Чегибаев Ерлан Маратович

Бесқарағай ауданы
«Үлкен Владимировка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жоғары санатты технология, бейнелеу өнері және сызу мұғалімі
«Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері»

Номинация «Жұмыс істейтін жастардың ең үздік тәлімгері» / «Лучший наставник работающей молодежи» Чегибаев Ерлан Маратович 1971 жылы 9 мамырда Семей облысының Бесқарағай ауданының Семияр ауылында дүниеге келді.

Жалпы жұмыс өтілі - 25 жыл.

Чегибаев Ерлан Маратович 1993 жылы Шәкәрім атындағы педагогикалық институтын «Технология, сызу, бейнелеу өнері пәндерінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1993 жылы «Үлкен Владимировка орта мектебі» мемлекеттік мекемесіне жұмысқа қабылданды. 2015 жылы санатты технология, сызу, бейнелеу өнері пәндерінің мұғалімі біліктілік санаты берілді. Ерлан Маратович осы мектепте жұмыс жасағаннан бастап өз мамандығын жанындай сүйетін, үнемі ізденіс үстінде жүріп, шығармашылықпен жұмыс жасайтын, жаңа педагогикалық технологияларды тиімді пайдаланатын білікті ұстаз дәрежесіне көтеріліп отыр. Өзі жүргізетін сыныптардың оқушылары үнемі аудандық,облыстық,халықаралық олимпиада,конкурстарға, ғылыми жобаларға қатысып жүлделі орындарға ие болды. Өзін жөғары дәрежеде көрсете білді, жұмыс нәтижесі бойынша облыс білім басқармасының, аудан әкімінің, аудандық білім бөлімінің, мектеп әкімшілігінің, мектептің кәсіподақ мүшесі ретінде бірталай грамоталарының иегері. Ерлан Маратович ұстаз ретінде де үнемі біліктілігін арттырып жүреді. Мысалы 2017 жылы мектеп тренері жүргізген «Тәжірибедегі рефлексия» толық курсын бітірді, Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігінарттырудың «ҚР орта білім мазмұнын жаңартылған шеңберінде «Көркем еңбек» пәні бойынша біліктілігін арттырды.

Мұғалім жетістіктері:
1. 2010 ж.- ШҚО білім басқармасының грамотасы;
2. 2012 ж, 2016 ж.-«Шығармашыл адамдар форумы» аудан әкімінің грамотасы;
3. 2014 ж.- аудандық шығармашылық Үйінің грамотасы;
4. 2014 ж., 2015 ж.- Халықаралық ғылыми практикалық конференцияға оқушыларды дайындағаны үшін Семей колледжі директорының алғыс хаты;
5. 2015 ж. – «Үздік бейнелеу өнері мұғалімі» - 1 орын, аудандық білім бөлімінің грамотасымен марапатталды;
6. 2015 ж.- «Үздік бейнелеу өнері мұғалімі» - 2 орын, облыстық білім басқармасының грамотасымен марапатталды;
7. 20.09 - 05.10.2018 ж. - ШҚО біліктілікті арттыру нститутының 70 жылдығына арналған облыстық «Үздіксіз даму - мұғалімнің педагогикалық шеберлігінің негізі» атты үздік шығармашылық эссе байқауы

Ерлан Маратович адам ретінде де жан-жақты дамыған дара тұлға: білікті, білімді, жаңа форматтағы ұстаз, осындай дамылсыз ізденісі, өзіне де, өзгеге де биік талап қоя біледі. Оқу тәрбие ісінде жаңа әдістер мен жолдарды іздестіру арқасында ол үздік мұғалімдер қатарында танылып, ауылдастары, әріптестері және оқушылар арасында үлкен сый-құрметке ие болды. Отбасылы, төрт бала тәрбиелеп отырған мейірімді,қамқоршы әке.

 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 11.07.2019 / 11.07.2019