Нуржанов Ерлан Бахтыбекұлы

Нуржанов Ерлан Бахтыбекұлы, Курчатов қ.  – өндірістің үздік жас маманы

«Байкал-1» зерттеу реакторлары кешенінің эксперименттерді дайындау және жүргізу қызметінің 2 санатты инженері,2013 жылдың қазан айынан бастап жұмыс істейді.

Е.Б. Нуржанов 1991 жылы 21 наурызда Аягөз қаласында дүниеге келген. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде оқыды. Ядролық-энергетикалық қондырғылар бағыты бойынша «Техникалық физика» мамандығының бакалавр академиялық дәрежесін алды. «ИВГ.М зерттеу реакторының динамикалық үдерістері» тақырыбындағы диплом жобасын үздік қорғады.

Ерлан Бахтыбекұлы өзінің еңбек жолын Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Атом энергиясы институты» филиалының «Байкал-1» зерттеу реакторлары кешенінің эксперименттерді дайындау және жүргізу қызметінің инженеріболып бастады.

2016 жылы 2 санатты инженер лауазымына ауыстырылды. Регламенттік (эксперименттік) жұмыстарды жүргізу кезінде ауысым бастығының көмекшісі болып табылады, оның міндетіне іске қосу жұмыстарын ұйымдастыру және ИВГ.1М зерттеу реакторының жүйелеріне жауаптылардың әрекетін үйлестірукіреді. ИВГ.1М зерттеу реакторында жүргізілетін барлық жұмыстардың қатысушысы.

Қазіргі сәтте, мақсаты жоғары байытылған уранды пайдалануды азайту және жаппай жою қаруын жасау үшін пайдаланылуы мүмкін болатын бөлінетін ядролық материалдардың заңсыз таралу қаупін төмендету бойынша халықаралық келісімді орындау болып табылатын, ҚР ҰЯО зерттеу реакторларын конверсиялау халықаралық бағдарламасына тікелей қатысуда.

Өзін ұқыпты, коммуникабельді, жауапты және мақсат қойғыш қызметкер ретінде көрсетті. Аз уақыт аралығында басшылықпен Ерлан Бахтыбекұлына жарияланды:

- 2015 жылдың желтоқсанында – «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге орай» алғыс;

- 2017 жылдың желтоқсанында− «Еңбектегі жетістіктері үшін және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге орай» алғыс.

Ерлан Бахтыбекұлыөздігінен білім алу және тиісті біліктілікті арттыру курстарына қатысу арқылы өзінің кәсіби білімі мен дағдысын жүйелі түрде арттырып отыратын маман:

Үнемі Курчатов қаласының ғана емес, облыстық масштабтағы әртүрлі іс-шараларға қатысады. 2013-2014 жылдары Қазақстан-Өскемен телеарнасымен өткізілген облыстық «Что, где, когда?» зияткерлік ойынындаСемей қаласы командасының капитаны болды. Бильярд бойынша бірнеше турнирлердің жүлдегері. Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының жас ғалымдары мен мамандарының XVII ҒЗТКЖ конференция-конкурсының қатысушысы.

Нуржанов Ерлан Бахтыбекұлы

 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 18.07.2017 / 01.08.2018