Клименко Людмила Константиновна

Өскемен қ.
«Ұлан Өскемен ет-консерві зауытында»
«Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері»

Номинация «Жұмыс істейтін жастардың ең үздік тәлімгері» / «Лучший наставник работающей молодежи»

16.01.1975 ж. Өскемен қаласында дүниеге келген.

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ технолог-менеджер мамандығы бойынша бітірген.

Ет өңдеу өнеркәсібі саласындағы еңбек жолын 02.02.1999 ж. ЖШС «Ұлан Өскемен ет-консерві зауытында» консерві цехының жұмысшысы болып бастаған. Сосын балық цехына балық шикізатын тазалаушы болып ауысқан. 04.04.2003 ж. балық цехының мастеры болып жоғарылады.19.04.2005 ж. консервы цехының бастығы болып тағайындалды және күні бүгінге дейін осы қызметті абыроймен атқарып жүр. 20 жылдық еңбек өтілі барысында Людмила Константиновнаның ақжүрек, сенімді, әділ мінезі барынша танылып, ұжымдағы адамдардың толық сеніміне ие болды. Бұл жас мамандарды кәсіби үйрете алатын жетекші-басшының басты қасиеттерінің бірі. Қол астында еңбек ететін жастармен ол көпжылдық тәжірбиесімен тікелей жұмыс орнында бөлісіп, кейінгі буынға білгенін үйретуден жалықпайды.

Тұрмыста, екі баланың анасы. Бос уақытында отбасымен табиғат аясында демалғанды, балық аулауды саңырауқұлақ жинауды жаны сүйеді. Жаратылысынан жүрегі жұмсақ жан жануарларды күтуді, оларға қамқор болуды жақсы көреді.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 16.07.2018 / 11.07.2019