Емельянов Александр Викторович

Зыряновск қ.
«Бұқтырма цемент компания» ЖШС

Номинация «Жұмыс істейтін жастардың ең үздік тәлімгері» / «Лучший наставник работающей молодежи» 1968 ж.т.

Семей геологиялық барлау техникумын бітірді, «Пайдалы қазбалардың кен орындарын барлау техникасы» мамандығы, тау-кен техник-барлаушы.

Александр Викторович Емельянов - «Бұқтырма цемент компания» ЖШС «Помол» цехының шикізатын тасымалдау және дайындау учаскесінің бастығы. Ең үздік еңбек әулеттерінің жарқын өкілінің бірі болып табылады. Компанияда 26 жыл өтілі бар және Емельяновтар әулетінің еңбегін жалғастыруда. Әкесі, Виктор Сергеевич Емельянов, 1941 ж.т., «Помол» цехының кешенді бригадада слесарь ретінде еңбек жолын бастады, әрі қарай Жөндеу-Механикалық цехтың инженер - технолог ретінде жұмысын жалғастырды, бұдан әрі 1997 жылға дейін еңбек және шаруашылық есептер бойынша аға экономист ретінде зейнеткерлікке шыққанға дейін жұмыс істеді.

Анасы, Галина Михайловна Емельянова, 1943 ж.т., «Зертхана» цехында сынама алушы ретінде, 1996ж дейін - зейнеткерлікке шыққанға дейін «Зертхана» цехында химиялық талдаудың инженер- лаборанты болып жұмыс істеді. Ұлы, Сергей Викторович Емельянов, 1989 ж.т., 2016ж дейін жөндеу-механикалық цехтың слесарь - жөндеуші, содан кейін Зауыт басқарудың инвестициялық бөлімінің инженер-механигі болып жұмыс істейді.

Александр Викторович Емельянов жоғары білікті маман, өзінің еңбек қызметі жылдарында адал, ұқыпты жұмысшы, жауапты және білікті басшы ретінде өзін көрсете білді. Оның басшылығымен учаскесі тұрақты түрде жоспарланған тапсырмаларды орындау бойынша жоғары нәтижелерге қол жеткізеді. Мінезі бойынша салмақты, қатты. Ол жұмыс процесін оңтайлы түрде ұйымдастыра алады, қызметкерлерді тапсырмаларды орындауға бейімдей алады. Оқытушылық қызметке үнемі тартылады, жас ұрпақтың тәлімгері болып табылады.

 

Время истекло

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 18.07.2017 / 11.07.2019