Дроздова Надежда Дмитриевна

Курчатов қ.
Курчатов қ. білім бөлімі
«Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері»

Номинация «Жұмыс істейтін жастардың ең үздік тәлімгері» / «Лучший наставник работающей молодежи» Білімі: жоғары, «Мектепке дейінгі педагогика және психология»мамандығы бойынша Н. Крупская атындағы Семей педагогикалық институтын бітірген.

Жұмыс тәжірибесі: 15.10.1984 ж. - 14.04.1995 ж. – Білім бөлімінде қалалық әдістемелік кабинетке мектепке дейінгі тәрбие бойынша әдіскері; 15.04.1995 -28.02.1997 ж. ж. – білім бөлімінің жетекші маманы. 19.03.1997 ж. - 12.05.1997 ж. - әкім аппаратының жалпы бөлімінің меңгерушісі; 30.12.1999 ж. – 30.11.2003 ж. - Курчатов қаласы әкімі аппаратының басшысы лауазымына ауыстырылды; 01.12.2003 ж. – Курчатов қаласының мектеп – балабақша ММ директоры; 01.10.2011 ж. – қазіргі уақытта қосымша білім беру бойынша әдіскер.

Дроздова Надежда Дмитриевна кәсіби қызметте үлкен тәжірибесі бар. Қосымша білім беру ұйымының жұмысында кәсібилік пен дамуға ықпал етеді, қосымша білім беру педагогтарының жұмыс тәжірибесін жинақтайды және таратады. Спортпен айналысу, балалардың шығармашылық дамуы және балалардың, жасөспірімдердің және Курчатов қаласының тұрғындарының салауатты өмір салтын жүргізуіне ерекше көңіл бөледі. Нәтижесінде, Курчатов қаласының музыкалық мектебі Қазақстан Республикасында қызмет пен жұмыс бойынша 3 орын алды.

Еңбек марапаттары, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамоталары, ҚР Кәсіподақ облыстық комитетінің Құрмет грамотасы, ШҚО және Курчатов қаласы әкімінің Құрмет грамоталары, ШҚО білім басқармасының және Курчатов қаласының білім бөлімінің Құрмет грамоталары, Қазақстан Республикасының 20 жылдығына, Нұр Отан партиясының 20 жылдығына, комсомолдың 100 жылдығына арналған медалі бар.

Бос уақытында табиғатпен қарым-қатынас жасауды, саяжайда жұмыс істеуді, гүл өсіруді, эксперимент жасауды ұнатады.

 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 18.07.2017 / 11.07.2019