Әкім

Лауазымы: ШҚО әкімі

Ахметов Даниал Кенжетайұлы

1954 жылы 15 маусымда Павлодар қаласында дүниеге келген.

1976 жылы Павлодар индустриалды институтын бітірген. Мамандығы бойынша инженер-құрылысшы.
Экономика ғылымының докторы, Қазақстан Республикасы Минералды ресурстар академиясының академигі.  

Еңбек жолы:

1976-1981 жж. - «Павлодар тұрғынқұрылыс» тресінде мастер;

1981–1983 жж. - Екібастұз қалалық партия комитетінде нұсқаушы;

1983–1987 жж. - «Екібастұзшахтақұрылыс» комбинатында бас инженердің орынбасары, партком хатшысы;

1987–1991 жж. - Екібастұз қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары;

1991-1992 жж. - «Екібастұз энерготұрғынөндірісқұрылыс» трестінің басқарушысы;

1992-1993 жж. - Екібастұз қалалық әкімшілігінің басшысы;

1993-1997 жж. – Әкімшілік басшысы, Павлодар облысының әкімі;

12.1997-10.1999 жж. - Солтүстік Қазақстан облысының әкімі;

10.1999-21.12.2000 жж. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары;

21.12.2000-21.11.2001 жж. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасар;

21.11.2001-13.06.2003 жж. - Павлодар облысының әкімі;

13.06.2003-08.01.2007 жж. - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі;

10.01.2007-17.06.2009 жж. - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрi;

12.2010 жылдан – Экологиялық энергетика саласындағы компаниялың басшысы;

2012-11.2014 жж. – Энергетика және инфрақұрылым министрі;

2014 жылғы 11 қарашада Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды.

Марапаттары:

«Барыс» 2-і дәреже (2004), «Барыс» 3-і дәреже (1999), «Құрмет белгісі» (1986); «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» (2012) ордендері және «Астанаға 10 жыл» атты мерейтойлық медалі (01.07.2008).

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БЛОГЫ

Лауазымдық міндеттері

Облысқа жалпы басшылық етуді жүзеге асырады.
Мемлекеттік органдармен, ұйымдар және азаматтармен өзара қарым-қатынаста облыс мүддесін білдіреді.
Орталық атқарушы органдардың басшыларына орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің заңдарын, актілерін, облыс әкімі мен әкімдігінің актілерін орындау бөлігіндегі қызметі жөнінде ұсыныс береді. Орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің заңдарын, актілерін орындау бөлігіндегі жұмысында кемшіліктерді жоймаған жағдайда, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметіне тиісті қорытынды ұсынады.
Қазақстан Республикасы Президентіне тиісті тұлғаларды мемлекеттік наградалармен наградтау, оларға құрметті және өзге де атақтарды беру туралы ұсыныстар енгізеді.
Облыстық мәслихатқа «Облыстың Құрметті азаматы» атағын беру туралы ұсыныс енгізеді.
Мынадай лауазымды тұлғаларды: уәкілетті жоғары тұрған мемлекеттік органдардың келісімі бойынша облыс әкімінің орынбасарларын, қалалар мен аудандар әкімдерін, аппарат басшысы мен оның орынбасарларын және оның құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын, облыс бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Облыс әкімінің орынбасарларына, облыстың қалалары мен аудандарының әкімдеріне, аппарат басшысына, оның орынбасарларына және оның құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тәртіптік жауапкершілік шараларын қолдану мәселелерін шешеді.
Аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) әкімдіктер мен әкімдер жұмысын үйлестіреді.
Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкімдері арқылы жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-әрекеттеседі.
Облыстық мәслихаттың бекітуіне әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару сұлбасын енгізеді.
Ведомствоаралық сипаттағы мәселелер жөніндегі консультативтік-кеңесші органдардың дербес құрамын облыстық мәслихатқа ұсынады.
Жұртшылық кеңесімен өзара іс-әрекеттестікте болады және оның қызметін үйлестіреді.
Төмен тұрған әкімдердің қызметін бақылауды жүзеге асырады.
Облыстық прокуратурамен, облыстық сотпен, ұлттық қауіпсіздік комитетінің, ішкі істер, әділет, экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) облыстық департаменттерімен, Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің облыстық басқармасымен, облыс аумағында шоғырланған Қазақстан Республикасы Қарулы күштері құрамалары және бөлімшелерінің әскери басқару, ішкі әскер және шекара қызметі органдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
Мыналардың: облыстық бюджет комиссиясының, құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның, мемлекеттік символдар жөніндегі комиссияның, Шығыс Қазақстан облысында Мемлекеттік және басқа да тілдерді одан әрі дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің, Шығыс Қазақстан облысын үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің төрағасы болып табылады.
«Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы директорлары кеңесіне басшылық етеді.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Өскемен қаласы әкімдіктерінің қызметін бақылауды жүзеге асырады.

Облыс әкімі мен оның орынбасарлары арасында мынадай өзара алмасу белгіленеді:
Д.К. Ахметов - Н.А. Сақтағанов
Д.М. Мусин -  А.Б. Нүсүпова - С.К. Ақтанов

  Қабылдау телефоны: 57-85-80, 71-31-00
  Факс: 26-13-63

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 20.12.2011 / 11.01.2017