Ләззат Бәженқызы Қажаева

Ләззат Бәженқызы Қажаеваның өмірбаяны

Кажаева Ляззат БаженовнаЛәззат Бәженқызы 1950 жылы 7 қарашада дүниеге келді, ол Қызыл Жұлдыз ауылының тумасы. Мектеп бітіргеннен кейін, ол Семей педагогикалық институтының тарих факультетін бітірді.

Педагогика саласындағы алғашқы қадамын Ләззат Бәженқызы қазіргі Ақмарал ауылындағы сегізжылдық мектепте бастады.

Ләззат Бәженқызы содан бері Большенарым ауылдық лицейінде ұстаздық етуде.

Тарих пен қоғамтану пәнінің оқытушысы Ләззат Бәженқызы Қажаева  40 жылдан астам өмірін ұстаздыққа арнады. «Білім саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен және «Жоғары кәсіби шеберлігі және Қазақстан Республикасының игілігі жолындағы қажырлы еңбегі үшін» Дипломымен марапатталды.

Өзінің еңбек жолындағы бұл кезеңді ол ең бір жемісті жылдар деп есептейді. Оның оқушылары республикалық, облыстық олимпиадалар мен конференцияларда Қазақстан тарихы бойынша жүлделі орындарды иеленуде. Жоғарғы оқу орындарының студенттері атанғанда да олар лицейде оқыған жылдарда өздеріне дәріс берген ұстаздарының жолын қуып, зерттеу жұмыстарын жалғастыруда. Ләззат Бәженқызы зор тәжірибесі мен білім саласының дамуына қосқан үлесі елеусіз қалмады. Оған бірқатар марапаттаулар табыс етілді. Олар - Қазақ КСР білім беру Министрлігінің Құрмет грамотасы, облыс және аудан әкімдерінің   Құрмет грамоталары, облыстық білім беру департаментінің Алғыс хаттары.

Ләззат Бәженқызы ауданда талантты ақын ретінде де танымал. 2011 жылы, Шығыс Қазақстан облысында алғаш рет Ұстаздар күні құрметіне «Ұстаздар туралы үздік ән авторы» конкурсы жарияланғанда, ол облыс әкімінің Грантын иеленді. Бұл конкурсқа ол «Ұстаз деген - ұлылық» өлеңін ұсынды.

Ләззат Бәженқызында 2012 жылы «Сезім толқындары» атты алғашқы өлеңдер жинағы шықты. 2014 жылғы 19 қыркүйекте Тілдер күні қарсаңында «Тілдер шеруі» айлығы аясында аудандық мәдениет үйінде осы кітабының тұсау кесері өтті.

Сондай-ақ, Ләззат Бәженқызы ауданның 80-жылдығы жылдығына байланысты жарияланған сайыста аудан әнұранын жазып,  оның авторы атанды. Осылайша, оның  есімі аудан тарихына енді.

Жұбайы  Оралғазы Мәуітұлымен төрт бала тәрбиелеп, өсірді.

 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 18.07.2017 / 01.08.2018