Әлібекова Назерке Айдынқызы

«Риддер арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ
«Өндірістің үздік жас маманы»

Номинация «Өндірістің үздік жас маманы»2016 жылы Семей қаласындағы «Бизнес колледжі» КМҚК бітірген. 2017 жылдан бастап ҚАЕУ-де психолог мамандығында оқиды. 2019 жылы «Мүгедектігі бар балалармен және он сегіз жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар адамдармен және олардың отбасымен жұмыс істеудегі әлеуметтік қызметкердің біліктілігін арттыру» сертификатын алған. 2017 жылдан бастап, ШҚО Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Риддер арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-де әлеуметтік жұмыс бойынша маман қызметін атқаруда. Мекеменің үздік қызметкері.

Дағдылары: ДК еркін қолданушысы, өз-өзін жетілдіреді.

Жеке қасиеттері: шығармашылық ойлау қабілеті бар, жауапкершілігі жоғары және жақсы тіл табысады, ұжыммен жұмыс жасай алады, эмоционалды тұрақты.

Хоббиі: кітап оқу, музыка тыңдау, серуендеу.

 

 
Время истекло

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 18.07.2017 / 10.07.2019