Кошпанов Бітімхан Кошпанович

Кошпанов Бітімхан Кошпанович, Зайсан ауданы

«САПА» медициналық орталығының меңгерушісі болып қызмет атқарып жүр.

Кошпанов Битимхан Кошпанович12.02.1947 жылы Зайсан ауданы Көкжыра ауылында дүниеге  келген.

1971 жылы Семей Медициналық институтын тәмамдады.

05.08.1971- 01.01.1972- Зайсан аудандық ауруханасында терапевт дәрігер,

01.01.1972- 1981 ж.ж.- аудандық ауруханада хируг ,

1981-2017 жж аудандық аурухананың хирургия бөлімінің меңгерушісі, бас хирургі болып қызмет атқарды.

 «САПА» медициналық орталығының меңгерушісі болып қызмет атқарып жүр.

 Халықтың қалаулысы – Жандардың жанашыры.

Зайсан өңірінен шыққан, халыққа қалтқысыз қызмет етіп жүрген , туған жеріне деген махаббаты үлкен жүректі, Зайсан тарихында аты алтын әріппен қалатын,  адам жанының арашасысы, ақ халатты абзал жан.

Ауданымыздың мақтанышы, облыс, республикаға белгілі тұлға бірнеше рет халықтың қалаулысы ретінде аудандық , облыстық депутат болған, «Шапағат» медалінің иегері, 2010 жылы «Жыл адамы» атанған, Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай   Отан наградасы «Құрмет» орденінің иегері, ауданның құрметті азаматы, жоғары санатты, алтын қолды дәрігер Қошпанов Бітімхан Кошпанович.

 «Жігітке жеті өнер де аз», дейді халқымыз. Бітімхан аға  талай концерттерге қатысып, сол концерттердің жетекшісі де болған, күй тартып, ән де салады.

 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 18.07.2017 / 01.08.2018