты дән және май тұқымдығын өсіру, ет және сүт беретін мал шаруашылығын дамыту болып табылатын 12 жауакершілігі шектеулі серіктестік, бір ұжымдық кәсіпорын, 518 шаруа қожалықтары. Агроөндіріс кешені халықтың азық-түлікке деген сұранысын қанағаттандырады. 2004 жылы егіс алаңы 210 000 га. құрады. Алаңның 65 % жаздық бидай, 7 % дәнді дақылдар және 19% жем-шөп егуге берілген. Күнбағыс алаңы – 58 900 га.

Атақты жерлестер: Ауданда, ауданның тұрғындары да ерекше. Олардың көзге түсер қасиеті – ынталылығы және қаракетшілдігі. Екінші дүниежүзілік соғыс майданында және еңбекте өзін көрсете білген ауылдастардың арасында соғыс ардагері, Социалистік еңбек ері, Бородулиха ауданының құрметті азаматы В. Еременконың аты аса құрметпен және сүйіспеншілікпен аталады. Ол кісі ауыл шаруашылығының көтеріліп өркендеуі жолында 44 жыл қызмет етті. Қазақ ССР-ның Жоғарғы Кеңесінің бес орденімен, үш құрмет грамотасымен марапатталған. Василий Васильевич ұзақ жылдар бойы басқарған ұжымшарға бірнеше рет Д. Қонаев, Н. Назарбаев келіп қайтқан.

Жерлестеріміз ұзақ жылдар бойы Алматы қаласындағы Краснознаменное жоғары әскери шекара училищесін басқарған Кеңес Одағының Батыры, генерал-лейтенант М. Меркулов туралы құрметпен сөз етеді. Мәдениет: Ауданда жұмыс орындары бар, халқы қонақжай, мәдени орталықтар әрқашанда қызу жұмыс үстінде. Ауданда 24 мәдени объект жұмыс істейді. Олар аудандық мәдениет Үйі, 1 аудандық және 18 селолық кітапханалар, олардың 14 мектеп кітапханаларымен біріккен. Бүгінде кітапхана жүйесі – бұл кітап қоры 350 899 бірліктен асатын бірыңғай ақпараттық-әдістемелік орталық. Күрделі жөндеуден кейін аудандық мәдениет үйі жұмыс істеуде. Мәдениет үйінде балалар мен үлкендерге арналған эстрадалық, хореографиялық, қуыршақ (қазақ тілінде), домбыра, хор үйірмелері жұмыс істейді. Жастар би кеші жұмысын қайта жандандырды. «Искорка», «Фигаро» бишілер ұжымы, «Арна» вокалды-аспапты ансамбль жұмыс істейді. 2004 жылы аудандық мәдениет үйінің екі ансамблі – «Гәкку» қазақ этнографиялық, фольклорлық ансамблі және «Русские узоры» фольклорлық ансамблі Қазақстан Республикасының мәдениет және қоғамдық келісім Министрлігінің «Халық ансамблі» атағын алды. Дарынды және кедей отбасының балалары үшін «Әкім шыршасы» мерекесін өткізу дәстүрге айналды. Білім: Ауданда 7842 бала білім алатын 37 жалпы білім беретін мектеп бар. Осы мектепте жұмыс істейтін 807 мұғалімдердің 504 жоғары білімі бар.

Барлық мектептер компьютерленген. Балаларды мектепке жеткізу үшін 14 автобус сатып алынды. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл толған жылы аудан орталығында үшінші қазақ мектебі ашылды, осы мектепте балалардың бірінші сыныптан бастап ана тілінің рухани байлығын ұғынып, ұлттық мәдениетпен танысуына мүмкіншілік бар. 2002 жылы аудан орталығында балалар спорт мектебі және Жезкент кентінде әуен мектебі ашылған. Ауданның барлық педагогтарының 58-і «Қазақстан Республикасының оқу үздігі» атағына ие, 57-і Қазақстан Республикасының білім Министрлігінің құрмет грамотасымен наградталған.

Спорт: Аудан көлемінде 34 спорт ғимараттары бар, олар 1 спорткешені, орта мектептердегі спорт залдары, ашық алаңдар, Новая Шульба селосындағы ауыр атлетика арнайы залдары, Новопокровка селосындағы жеңіл-атлетикалық манеж, Жезкент кентіндегі жүзу бассейні.

 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 15.12.2011 / 15.12.2011