Абдракеева Майра Шакирқызы

Риддер қ.
«Риддер арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ
«Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері»

Номинация «Жұмыс істейтін жастардың ең үздік тәлімгері» / «Лучший наставник работающей молодежи» 1984 жылы Семей медициналық училищесін бітірген. 1995 жылы Семей мемлекеттік университетін «Емдеу ісі» мамандығы бойынша тәмамдаған. Жалпы еңбек өтілі – 39 жыл, медициналық еңбек өтілі – 35 жыл, директордың орынбасары қызметі – 15 жыл 10 ай, 2014 жылдан бері директордың әлеуметтік жұмысы бойынша орынбасары.

2007 жылдан бастап «Нұр-Отан» партиясының мүшесі. ШҚО ЖҚ ӘБҮБ «Риддер арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ кәсіподақ комитетінің төрайымы.

Марапаттары: 2018 жылы «Әлеуметтік еңбек ісінің үздігі» медалімен марапатталған, 2009 жылы «ҚР Құрмет грамотасы» берілген, 2017 жылы Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күнінің құрметіне ШҚО Әкімінің грамотасымен марапатталған, 2005 жылы ШҚО ЖҚ ӘБҮБ «Риддер арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ әкімшілігінің және кәсіподақ комитетінің алғыс хатымен марапатталған, 2002 жылы қала Әкімінің Медицина қызметкерлері күні қарсаңындағы алғыс хатымен марапатталған, 2017 жылы қала Әкімінің орынбасарының тілдерді дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хатымен марапатталды.

Қосымша білік дағдылары: өз қалауын жақсы білу, ұйымдастыра білу.

Жеке қасиеттері: жауапкершілігі мол, бастамашыл, жетістікке жетуге құлшынысты, жұмыстың жаңа әдіс-тәсілдерін қарастыру, мақсат қоя білу.

Хоббиі: саяхаттау, кітап оқу, табиғат аясында демалу.

 

Время истекло

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 18.07.2017 / 11.07.2019