Турсунбаева Забира Каметаевна

Ұлан ауданы
«Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері»

Номинация «Жұмыс істейтін жастардың ең үздік тәлімгері» / «Лучший наставник работающей молодежи»Забира Каметаевна 1959 жылы Ұлан ауданының Екатериновка ауылында туған.

Э.Тельман атындағы орта мектепті 1977 жылы аяқтап, Өскемен қаласындағы педагогикалық институтқа түскен. 1982 жылы аталған институттың филология факультетінің орыс тілі және әдебиет мамандығы бойынша бітіріп шықты.

Ұлан ауданының Қ.Қайсенов атындағы негізгі мектепке мұғалім болып орналасты. Жоғарғы категориядағы ұстаз. Оның оқушылары орыс тілі пәнінен аудандық, облыстық олимпиадалардың жеңімпаздары. 2007 жылы Республикалық ғылыми-тәжірибелік «Современный русский литературный язык в свете Пушкинских традиций» атты конференцияға қатысып «Пушкин и Абай: русско-казахские межкультурные связи» атты баяндама жасады. Бұл баяндамасы Республикалық ғылыми-тәжірибелік материалдар жинағына енгізілді. 2011 жылы Халықаралық ғылыми «Интеграция систем повышения квалификации работников образования стран участников СНГ» тақырыбында Алматы қаласында өткен конференцияда жалпы азаматтық құндылықтардың ата-аналар жиналыстарындағы аспектілері туралы жобаны қорғады. Аудандық білім бөлімінің, аудан әкімінің мақтау қағаздарымен мадақталған.

 

Время истекло

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 11.07.2019 / 11.07.2019