Айнаш Амангельдиновна Нурғазина

Катонқарағай орталық аудандық ауруханасы
«Өндірістің ең үздік жас жұмыскері» номинациясы

Номинация «Өндірістің үздік жас маманы» / «Лучший молодой работник производства»1991 жылы туылған

Жұмыс орны – ШҚО ДСБ «Катонқарағай орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК терапевт  дәрігері .

2009-2014 жж. –Семей қаласындағы Мемлекеттік медициналық университеті,  жалпы медицина.

2014-2016жж – «Терапия» мамандығы  бойынша интернатура.

Айнаш Амангельдиновна Нурғазина 2016 жылдың тамыз айынан бастап Катонқарағай аудандық орталық ауруханасының терапевтік бөлімшісінде терапевт дәрігері болып жұмыс істейді.

Жұмыс барысында үнемі өзінің кәсіби деңгейін арттырады, аурухана басшылығымен бірнеше рет біліктілігін арттыру курстарына жіберілді. Оның өзгешелігі- жоғары жұмыс қабілеттілігі, байсалдылығы мен сабырлылық. Нурғазина Айнаш өте қарапайым, жұмыскер ретінде өзің жақсы көрсете білді. Жұмыста жеткен жетістіктері үшін Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының грамотасымен, аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Ауданның және аурухананың қоғамдық өміріне белсенді қатысады, емделушілер мен қызметкерлер арасында құрметке ие. Пациенттерге қатысты сыпайы және мұқият. Ауру адамдарға көмегін аямайды. Жұмысқа адал қарайды және оны кәсіби деңгейде орындайды. Тапсырып берілген жұмыстарына ұқыптылықпен, жауапкершілікпен қарап, кәсіби деңгейде орындайды.

Психология мен астрологияға қызығушылық танытады.

Бос уақытында кітап оқумен, ағылшын тілін үйренумен айналысады.

 


Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 10.07.2019 / 10.07.2019