Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама       

Өскемен қаласы                                                                              2017 жылғы 30 қараша

  Облыс әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушының тапсырмалары бойынша 2017 жылғы 1 қарашадағы № 7/480-И хаттамалық шешім негізінде, келесідей жұмыс тобының құрамында: жұмыс тобының жетекшісі Б.Х. Зәкәриянова, жұмыс тобының мүшелері А.А. Ауғанбаев, Р. Н. Әспенбетова, М.В. Гагаринамен «бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау», «бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыттары бойынша облыс әкімі аппаратының бақылау  және құжаттамалық қамтамасыз ету, терроризмге қарсы комиссия қызметін қамтамасыз ету және құқық қорғау органдарымен жұмыс жөніндегі бөлімдеріне қатысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі – 2017 жылғы 11 ай.

          Бақылау  және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі бойынша 

«Бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша төмендегілер зерделенді:  

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы», 1999 жылғы 23 шілдедегі  «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы», 1997 жылғы 11 шiлдедегі «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» заңдары,  Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 «Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 569  «Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, олардың келісілу қағидаларын бекіту туралы», 2004 жылғы 17 сәуірдегі №430 «Электрондық құжат айналым ережесi бекiту туралы»,  2002 жылғы 10 желтоқсандағы №1300 «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентi туралы», 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1196 «Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы»,  2002 жылғы 4 қыркүйектегі № 974 «Қазақстан Республикасының орталық және жергілiктi атқарушы органдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауын ұйымдастыру туралы» қаулылары, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 144 «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде  10129 нөмірімен тіркелген), Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 147 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 12893 нөмірімен тіркелген), Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 277 «Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің регламентін бекіту туралы», 2016 жылғы 31 тамыздағы № 278 «Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің регламентін бекіту туралы қаулылары,       облыс әкімінің 2016 жылғы 21 қазандағы № 69-р «ШҚО әкімі аппаратындағы бақылау жүйесі туралы» өкімі.

Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету  бөлімінің лауазымды тұлғаларының өз қалауы бойынша шешімдер қабылдауына, жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде кедергі жасауға ықпал ететін жағдайлар, нормативтік-құқықтық актілерді өз еркінше түсіндіруге әсер ететін құқықтық олқылықтар анықталмады.  Дискрециялық өкілеттіктер мен нормалардың болуы анықталған жоқ.

«Бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша мүдделер қақтығысы,   басшымен аффилиирленген бөлім қызметкерлерінің болуы фактісі анықталған жоқ, бөлім қызметкерлері тұрақты жұмыс істеуде, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шектеулер мен тыйым салуларды бұзушылықтар анықталған жоқ. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде бөлімде 1 бірлік бөлім басшысы, 2 бірлік бас инспектор, 9 бірлік бас маман, 1 бірлік жетекші маман, 9 бірлік штаттан тыс қызметкер болды. Кадрлар тұрақсыздығы жоқ. Бөлімде меритократия қағидаты қолданылады: бас маман Г.М. Сағындықова облыс әкімінің бас инспекторы лауазымына қабылданды.     

         Бөлім құрылымында бақылау, қызметтік хат-хабарлар секторлары ескерілген, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау бөлмесі, құжаттар мен нормативтік құқықтық актілер мәтіндерінің түпнұсқалығын сараптау, ресімдеу және келісу сараптамасы, хаттамалық бөлік, пайдалануы шектеулі құжаттарды есепке алу мамандары жұмыс істейді. Бөлім халыққа мемлекеттік қызмет көрсетпейді. Хаттарды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау және жөнелту функциялары нормативтік құқықтық актілермен жеткілікті реттелген және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жасауға мүмкіндік бермейді.    

         Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері хат-хабарларды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдайтын  қызметкерлердің жеке кәсіби және этикалық қасиеттеріне байланысты болуы мүмкін. Осы қызметкерлер азаматтармен тікелей байланыста болады, оның өзі тәуекелге баруға себеп болуы мүмкін. Осыған байланысты бөлім қызметкерлері үшін кәсібилік, сабырлылық, даулы жағдайларда әрекет ете білу маңызды қасиет болып табылады.

2017 жылғы маусым айында облыс әкімі аппаратында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы заңнаманың сақталуына тексеру жүргізді. Тексеру барысында қарар қою кезінде тілдер туралы заңнаманың сақталмау фактілері анықталды. Қалған бөлігінде бұзушылықтар анықталған жоқ. Тексеру нәтижелері бойынша берілген ескертулер жойылды.

         Бөлім «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге, яғни қызмет алушы немесе мемлекеттік корпорация ұсынған құжаттарды алғашқы қабылдауға және тіркеуге қатысады. Бұл іс-қимыл 15 минут ішінде орындалады.

         2017 жылдың басынан бастап, қызметті алуға 54 өтініш қабылданып, олар қарауға уақытылы жіберілді. Облыс әкімі аппаратының бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің қызметкерлері тарапынан «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің алғашқы іс-қимылына қатысты бұзушылықтар анықталған жоқ.

         Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты мен регламентіне сәйкес,  өтініш беруге қажетті құжаттардың түбегейлі тізбесі, құжаттарды қабылдаудан бас тарту және мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздемелерінің тізбесі  белгіленген.   Осыған байланысты сыбайлас жемқорлық қаупі аз.

         Сонымен қатар, штаттан тыс техникалық қызметкер И. А. Филевке мемлекеттік қызметті көрсету құжаттарын қабылдау жүктелген. Сыбайлас жемқорлық тәуекелін азайту мақсатында кәсіби біліктілік деңгейін арттыру, мемлекеттік қызмет стандарты мен регламентін оқып үйрену,  мемлекеттік қызмет көрсету сапасын  және көрсетілетін қызметі алушылардың қанағаттанушылық деңгейін арттыру  мақсатында,  мемлекеттік қызмет көрсететін өзге де қатысушылармен өзара іс-қимылды тұрақты жүзеге асыру қажет.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметке бақылауды облыс әкімінің бас инспекторы  Г.М. Сағындықова мен бақылау  және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Р. Н. Әспенбетоваға жүктеу қажет деп санаймыз.  

         Тексерілетін кезең ішінде өзге де мемлекеттік органдарға қатысты тексеру   бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімімен жүргізілмеген.

2017 жылғы аттестаттау нәтижелері бойынша бөлімнің барлық қызметкерлері лауазымдарына лайық деп танылды.         

 

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар  

Мерзімі  

Бөлім қызметкерлерінің кәсіби дайындығы деңгейін арттыру 

үнемі

«Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсетудің стандарты мен регламентін зерделеу  

2017 жылғы желтоқсан

Облыс әкімінің бас инспекторы  Г.М. Сағындықова мен бақылау  және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Р. Н. Әспенбетованың лауазымдық нұсқаулықтарына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері мен сапасына бақылау жасау бойынша қосымша міндеттер жүктеу     

 

2017 жылғы желтоқсан

 

 Терроризмге қарсы комиссия қызметін қамтамасыз ету және құқық қорғау органдарымен жұмыс жөніндегі бөлім бойынша  

«Бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша төмендегілер зерделенді:  

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», 2004 жылғы 9 шілдедегі «Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы», 1999 жылғы 13 шілдедегі «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы», 2005 жылғы 18 ақпандағы «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 қыркүйектегі № 648 «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013 - 2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама туралы», 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 234 «Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 - 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы», 2013 жылғы 28 тамыздағы № 876 «Қазақстан Республикасының террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесін бекіту туралы» қаулылары.

Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша терроризмге қарсы комиссия қызметін қамтамасыз ету және құқық қорғау органдарымен жұмыс жөніндегі  бөлімнің лауазымды тұлғаларының өз қалауы бойынша шешімдер қабылдауына, жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде кедергі жасауға ықпал ететін жағдайлар, нормативтік-құқықтық актілерді өз еркінше түсіндіруге әсер ететін құқықтық олқылықтар анықталмады.  Дискрециялық өкілеттіктер мен нормалардың болуы анықталған жоқ.

«Бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша мүдделер қақтығысы,   басшымен аффилиирленген бөлім қызметкерлерінің болуы фактісі анықталған жоқ, бөлім қызметкерлері тұрақты жұмыс істеуде, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шектеулер мен тыйым салуларды бұзушылықтар анықталған жоқ. Бөлім конкурстық рәсімдерге сәйкес толықтырылып, облыс әкімінің бас инспекторы бірлігі енгізілген. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде   бөлімде 1 бірлік бөлім басшысы, 1 бірлік бас инспектор, 2 бірлік бас маман және 1 бірлік штаттан тыс техникалық қызметкер болды. Кадрлар тұрақсыздығы жоқ. 

Терроризмге қарсы комиссия қызметін қамтамасыз ету және құқық қорғау органдарымен жұмыс жөніндегі  бөлім халыққа мемлекеттік қызметтер көрсетпейді. Сонымен қатар, бөлім қызметкерлері тиісті функцияларды іске асыру жөнінде жергілікті атқарушы органдарды тексеруге қатысады. Бөлім тексерулерді  облыстың жергілікті атқарушы органдарына қатысты қызметтік, еңбек және өзге де атқарушылық қарым-қатынас шеңберінде жүргізеді. Осы бақылау функциясы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару саласында бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңының 27-бабы 1-тармағы 1) тармақшасының, 29-бабы 1-тармағы 1-1) тармақшасының, 38-бабының шеңберінде жүзеге асырылады. Бұл тексерулер халықтың, облыстың жеке кәсіпкерлік субъектілерінің  құқықтары мен заңды мүдделерін қозғамайды.

Сонымен қатар, бақылау функцияларын іске асырудың сыбайлас жемқорлық тәуекелі бар: өңірлерге барып тексеру жүргізу, талдау анықтамаларын жасау   қызметкердің құзыреттілігіне, оның сыбайлас жемқорлық көріністеріне жеке төзімділік деңгейіне қарай субъективті сипатқа әлеуетті түрде ие болуы ықтимал.   

 Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығының қызметкерлері 2017 жылғы 23-28 қазанда облыстың Терроризмге қарсы комиссиясының қызметін ұйымдастыру желісі бойынша бөлімге қатысты тексеруді жүзеге асырды. Тексеріс қорытындысы бойынша анықтама бүгінгі күнге дейін түспеді.

2017 жылғы аттестаттау нәтижелері бойынша терроризмге қарсы комиссия қызметін қамтамасыз ету және құқық қорғау органдарымен жұмыс жөніндегі  бөлімнің аттестаттауға жататын барлық қызметкерлері лауазымдарына лайық деп танылды.  

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар  

Мерзімі  

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды сақтау деңгейін арттыру бойынша жұмысты жалғастыру   

үнемі  

 Заң бөлімі, ақпараттық технологиялар бөлімімен (Бақылау  және құжаттамалық қамтамасыз ету, терроризмге қарсы комиссия қызметін қамтамасыз ету және құқық қорғау органдарымен жұмыс жөніндегі бөлімдермен) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау бойынша  2017 жылғы 2-жартыжылдыққа арналған  материалдар ұсынылған.  

 Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама   


Өскемен қаласы                                                                               2017 жылғы 14 тамыз

            Облыс әкімінің орынбасары Р. М. Омаров облыс әкімі аппаратының бөлім басшыларымен өткізген кеңестің 2017 жылғы 3 шілдедегі № 6/269 хаттамасының негізінде, келесідей жұмыс тобының құрамында: жұмыс тобының жетекшісі Б.Х. Зәкәриянова, жұмыс тобының мүшелері А.А. Ауғанбаев, Р. Н. Әспенбетова, М.В. Гагарина, А. Б. Сағидолдин, В. Р. Хуснуллинамен «бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау», «бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыттары бойынша облыс әкімі аппаратының заң бөліміне, ақпараттық технологиялар бөліміне қатысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі – 2017 жылғы 7 ай. 

          Заң бөлімі бойынша  

         Өз қызметінің ерекшелігіне байланысты заң бөлімі жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының қызметі саласына қатысты Қазақстан Республикасы заңнамасының барлық алуан түрлілігін жүйелі негізде зерделейді. Заң бөліміне сараптамаға ұсынылатын құқықтық актілер, шарттар, өзге де құқықтық сипаттағы құжаттар барынша әртүрлі сипатта болуы мүмкін: әлеуметтік сала, тұрғын үй құрылысы мен жолдар, көліктік қызмет көрсету, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, еңбек қатынастары, азаматтық қорғау, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік, экономика және қаржы, мемлекеттік сатып алулар, табиғи ресурстар және т. б. Сонымен қатар, заң бөлімі заңнаманың аталған салаларында құқық қолданушы болып табылмайды, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару салаларында саясатты іске асырмайды. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоқ.

Заң бөлімі азаматтық құқықтық қатынастардың (азаматтық құқықтық қатынастардың тарапы ретінде) өзге де субъектілерімен теңдес, азаматтық материалдық және процессуалдық заңнаманың құқық қолданушысы болып табылады. Осы саладағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері заңнаманың жетілдірілмеуі себебінен емес, бөлім қызметкерлерінің  атқарушылық тәртіпті бұзу     (сотқа талап арыз берудің, шағым берудің белгіленген мерзімдерін бұзу, шағым   бойынша шаралар қабылдамау, өзге де процестік рәсімдер мен мерзімдерді бұзу) себебінен болуы мүмкін. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Азаматтық және Азаматтық процестік кодекстерінің нормалары сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау тұрғысынан зерделенбеді.    

 «Бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша келесілер зерделенді: 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»,      2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңдары,  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 қарашағы   № 1072 «Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының заң қызметтерi туралы үлгi ереженi бекiту туралы», Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 тамыздағы  № 486 «Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қаулылары.

Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша заң бөлімінің лауазымды тұлғаларының өз қалауы бойынша шешімдер қабылдауына, жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде кедергі жасауға ықпал ететін жағдайлар, нормативтік-құқықтық актілерді өз еркінше түсіндіруге әсер ететін құқықтық олқылықтар анықталмады.  Дискрециялық өкілеттіктер мен нормалардың болуы анықталған жоқ.

«Бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша мүдделер қақтығысы,   басшымен аффилиирленген бөлім қызметкерлерінің болуы фактісі анықталған жоқ, бөлім қызметкерлері тұрақты жұмыс істеуде, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шектеулер мен тыйым салуларды бұзушылықтар анықталған жоқ. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде   бөлімде 1 бірлік бөлім басшысы, 3 бірлік бас маман және 1 бірлік заңгер-кеңесші болды. Кадрлар тұрақсыздығы жоқ.   

Бөлім мемлекеттік қызмет көрсетпейді, рұқсат құжаттарын бермейді. Сонымен қатар, заң бөліміне  құқықтық актілер, келісімдер, меморандумдар, келісім-шарттарға құқықтық сараптама жүргізу, заңгерлік қорытынды талап ететін өзге де құжаттарға келісу функциясы жүктелген. Осы функцияны жүзеге асыру бөлім қызметкерлерінен жоғары кәсіби дайындықты, үнемі біліктілік деңгейін арттыруды талап етеді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері қоғамдық реттеудің осы  немесе басқа салаларындағы әлсіз білім деңгейі, қорытындыны пысықтау кезіндегі төмен жеделдік деңгейі себебінен болуы мүмкін. Дегенмен, заң бөлімі қызметкерлерінің қорытындысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларына негізделеді.  Осыған байланысты құқықтық сараптама   «қалаймын» - «қаламаймын», «мүмкін солай» - «мүмкін олай емес»  қағидаттарымен берілуі мүмкін емес. Қорытынды кез келген жағдайда сараптамаға ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, немесе сәйкес еместігіне негізделеді. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері болмайды. 

Қазақстан Республикасының  Әділет министрлігі 2017 жылғы тамыз айында аппараттың заң бөліміне қатысты нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеуді реттейтін заңнаманы сақтау мәселесі бойынша тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы бойынша заң бөлімінің қызметінде ШҚО Әділет департаментінен мемлекеттік тіркеуден кері қайтарылған нормативтік құқықтық актілердің күші жойылмау фактісі  анықталды.  Жоғарыда аталған актілердің күшін жою туралы тапсырма берілді.

Актілерді әзірлеуші органдар – облыстық діни істер басқармасына, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына актілердің күшін жою тапсырылды.  Бұл мәселе заң бөлімінің бақылауында тұр.    

Заң бөлімінде облыстың жергілікті атқарушы органдарының заң қызметі қызметкерлерін тағылымдамадан өткізу практикасы енгізілген. Тағылымдамадан өту барысында одан өтушілердің біліктілік деңгейіне тексеру жүргізіледі.    Сыбайлас жемқорлық тәуекелі жоқ, өйткені тексеру ұсынымдық сипатқа ие және облыстың жергілікті атқарушы органдарының заң қызметі қызметкерлерінің  тәжірибе алмасуы мен біліктілігін арттыруға  бағытталған. 

Тексерілетін кезең ішінде заң бөлімі өзге мемлекеттік органдарға  қатысты тексеру жүргізген жоқ.

2017 жылғы аттестаттау нәтижелері бойынша заң бөлімінің барлық қызметкерлері   лауазымдарына лайық деп танылды.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар  

Мерзімдері 

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын зерделеу, кәсіби даярлық деңгейін арттыру  

тұрақты

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу, күші жойылды деп тану, күшін жою мәселелерін реттейтін қолданыстағы заңнама  нормаларының қатаң сақталуын қамтамасыз ету

тұрақты

 Ақпараттық технологиялар бөлімі бойынша

«Бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша келесілер зерделенді: 

«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының  2015 жылғы 16 қарашадағы, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының  2015 жылғы 20 қарашадағы Заңдары,  «Ақпаратты Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 464 жарлығы, «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысы, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының «Ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 129 бұйрығы, «Электрондық үкімет» шлюзінің, «электрондық үкіметтің» төлем шлюзінің ақпараттық жүйелермен интеграциясының қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 104 бұйрығы, «Мемлекеттiк органдардың интернет-ресурстарын ақпараттық толықтыру қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 116 бұйрығы, «Ақпараттық жүйені, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасын, мемлекеттік органның интернет-ресурсын олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне аттестаттық зерттеп-қарауды жүргізу әдістемесін бекіту туралы» 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 108 бұйрығы, «Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) және лицензиялық бағдарламалық қамтылымының баптау кешенін есепке алу және сақтау қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 131 бұйрығы.  «Мемлекеттік органдардың азаматтармен өзара іс-қимылын бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 03 ақпандағы № 29, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 06 ақпандағы № 45, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті төрағасының 2017 жылғы 07 ақпандағы № 4 н/қ бірлесіп бекіткен бұйрығы, «Мемлекеттік органдардың ұйымдастырушылық даму тиімділігін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 26 қаңтардағы № 25 және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 21 бірлесіп бекіткен бұйрығы.

 Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша ақпараттық технологиялар  бөлімінің лауазымды тұлғаларының өз қалауы бойынша шешімдер қабылдауына, жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде кедергі жасауға ықпал ететін жағдайлар, нормативтік-құқықтық актілерді өз еркінше түсіндіруге әсер ететін құқықтық олқылықтар анықталмады.  Дискрециялық өкілеттіктер мен нормалардың болуы анықталған жоқ.

«Бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша мүдделер қақтығысы,   басшымен аффилиирленген бөлім қызметкерлерінің болуы фактісі анықталған жоқ, бөлім қызметкерлері тұрақты жұмыс істеуде, кадрлар тұрақсыздығы жоқ, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шектеулер мен тыйым салуларды бұзушылықтар анықталған жоқ. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде   бөлімде 1 бірлік бөлім басшысы, 1 бірлік бас инспектор, 1 бірлік бас маман және 2 бірлік техникалық қызметкер болды. Кадрлар тұрақсыздығы жоқ.      

Ақпараттық технологиялар бөлімі ақпараттандыру және ақпаратқа қол жеткізу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады. Осыған байланысты бөлім қызметкерлері мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының ақпаратпен толығуына оларды күтіп ұстау бойынша талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізуге құқылы, ақпараттық жүйелер және ресурстардың бірлесуін іске асырады,   ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мониторингін,  «электрондық үкімет» ақпараттандыру объектілерін қорғау және қауіпсіз жұмыс істеуін жүзеге асырады.      Облыстық басқармалар мен қала, аудан әкімдіктері сайттарын тексеру  Интернет арқылы қашықтан жүзеге асырылады, мемлекеттік органдардағы орындаушылармен өзара іс-қимыл «жеке» жүрмейді, осыған байланысты сыбайлас жемқорлық қаупі аз

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратында 2017 жылғы  26-30 маусым аралығында жүргізген тексеру шеңберінде,     тілдер туралы заңнаманы сақтау мәселесі тексерілді. Тексеру актісінде облыс әкімінің сайты  жөнінде ескертулер болған жоқ.  

2017 жылғы аттестаттау нәтижелері бойынша ақпараттық технологиялар бөлімінің барлық қызметкерлері лауазымдарына лайық деп танылды. 

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар  

Мерзімдері 

Бақылау, тексеру, бағалау іс-шараларын жүзеге асыру кезінде бөлім қызметкерлерінің өз міндеттерін атқаруына ішкі бақылау ұйымдастыру жөнінде ұсыныс енгізу 

 2017 жылғы желтоқсан

 Ұйымдастыру-инспекторлық бөлімімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау бойынша  2016 жылғы 2-жартыжылдыққа арналған  материалдар ұсынылған.  


Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама 

 Өскемен қаласы                                                                         2016 жылғы 14 желтоқсан 

          2016 жылғы 6 желтоқсандағы  № 368 бұйрық негізінде жұмыс тобының құрамы: жұмыс тобы басшысы Б.Х.Зәкәриянова, жұмыс тобы мүшелері А.М.Ауғанбаев, Р.Н.Әспенбетова, Б.К. Әшімов, Н.М.Баженова, М.В. Гагарина, А.Б.Сағидолдин, В.Р.Хуснуллинамен облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімі, Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығына қатысты «бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» және «бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыттары бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

 ұйымдастыру-инспекторлық бөлімі бойынша 

         «Бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша: 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы  заңы, «Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің регламентін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 66 қаулысы, облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімі әкімнің бас инспекторы жұмысын ұйымдастыру тәртібі туралы» 2014 жылғы 14 маусымдағы №198 бұйрығы зерделенді.

Жүргізілген талдау нәтижесі бойынша ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің лауазымды тұлғаларының өз қалауы бойынша шешім қабылдауына ықпал ететін, жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруда кедергі жасауға ықпал ететін жағдайлар, нормативтік құқықтық актілерді өз бетімен түсіндіруге мүмкіндік беретін құқықтық олқылықтар анықталған жоқ. Дискрециялық  өкілеттіліктер мен нормалардың болуы анықталған жоқ.     

«Бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша  бөлім қызметкерлерінің басшымен мүдделер шиеленісі, теріс түсінік деректері анықталған жоқ, бөлім қызметкерлері орнықты жұмыс істеуде, кадрлардың тұрақтамауы жоқ, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шектеулер мен тыйымдарды бұзушылықтар анықталған жоқ.   Тексеру кезінде бөлімде 16-дан 3 бос орын (соның ішінде бөлім басшысының бос орны).

         Бөлім мемлекеттік қызметтер көрсетпейді. Бақылау функциясы облыс әкімі қызметін ұйымдастыру шеңберінде іске асырылады («Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы 38 бабы 1 тармағы: басшылықтың ағымдағы тапсырмаларын бақылау, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау,  жетекшілік ететін өңірлерде барлық бағыттар бойынша жағдайларға бақылау жасау. Осы мақсатта жергілікті атқарушы органдардан материалдар, құжаттар сұратылады, көшпелі тексерулер, облыс әкімінің жұмыс сапарларын ұйымдастыру және өткізу, Елбасының актілері мен тапсырмаларының, бағдарламалық құжаттардың орындалуына бақылау жасау.

         Ұйымдастыру-инспекторлық бөліміне қатысты 2016 жылғы 11 айда  тексеру жүргізілген жоқ.

         2016 жылғы 11 айда  облыс өңірлеріне 9 іссапар, соның ішінде  жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша – 6, облыс басшылғының тапсырмасы бойынша – 3 іссапар жасалды. Сапар нәтижелері бойынша өтініш иелеріне жауаптар берілді, қызметтік, талдамалық жазбалар дайындалды.

         Бөлім жергілікті атқарушы органдарға қатысты  қызметтік, еңбек және басқа атқарулышық өзара байланыс жүргізеді.  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы 27 бабы 1 тармағы 1) тармақшасы, 29 бабы 1 тармағы 1-1) тармақшасы, 38 бабы аясында жүргізіледі.

         Сонымен бірге, бақылау функцияларын жүргізудің сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар, өңірлерге шығып, тексеру жүргізу, талдамалық анықтамалар жасау, субъективті сипатта болуы мүмкін, осыған байланысты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің қызметкерлері 2014 жылғы 14 маусымдағы № 198 бұйрықпен қол қойып, танысады, біліктіліктерін жоғарылатады. 

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұсынымдар

Мерзімдері

сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін жоғарылату, сыбайлас жемқорлық стандарттарын қадағалау бойынша жұмыстарды жалғастыру

тұрақты

          Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы бойынша 

         «Бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша: 

         Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» 2008 жылғы 20 қазандағы, «Қазақстан Ассамблеясының (2025 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы  № 148 Жарлығы «Қазақстан халқы Ассамблеясы  ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 7 қыркүйектегі  № 149 Жарлығы зерделенді.

         Жүргізілген талдау нәтижесі бойынша мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөлімінің лауазымды тұлғаларының өз қалауы бойынша шешім қабылдауына ықпал ететін, жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруда кедергі жасауға ықпал ететін жағдайлар, нормативтік құқықтық актілерді өз бетімен түсіндіруге мүмкіндік беретін құқықтық олқылықтар анықталған жоқ. Дискрециялық  өкілеттіліктер мен нормалардың болуы анықталған жоқ.    

«Бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша  бөлім қызметкерлерінің басшымен мүдделер шиеленісі, теріс түсінік деректері анықталған жоқ, бөлім қызметкерлері орнықты жұмыс істеуде, кадрлар тұрақсыздығы жоғары емес, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шектеулер мен тыйымдарды бұзушылықтар анықталған жоқ.  

         Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет көрсетуге қатыспайды. Сонымен бірге бөлім мемлекеттік қызмет көрсету саспасына мониторинг жүргізу жолымен бақылау-қадағалау функцияларын іске асырады.    Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы облыс басшылығы атынан мемлекеттік этносаясатты іске асыруға және мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен өзара байланысты іске асыруға, қазақстандық біртұтастықты нығайтуға және сақтауға, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеяны қоғамда танытуға және басқа функцияларды іске асыруға қатысады. бақылау функциясы жоқ.

          Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығына қатысты 2016 жылғы 11 айда  тексеру жүргізілген жоқ.

         Персоналды басқару қызметі, мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімдері 2016 жылғы 1 жартжылдыққа  анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша іс-шараларын орындау туралы материалдар ұсынды.

      

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама 

Өскемен қаласы                                                                                                                                                 2016 жылғы 30 маусым 

 

 2016 жылғы 23 маусымдағы  № 187 бұйрық негізінде жұмыс тобының құрамы: жұмыс тобы басшысы Б.Х.Зәкәриянова, жұмыс тобы мүшелері А.А.Ауғанбаев, Р.Н.Әспенбетова, Б.К. Әшімов, Н.М.Баженова, М.В. Гагарина, А.Б.Сағидолдин, В.Р.Хуснуллинамен облыс әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі, мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөлімдеріне қатысты «бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» және «бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыттары бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

 Персоналды басқару қызметі бөлімі бойынша 

 «Бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша: 

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексі,    «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңы,  «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы    Заңы,    «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығы,   «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы»  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығы,  «Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) туралы үлгілік ережені бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 14 бұйрығы, «Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің регламентін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 66 қаулысы зерделенді.

Жүргізілген талдау нәтижесі бойынша персоналды басқару қызметі бөлімінің лауазымды тұлғаларының өз қалауы бойынша шешім қабылдауына ықпал ететін, жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруда кедергі жасауға ықпал ететін жағдайлар, нормативтік құқықтық актілерді өз бетімен түсіндіруге мүмкіндік беретін құқықтық олқылықтар анықталған жоқ. Дискрециялық  өкілеттіліктер мен нормалардың болуы анықталған жоқ.     

«Бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша  бөлім қызметкерлерінің басшымен мүдделер шиеленісі, теріс түсінік деректері анықталған жоқ, бөлім қызметкерлері орнықты жұмыс істеуде, кадрлардың тұрақтамауы жоқ, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шектеулер мен тыйымдарды бұзушылықтар анықталған жоқ.  

Бөлім мемлекеттік қызметтер көрсетпейді. Бақылау функциясы облыс әкімі аппараты ұжымы ішінде қызметкерлердің еңбек тәртібін, этика нормаларын сақтауын бақылауға қатысты іске асады, бұл функция өзге жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғамайды. 

2016 жылғы ақпанда Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Шығыс Қазақстан облысының персоналды басқару қызметінің  қызметіне қатысты   тексеру  жүргізді (Қазақстан Республикасының тексерілетін  өзге мемлекеттік органдары қатарында). Облыстың персоналды басқару қызметтеріне ұсынымдарда кадрлар ауысуы өсуінің себептерін анықтау және оны азайту жөнінде кешенді іс-шаралар әзірлеу қажеттілігі көрсетілген болатын.  Тексеру нәтижесі жөніндегі қызметтік жазбада Шығыс Қазақстан облысында бос орындарға уақытылы орналастыру жұмысы тиісті деңгейде жүргізілмейтіні көрсетілген. Атқарылған жұмыстар туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіне 2016 жылғы 1 тамызға дейін ұсынылуы тиіс.        

Облыс әкімі аппаратында 15 бірлік бос орын санының болуы   (басым бөлігі ішкі аудит қызметінде – 9) әлеуетті сыбайлас жемқорлық тәуекеліне ұшыратады. Ішкі аудит қызметі а.ж. сәуірде облыс әкімінің 2016 жылғы 14 сәуірдегі № 99 қаулысымен құрылған болатын. Біліктілік талаптарының жинағы аппарат басшысы м.а. 2016 жылғы 27 мамырдағы № 66-к бұйрығымен бекітілген.

 

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұсынымдар   

Мерзімдері

облыс әкімі аппаратындағы бос орындар бірлігіне уақытылы орналастыру жөнінде шаралар қабылдау 

2016 жылғы желтоқсан

  Мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөлімі бойынша 

«Бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша: 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңы, «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 16 ақпандағы № 35 бұйрығы,      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 3 желтоқсандағы № 126 бұйрығы зерделенді.

Жүргізілген талдау нәтижесі бойынша мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөлімінің лауазымды тұлғаларының өз қалауы бойынша шешім қабылдауына ықпал ететін, жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруда кедергі жасауға ықпал ететін жағдайлар, нормативтік құқықтық актілерді өз бетімен түсіндіруге мүмкіндік беретін құқықтық олқылықтар анықталған жоқ. Дискрециялық  өкілеттіліктер мен нормалардың болуы анықталған жоқ.    

«Бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша  бөлім қызметкерлерінің басшымен мүдделер шиеленісі, теріс түсінік деректері анықталған жоқ, бөлім қызметкерлері орнықты жұмыс істеуде, кадрлар тұрақсыздығы жоғары емес, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шектеулер мен тыйымдарды бұзушылықтар анықталған жоқ.  

 Мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөлімі қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет көрсетуге қатыспайды. Сонымен бірге бөлім мемлекеттік қызмет көрсету саспасына мониторинг жүргізу жолымен бақылау-қадағалау функцияларын іске асырады.    

 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 16 ақпандағы № 35 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларымен бақыланатын объектілерді іріктеу рәсімдері, тексеру жүргізу шешімдерін қабылдайтын лауызымдық тұлғалардың өкілеттіліктері, текесеру нәтижелерін ресімдеу тәртібі, бақылау іс-шаралары объектілері басшыларының тексеру қорытындысына келіспеген жағдайда жазбаша қарсылық жасауға  құқығы, тексеру объектісі көрсететін мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру мақсатында тексеру нәтижесі бойынша іс-шаралар жоспарын қабылдау мәселелері жеткілікті мөлшерде реттелген. Бақылау функциясын іске асыруда дискрециялық  өкілеттіліктер қарастырылмаған.     

Сонымен бірге, бақылау функциясын іске асыру жоғары тұрған, немесе өкілетті орган тарапынан тексеретін органның өзіне бақылау жоқ жағдайда сыбайлас жемқорлық тәуекелі бар.      

 

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұсынымдар    

 Мерзімдері

бақылау тексеру іс-шараларын жүзеге асыру кезінде бөлім қызметкерлерінің өз міндеттерін орындауына ішкі бақылау ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар енгізу    

2016 жылғы қазан

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 01.07.2016 / 30.11.2017