Алтай ауданы әкімінің аппараты

Лауазымы: Әкім

Тоқсейітов Нұржан Тілеужанұлы

1960 жылы 6 шілдеде Семей облысы Бесқарағай ауданы Өндіріс ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 1977 жылы Бесқарағай ауданы «Семеновский» совхозында жұмысшы ретінде бастаған.

1979-1981 жылдар аралығында Германия Демократиялық Республикасында әскери міндетін өтеген.

1981 жылы Семей зоотехникалық-мал дәрігерлік институтына қабылданады. Институтты бітіргеннен кейін 4 жыл мал дәрігері болып жұмыс істеп,1990 жылы Мәскеу қаласындағы Я.Р.Коваленко атындағы Бүкілресейлік тәжірибелі ветеринария ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасына қабылдананады. Оқуды аяқтаған соң осы институтта еңбек жолын ғылыми қызметкер ретінде кандидаттық диссертациясын ойдағыдай қорғағанға дейін жалғастырады.

1994 жылы Мәскеу қаласында Біріккен ресей-венгер кәсіпорнына жетекші маман болып жұмысқа орналасады.

1995-1998 жылдары «Семей-Агро» ЖШС, «Ақбұлақ» АҚ, «Кен-Холдинг» ЖШС жетекшілік етеді.

2000-2003 жылдар аралығында – Шығыс Қазақстан облысы жануарлар мен өсімдіктер әлемі мемлекеттік бақылау аумақтық басқармасының бастығы. Осы басқарманың қайта құрылуына байланысты Шығыс Қазақстан облысы балық қорын қорғау инспекциясының ұйымдастыру құқықтық бөліміне бастық болып тағайындалады.

2003-2008 жылдары аралығында – Алматы қаласындағы «Алрун» ЖШС бас директоры.

2008-2010 жылдары аралығында Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары болып тағайындалады.

2010-2015 жылдары аралығында – Зырян ауданы әкімінің орынбасары.

04.2015-10.2015 -  Ветеринария басқармасының басшысы.

27.10.2015 - аймақ басшысы Даниал Ахметовтың өкімімен Бесқарағай ауданының әкімі болып тағайындалды.

2017 жылдың наурызынан бастап Зырян ауданының әкімі.

Лауазымдық міндеттері

Президенттің, ҚР Үкіметінің нормативтік актілерін, облыс әкімдігінің қаулыларын, аймақ экономикасын реформалау, қызмет істеу және дамыту жөнінде әкім облысының шешімдерін, өкімдерін орындау бойынша келешектегі және ағымдағы тапсырмаларды шешу, аудан-қаланың атқару үкіметінің қызметін басқару. 
Аудан бюджетін әзірлеуге басшылық және оның орындалына бақылау жасау. Бюджеттің кіріс бөлігін қамтамасыз ету, жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен бюджет қаражаттарын қаржыландыру және тиімді ұстау мәселелері.  
Жергілікті атқарушы органдардың прокуратурамен, соттармен, ішкі істер және әділет бөлімімен, Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті аудандық бөлімімен, қаржы полициясымен ішкі қауіпсіздік және қоғамдық- саяси тұрақтылықпен, құқықтық тәртіпті нығайтумен, атқару тәртібімен, сыбайлас жемқорлықпен және қылмыспен күресу жұмыстарының келісімді болуын қамтамасыз ету.
Зырян ауданының Қарулы Күштер бөлімшелерінің әскери басқару органдарымен, шекара бөлімшелерімен ұйымдастырушылық және ақпараттық байланысты жүзеге асырады.  
Аудан әкімдігінің, денсаулық сақтау, Қоғаныс Істері бойынша бөлімнің, ТЖ бойынша басқармасының, жұмылдыру жұмыстарының, әкімшілік- аумақтық құрудың мәселелері. Басқару құрылымдарын оңтайландыру, кадрларды таңдау және орналастыру.

  Қабылдау телефоны: 6-18-44
  Факс: 6-29-72

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 15.12.2011 / 03.03.2017