НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! КОНКУРС! СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ! ТОҚТА!

«ЗУБР» әлеуметтік корпоративтік қоры «Қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік жағдайынқалыптастыру» жобасы негізінде«Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы» Мемлекеттік мекемесінің тапсырысы бойынша ең үздік карикатура конкурсын жариялайды!

Конкурсқа қатысу – бұл салынған сурет арқылы өз ойыңды білдіру, сыбайлас жемқорлық мәселесіне назар аударту мүмкіндігі.
Сыбайлас жемқорлық мәселесіне автордың көзқарасы, оқиғалар, жағдаяттар әзіл-оспақ түрінде, мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жазулармен бірге берілуі мүмкін.

«Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы» ММ тапсырысы бойынша «ЗУБР» ӘКҚ-ның «Қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік жағдайын қалыптастыру» жобасы аясындағы «СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ! ТОҚТА!» карикатуралар конкурсы бойынша конкурстық комиссия мәжілісінің хаттамасы

Күні, айы, жылы: 2009 жылдың 16 қарашасы

Конкурстық комиссия құрамы:

Конкурстық комиссияның төрағасы:
Кулик Виталий Олегович - «ЗУБР» әлеуметтік корпоративтік қорының директоры

Комиссия мүшелері:

  1. Құсайынов Тлеуқабақ Нұрғазыұлы - Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс бойынша бөлімнің бастығы
  2. Аубакиров Савет Жұмағазыұлы – «Нұр Отан» ХДП ШҚ бөлімі төрағасының орынбасары
  3. Жапишева Ләззат Нұрбекқызы – Шығыс Қазақстан өнер мұражайының көркем бөлімінің маманы
  4. Смит Ирина Федоровна – Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы БАҚ ақпараттық саясат және мониторинг бөлімінің бастығы
  5. Бобрышева Ольга Александровна – «АМиДО» ШҚҚ директоры
  6. Черкашин Евгений Станиславович -  «Регион» Баспа үйі ЖШС директоры

Мәжіліс тәртібі:

1. Конкурс нәтижесі туралы ақпараттық хабарлама
2. Жүлделі орындарды анықтау
3. Номинациялар мен жүлделер тізімін бекіту
4. Көрермендердің дауыс беруін тоқтату, қорытынды шығару
5. Жеңімпаздарды марапаттау тәртібі мәселелері. Марапаттау дизайны. Көрмені дайындап көркемдеу.

Конкурс туралы ақпараттық хабарлама

Конкурстық комиссия мүшелеріне барлығы 94 жұмыс баспа түрінде, сондай-ақ  http://www.akimvko.gov.kz/ru/right2d.htm Шығыс Қазақстан облысы әкімі сайтындағы электрондық нұсқасы ұсынылып көрсетілді.

Жүлделі орындарды анықтау

Жалпы дауыс беру арқылы келесі жүлделі орындар тағайындалды:

1-орын – Уколов Павел, Семей қ., «Бюджет» (цифрлы фотоаппарат)
2-орынОрлова Татьяна Филипповна, Өскемен қ., «Тышқан аулағыш»,  «Сауысқан» (ұялы телефон)
3-орын – Абылхалимова Гаухар Қапайқызы (қолайлы DVD ойнатқыш)

Номинациялар мен жүлделер тізімін бекіту

Комиссияның талқылауына номинациялар нұсқалары ұсынылды. Жүлделі орындардан басқа (1,2,3-орындар) келесі номинациялар бекітілді:

  1. Көрермендер ықыласы жүлдесі (Шығыс Қазақстан облысы әкімі сайтындағы дауыс берудің нәтижесі бойынша)
  2. «Ең үздік бала жұмысы» номинациясы (14 жастағылар қоса)
  3. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттегі ең креативті мемлекеттік орган» номинациясы
  4. «Ең үздік корпоративтік жұмыс» номинациясы
  5. «Ең сындарлы карикатура» номинациясы
  6. «Ең өткір сықақ кескіндеме» номинациясы
  7. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттегі оқушылардың белсенді азаматтық көзқарастары» номинациясы

Талқылаудан кейін келесі номинациялар тағайындалды:

«Ең үздік бала жұмысы» номинациясы (14 жастағылар қоса)

1. Отанадзе Цотнэ, 11 жаста, Молодежный кенті, Ұлан ауданы (балаларға арналған іскер ойын)
2. Золотарев Владислав, 14 жаста, «Алма!», Өскемен қ. (балаларға арналған іскер ойын)

«Ең үздік корпоративтік жұмыс» номинациясы – «ШҚО Инструкторлық орталық» АҚ, Өскемен қ., директоры – Шведунова Ирина Михайловна (кофе қайнатқыш)

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттегі ең креативті мемлекеттік орган» номинациясы – «Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ, Өскемен қ. (кофе қайнатқыш). Жұмыстардың жалпы саны – 12.

«Ең сындарлы карикатура» номинациясы – Найман В.Г. «Бір соққымен» (электр шәугім)

«Ең өткір сықақ кескіндеме» номинациясы – Ерофеев Евгений Леонидович, Потапова Наталья Анатольевна, «Жұмысқа бос барып, жұмыстан толтырып қайту», Жаңа Бұхтарма кенті (электр шәугім)

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттегі оқушылардың белсенді азаматтық көзқарастары» номинациясы – «Исток» жеке жалпы білім беру мектебі, Өскемен қ. (сувенир). Жұмыстардың жалпы саны – 12.

Көрермендердің дауыс беруін тоқтату, қорытынды шығару

16 қарашада сағат 9.00-де Шығыс Қазақстан облысы әкімі сайтындағы виртуальды дауыс беру аяқталды. Дауыс беру рейтингісі бойынша жалпы дауыс беру саны – 95 балмен Пильгасова Ксенияның «Сендердің проблемаларың – менің ақшам» атты жұмысы жеңімпаз атанды. Оған  «Көрермендер ықыласы» жүлдесі берілді (Дизайн туралы кітап).

Жеңімпаздарды марапаттау тәртібі мәселелері. Марапаттау дизайны

Комиссияның шешімі бойынша жеңімпаздарды марапаттау 25 қарашада облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы форум аясында өткізілетіні бекітілді. Барлық қатысушылар - мадақтама қағаздарымен, ал жеңімпаздар дипломдармен марапатталады.

 2009 жылдың 16 қарашасы

  1. Кулик Виталий Олегович
  2. Құсайынов Тлеуқабақ Нұрғазыұлы
  3. Аубакиров Савет Жұмағазыұлы
  4. Жапишева Ләззат Нұрбекқызы
  5. Смит Ирина Федоровна
  6. Бобрышева Ольга Александровна
  7. Черкашин Евгений Станиславович

Конкурстық комиссияның хатшысы: Васильева Наталья Александровна

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 22.05.2012 / 22.05.2012