Шөкен Мөлдір Серікқанқызы

«Өндірістің үздік жас қызметкері»

Номинация «Өндірістің үздік жас маманы» / «Лучший молодой работник производства»27.11.1994 жылы ШҚО, Күршім ауданы, Қыстау-Күршім ауылында дүниеге келген.

Білімі орта арнайы, Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжін «Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын Шемонаиха қ. «Ақбота» бөбекжай-балабақшасы» КМҚК балабақшасының тәрбиешісі болып бастады және қазіргі таңда сол жерде жұмыс жасайды.Жұмыс жасаған кезеңде мекемеде Мөлдір өзін балаларға ақылды, жауапты, мейірімді, ұқыпты қызметкер ретінде көрсете білді, балаларды қызықтыра және еліктіре біледі. Шемонаиха ауданы әкімінің «Мектепке дейінгі білім беру саласына өз үлесін қосқаны үшін» грамотасымен марапатталды, сонымен қатар мектепке дейінгі жастағы балалардың шығармашылық жобалары бойынша аудандық және облыстық сайыстарда 1-орын алғаны үшін мадақтау қағазы бар.

Бос уақытында таза ауада серуендейді, тағам дайындағанды жақсы көреді, көлік жүргізумен айналысады, би билегенді жақсы көреді.

 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 11.07.2019 / 11.07.2019