Официальный сайт акима ВКО http://www.akimvko.gov.kz/ru/ Официальный сайт акима ВКО Sun, 23 Apr 2017 16:02:34 +0600 http://backend.userland.com/rss092 ru Тасқынның алдың алу қатаң талап етілді Мамандар күн сайын жағдайға мониторинг жүргізіп келеді. Ертіс, Үлбі, Тұрғысын, Громотуха өзендері бассейндеріне, Өскемен, Семей және Зырян қалалары айналасындағы аумаққа әуеден бақылау жүргізілді. Анықталған тасқын қаупі бар телімдер бойынша аймақ басшысы Даниал Ахметов ары қарайғы іс-қимыл жоспарын дереу әзірлеуді жүктеді. http://www.akimvko.gov.kz/kz/news.html?id=58386 Облыс әкімі Даниал Ахметовтің шығысқазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтауы Құрметті жерлестер! Баршаларыңызды жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болып табылатын Ұлыстың ұлы күнімен шын жүректен құттықтаймын! http://www.akimvko.gov.kz/kz/news.html?id=58045 «Алтай» екі мәрте ел чемпионы атанды Шығысқазақстандық «Алтай» волейбол командасы Ұлттық Лигада ерлер арасында ел чемпионатының жеңімпазы атанды. «Буревестник-Алматы» волейбол командасын 3:0 есебімен ойсырата жеңген алтайлықтар уақытынан бұрын біріншіліктің чемпионы атағына қол жеткізді. Осылайша «Алтай» екі мәрте ел чемпионы атанып, жеңіс тұғырының ең биігінен көрінді. http://www.akimvko.gov.kz/kz/news.html?id=58043 Курчатов қаласының жаңа әкімі тағайындалды Өңір басшысы Даниал Ахметовтің өкімімен бұрын Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарған Алмас Оңдақанов Курчатов қаласының әкімі болып тағайындалды. http://www.akimvko.gov.kz/kz/news.html?id=57765 Аймақ басшысы Даниал Ахметовтің Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы Аяулы аналар, ардақты арулар! Баршаңызды шуақты көктеммен бірге келген Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! http://www.akimvko.gov.kz/kz/news.html?id=57734 8-наурыз мерекесі қарсаңында облыс әкімі өңірдің әйелдер қауымын құттықтады Өскемен қаласында 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиын өтті. Әйелдер қауымын келе жатқан мерекелерімен өңір басшысы Даниал Ахметов құттықтады. http://www.akimvko.gov.kz/kz/news.html?id=57707 Семейді дамытудың үш жылдық арнайы жоспары қабылданды 2019 жылға дейін Семей қаласының барлық көшелері мен демалыс орындары көркейтіліп, жылу жүйелері жаңартылып, кәзір жүйелері дюкерлерінің мәселелері шешіліп, 300 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 5 мың орындық мәдени-спорттық кешен салынады. Осы және басқа да ауқымды оң өзгерістер Семейде алдағы үш жылға арналған даму жоспарының аясында іске асырылады. Бұл туралы облыстық әкімдіктің Семейде өткен қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған көшпелі мәжілісінде белгілі болды. http://www.akimvko.gov.kz/kz/news.html?id=57581 Аягөзде 600 орындық екі мектеп ел игілігіне беріледі «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласында екі мектеп бой көтермек. Бұл туралы өңір басшысы Даниал Ахметов халық алдындағы есебінің барысында айтты. http://www.akimvko.gov.kz/kz/news.html?id=57475 Ұлы Абайдың туған жеріне апаратын жол жөнделмек Абай Құнанбаевтың 175 жылдығының қарсаңында Семей-Қарауыл жолын жөндеуге биыл 300 млн. теңге қаржы бөлінгендігі туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов халық алдындағы есебінде айтты. http://www.akimvko.gov.kz/kz/news.html?id=57433 Өңір басшысы нәрестелер мен балалар өлімінің көрсеткіштерін азайту жөніндегі облыстық Іс-шаралар жоспарының жобасымен танысты Кеңестің қорытындысы бойынша облыс әкімі Жоспарды бір айдың ішінде толықтырып, қайта қарауға енгізуді тапсырды. http://www.akimvko.gov.kz/kz/news.html?id=57153