Морозов Сергей Александрович

Өскемен қ.
«Ұлан Өскемен ет-консерві зауытында» ЖШС
«Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері»

Номинация «Жұмыс істейтін жастардың ең үздік тәлімгері» / «Лучший наставник работающей молодежи»05.10.1974 ж. Семей облысы, Жарма ауданының Георгиевка ауылында дүниеге келген.

Білімі жоғары, Өскемен жол-құрылыс институтын тауар тасымалын ұйымдастыру инженері мамандығы бойынша бітірген. Өзінің ет өңдеу өнеркәсібі саласындағы еңбек жолын 10.11.1997 ж. ЖШС «Ұлан Өскемен ет-консерві зауытында» слесарь-жөндеуші болып бастаған, 16.03.1998 ж. техникалық құрал жабдықтарды реттеуші болып ауысқан, ал 16.05.1998 ж. механик қызметіне көтерілген. 01.02.2005 ж. бас механик болып бекітілді, ал 31.05.2012 ж. бастап күні бүгінге дейін ЖШС «Ұлан Өскемен ет-консерві зауытында» бас инженер қызметінде өнімді еңбек етуде. Өзінің жеке кәсіби даярлығын үнемі арттырып, жас мамандармен 20 жылдан артық тәжірбиесімен бөлісіп, жастарға зауыттағы мәселелерді шешуге аянбай көмектеседі. Қоластындағы жас техникалық мамандар да өзі сияқты кәсіпорынның дамуына үлес қосуды көздейді.

Өнегелі отбасының отағасы , бір ұлы бар. Салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақытында футбол ойнағанды жақсы көреді.

Время истекло

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 11.07.2019 / 11.07.2019