Чегибаева Газиза Кайсиновна

Бесқарағай ауданы
«Үлкен Владимировка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші санатты тарих пәнінің мұғалімі, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары
«Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері»

Номинация «Жұмыс істейтін жастардың ең үздік тәлімгері» / «Лучший наставник работающей молодежи» Чегибаева Газиза Кайсиновна 17.01.1980 жылы туған, М.Әуезов атындағы Семей университетін тәмамдаған.

Жұмыс орны - Үлкен Владимировка орта мектебі, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, бірінші санатты тарих пәнінің мұғалімі.

Аудандық аналар алқасының, Бесқарағай ауылдық округінің әйелдер кеңесінің, № 442 сайлау учаскелік комиссиясының мүшесі. Жыл сайын мектебімізде жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған, патронатқа алынған және аз қамтылған отбасылардан шыққан 100 балаға арналып өткізілетін аудан әкімінің шыршасын ұйымдастырушысы. Шәкірттері аудандық, облыстық және республикалықолимпиадалардың және республикалық және халықаралық интеллектуалдық сайыстардың жеңімпаздары: Семей қаласының білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының құрмет грамотасымен, «Нұр Отан» ХДП Бесқарағай аудандық филиалының төрағасының алғыс хатымен, Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының алғыс хатымен марапатталды.

Жолдасы екеуі мектеп аудан белсенділері, қоғамдық жұмыстарда үнемі алдыңғы қатарда табылады.

Ата-ана жанында, төрт баланың анасы. Балалары тәрбиелі, жан-жақты.

 

Время истекло

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 11.07.2019 / 11.07.2019