Абай ауданы

Лауазымы: Әкім

Абай ауданының әкімі Жарқынбек Борашұлы Байсабыров

Жарқынбек Борашұлы 9 тамызда 1969 жылы Үржар ауданы Бірінші май ауылында дүниеге келген. 1992 жылы Семей зоотехникалық-ветеринар институтын «мал дәрігері» және 2008 жылы М.Әуезов атындағы Семей университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1992 жылы Бірінші май ауылында Калинин атындағы колхозда санитарлық-емдеу пунктінде меңгеруші қызметінен бастаған. Одан кейін бірнеше жыл «1 Май» ЖШС меңгерушісі болды. 1998-2004 жылдары аралығында «Ерасыл» шаруа қожалығын басқарып, артынша Үржар ауданының Некрасов ауылдық округінің әкімі болды. 2006 жылдың қыркүйегінен бастап Жоғарғы Егінсу ауылдық округі әкімі лауазымына тағайындалды. Ал 2008 жылдан осы күнге дейін Үржар ауданы әкімінің орынбасары міндетін атқарды. 3 қараша 2017 жылдан облыс әкімі Д.Ахметовтың өкімімен Абай ауданының әкімі болып тағайындалды.

Лауазымдық міндеттері

Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және облыс Әкімінің аудан экономикасын реформалау, жүргізу және дамытуға бағытталған нормативтік актілерін, қаулыларын, шешімдерін жүзеге асыру жөніндегі ұзақ мерзімді және ағымдағы міндеттерді шешу. Аудан Әкімі аппаратының қызметіне, әкімдік отырысының жұмысына, ауданның бюджетін әзірлеуге басшылық жасау, жергілікті атқарушы органдар, аудандық прокуратура, сот, ішкі істер, қорғаныс бөлімдерімен қоғамдық саяси тұрақтылық, құқықтық тәртіпті күшейту, сыбайлас жемқорлыққа және қылмысқа қарсы күрес мәселелерін шешуде өзара түсіністікпен жұмыс істеуді қамтамасыз ету.

Ауданның экономикалық, әлеуметтік салаларын реформалауға бағытталған жұмыстарды одан әрі жүзеге асыруға басшылық жасау. Жергілікті Әкімдерді, аудан Әкімі аппараты қызметкерлерін, жергілікті мекемелердің, ұйымдардың басшыларын тиісті тәртіпке орай іріктеу, тағайындау және қызметтен босату. Кадрларды марапаттау мен Үкімет наградаларына ұсынумен шұғылдану. Аудандағы төтенше жағдайлар мен азаматтық қорғаныс мәселелеріне басшылық жасау.

  Қабылдау телефоны: 9-16-00
  Факс: 9-12-44
  Е-mail: akim@akimvko.gov.kz

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 15.12.2011 / 15.03.2018