Ведомствоаралық комиссияның бірлескен отырысы

Облыс әкімінің төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссияның және Құқық бұзушылықтың профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның бірлескен отырысы өтті

 

2013 жылдың 24 желтоқсанында облыс әкімінің төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссияның және Құқық бұзушылықтың профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның бірлескен отырысы өтті.

Екі мәселе қарастырылды: 2011-2013 жылдарға арналған құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша өңірлік бағдарламаның орындалуы, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықтың профилактикасы бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы.

ШҚО Ішкі істер департаментінің бастығы Р. Т. Жақыпов, Білім беру басқармасының басшысы А. Қ. Нұрғазиев,  Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшы  О. Г. Кузовлева, Қаржы полициясы департаментінің бастығының орынбасары Ғ. Ә. Әбдікешов, ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агентігінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы Т. Қ. Жұмағұлов, «Нұр Отан» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Т. Т. Түсіпбеков баяндама жасады. Сондай-ақ проблемалық сұрақтар талқыланып, оларды шешу жолдары қарастырылды. 

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық жағдайына оң ықпал ететін шаралар кешенін жетілдіру мақсатында Ведомствоаралық жұмыс тобын құру жөнінде шешім қабылданды.

Оның құрамына прокуратура, мемлекеттік қызмет істері департаментінің, қаржы полициясы департаментінің, «Нұр Отан» партиясының, мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері, әлеуметтанушылар, заңгерлер, депутаттар енгізілетін болады. Облыс әкімінің аппаратына Ведомствоаралық жұмыс тобының Ережесін жасақтау мен құрамы бойынша ұсыныс енгізу тапсырылды.

Құқық бұзушылықтың профилактикасын жетілдіру үшін Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментіне облыстық прокуратурамен және Өскемен қаласының әкімдігімен бірлесіп «қылмыстылық картасын» жасау тапсырылды. Яғни, облыс орталығындағы аса криминогенді участокты анықтап, сол жерге тәжірбиелі деген қызметкерлерді жіберіп, қылмыстың көбейуінің себебін анықтап, оны жою бойынша шаралар қабылдау тапсырылды. Тәжірбие оң нәтиже берген жағдай басқа қалаларда қолдананылатын болады.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 06.01.2014 /