Берстембаев Бек Айтқалиұлы

Семей қ.
«Семей Водоканал» КММ
«Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері»

Номинация «Жұмыс істейтін жастардың ең үздік тәлімгері» / «Лучший наставник работающей молодежи»Берстембаев Бек Айтқалиұлы - 1960 жылы 27 ақпанда Семей қаласында дүниеге келген.

Білімі орта. 1973-1980 жж. аралығында Кеңес әскері қатарында әскерде болды.

Еңбек жолын 1983 жылы жүк көтеруші болып бастады. 2003 жылдан бері Семей қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында жұмыс істейді. 2013 жылдың маусым айынан бастап сол жағалау сумен жабдықтау «Семей Водоканал» КММ желілерінің шебері лауазымын атқарады. Қызметкерлерді оқытуға қатысады және жастарға тәлім береді. Жалпы жұмыс өтілі 16 жылды құрайды. Берстембаев Бек Айтқалиұлы жұмыс уақыты кезеңінде өзін ұқыпты, тәртіпті ынташыл адам ретінде көрсете білді. Өзінің жұмысына аса жауапкершіліпен қарайды. Жұмысын жоғары дәрежеде атқарады. Басшылықпен, төмен лауазымды қызметкерлерге тәлімгер ретінде, барлық жұмыс уақытда өте жақсы бағаға жұмыс атқарды. Өзіне бағынышты жұмыскерлермен және әріптестерімен қарым-қатынаста ұқыптылығмен, сыпайылығымен ерекшеленеді, сонысымен ұжымда құрметке ие.

Кикілжің жағдайда бейбіт жолмен шешуге дайын, ұстамды және мейірімді. Жағымсыз әдеттері жоқ. Өмірлік бағыт-бағдары дұрыс. Ұжымдағы қоғамдық жұмысқа белсене араласады. Бірнеше рет ақшалай сыйлықтармен және алғыс хаттармен мадақталды.

Үйленген, екі ұлы бар.

 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 18.07.2017 / 11.07.2019