Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет
Ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі 2017 жылғы 8 айға арналған іс-шаралар жоспары
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі  комиссияның қызметі туралы АҚПАРАТ (2017 жылғы 1-тоқсан)
  2017 жылғы 30 мамыр  № 54-ө Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт туралы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның 2017 жылға арналған жұмыс ЖОСПАРЫ  
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ
 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ БАРЛЫҒЫМЫЗ БІРГЕ ЖЕҢЕ АЛАМЫЗ
Сыбайлас жемқорлық әліппесі: парақорлық, немесе «бір медальдің екі жағы»
Басқарушы құрамы бойынша ақпарат 
Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 – 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның 2016 жылға арналған жұмыс ЖОСПАРЫ
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу

 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы 

2016 жылы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы 4 рет, тиісінше   әр тоқсан сайын өткізілді. Комиссия отырыстарында қаралған барлық мәселелер Комиссияның 2016 жылға арналған жұмыс жоспарына сай тыңдалды.   

Мәселелерді қарау барысында облыстың атқарушы және құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, сондай-ақ, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері тыңдалды.  Отырыстар қорытындысы бойынша Комиссия мүшелеріне және барлық мүдделі мемлекеттік органдарға тиісті хаттамалық ұсыныстар жасалынды.    Отырыстар қорытындысы бойынша берілген ұсыныстар туындаған мәселелердің нақты шешімін  беру мақсатында немесе облыстың мемлекеттік органдары жұмысындағы сол немесе өзге сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын кесу мақсатында әзірленді.    

Ағымдағы жылғы төртінші тоқсанда «Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын және билік органдарының сыбайлас жемқорлыққа бейімділік деңгейін халықтың бағалауы» мәселесі жоспардан тыс қаралды. Бұл мәселе ШҚО талдау және болжау институтымен дайындалған болатын.     

Бұл үшін ШҚО талдау және болжау институтымен әлеуметтік зерттеу жүргізілді, оның қорытындысы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын халықтың бағалауына талдау жасалды. Комиссия отырысында, оның мүшелеріне әлеуметтік зерттеу нәтижесінің қорытындысы мен слайдтар ұсынылды, онда облыстың сыбайлас жемқорлыққа бейім мемлекеттік органдары, сондай-ақ, халыққа мемлекеттік қызметтер көрсететін мемлекеттік органдарға      респонденттердің қарым-қатынасы көрсетілді. 

Сондай-ақ, отырыста барынша өзекті мәселелер қамтылған Комиссияның 2017 жылға арналған жұмыс жоспары қаралды және бекітілді.  


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінде 2016 жылғы 22 маусымда облыс әкімінің бірінші орынбасары Н.А. Сақтағановтың төрағалық етуімен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырысқа Комиссияның дербес құрамының мүшелері, өңірдің жұртшылық өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты. Отырыста ағымдағы өзекті мәселелер: «Білім берудің әртүрлі деңгейдегі оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәдениетін қалыптастыру бойынша тәрбие жұмыстары жоспарының орындалу барысы туралы» тыңдалды. Осы мәселе туралы ШҚО бойынша мемлекеттік қызметтер істері департаментінің басшысы – Этика жөніндегі кеңес төрағасы Т.К. Жұмағұлов, сондай-ақ, білім басқармасы басшысының орынбасары А.А. Нұрсейітова баяндама жасады. Келесі мәселе      облыстың мемлекеттік органдарында сыбайлас жемқорлық туындауына жол беретін себептер мен жағдайларды анықтау және барынша азайту (жою) тұрғысынан талдау қорытындыларына арналды. 

Отырыс барысында қоғам мен мемлекеттің қазіргі даму кезеңінде Қазақстанда қабаттасқан жағдайлардың сын-тегеуірініне, оның ішінде сыбайлас жемқорлықтың даму қатеріне сәйкес серпіліс - жалпыазаматтық және ұлттық құндылықтар, отаншылдық негізде өскелең ұрпақта сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәдениетін қалыптастыру жөніндегі шаралар болуы тиістігі ескертілді. Басты мақсат -  «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» деп нық айта алатын ғана емес, оның  көріністеріне қарсы белсене әрекет жасайтын тұлға тәрбиелеу. 

Отырыс қорытындысында осы Комиссия төрағасымен облыстың мемлекеттік органдарындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің профилактикасы мен  оны барынша азайту мақсатында мүдделі мемлекеттік органдарға тиісті хаттамалық тапсырмалар берілді.  


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы

2016 жылғы 30 наурызда облыс әкімінің орынбасары Н.Сақтағановтың төрағалық етуімен  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия отырысы  облыстағы барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың  қатысуымен өтті. 

Отырыста «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жөнінде қабылданған шаралар туралы» мәселе қаралды. Отырыс барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы – Этика жөніндегі кеңес төрағасы Тоқтамыс Қадошұлы Жұмағұлов, сонымен қатар ішкі саясат басқармасы басшысының м.а. Ирина Федоровна Смит тыңдалды. Осы отырыс қорытындысы бойынша  қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөнінде тиісті ұсынымдар  жолданды. 

 

сенім телефондары:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Call-орталығы - 1424

 Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі істер департаменті 8 (7232) 23-43-32 

 Шығыс Қазақстан облыстық прокуратурасы - 8 (7232) 24-32-99

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 15.12.2011 / 21.08.2017