Белов Анатолий Иванович

Семей қ.
«АЭС Шүлбі ГЭС» ЖШС электр цехінің электр станциялары жабдықтарын жөндеу бойынша электр слесарі
«Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері»

Номинация «Жұмыс істейтін жастардың ең үздік тәлімгері» / «Лучший наставник работающей молодежи»Белов Анатолий Иванович – 27.04.1958 жылы туған, 1976 жылы Павлодар кәсіптік техникалық училищесі политехникалық еңбек жалпы орта білім беретін мектебін бітірді. Еңбек жолын 1979 жылдың наурыз айында бастады: Жалпы еңбек өтілі-40 жыл, оның ішінде "АЭС Шүлбі ГЭС" ЖШС еңбек өтілі 25 жылды құрайды.

Марапаттаулар туралы мәліметтер:
• 20.12.1991 ж. Павлодар қ. "Электростроймонтаж" монтаждық басқармасынан Энергетика күніне орай жұмыстағы жетістіктері үшін құрмет грамотасымен марапатталды
• 2014 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығының "Қазақстан Республикасының Құрметті Энергетигі" атағымен марапатталған

Анатолий Иванович Шүлбі ГЭС-дағы өзінің жұмысы кезінде өзін ынталы, тәртіпті және ұқыпты және бөлшектерге зерделі адам, өз ісінің маманы ретінде көрсете білді. Өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарайды, өз жұмыстарын уақытылы және сапалы орындайды. Әріптестерімен қарым-қатынаста мұқияттылығымен, әдептілігімен ерекшеленеді, осы үшін ұжымда құрметті. Өз-өзіне және айналасындағыларға талапшыл, кез-келген жағдайға сөзімен және ісімен көмектесуге дайын, қайырымды және байсалды. Дұрыс өмірлік басымдықтар мен бағдарларға ие. Станция ұжымының қоғамдық өміріне қуана-қуана қатысады. Шүлбі ГЭС-да еңбек кезеңде А.И. Белов Электр цехының көптеген жаңа электр слесарларын еңбек жолына тәрбиеледі және бағыттады. Анатолий Иванович тәлім берген олар өздерінің кәсіби деңгейлерін көтерді, олардан 2-еуі Электр цехының электр жабдықтарын жөндеу бойынша шеберлерге дейін өсті. Анатолий Ивановичтің шәкірттері – электр слесарлар Шүлбі ГЭС-да, сондай-ақ Қазақстан және Ресей электр энергетикасы саласындағы кәсіпорындарда еңбек етуде. Анатолий Иванович өзін жетілдіруде, сондай-ақ қосалқы станциялар мен электр станцияларының электр жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу бойынша өз білімдерін цех бойынша әріптестеріне үйретеді

Время истекло

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 18.07.2017 / 11.07.2019