Мешелов Даулет Мұратқазыұлы

«Өндірістің үздік жас маманы»,
Зайсан ауданы

Номинация «Өндірістің үздік жас маманы» / «Лучший молодой работник производства»1991 жылғы 26 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Жарсу ауылында дүниеге келген. 1997 жылы Жарсу ауылындағы  «Жарсу» мектебінің табалдырығын аттап, 2008 жылы 9 сыныптан соң, Семей көп салалы колледжіне түсіп түсіп, 2010 жылы дене шынықтыру пәнінің мұғалімі мамандығын алып шықты.

2011-2014 жылдары Семей қаласындағы «Шәкәрім» атындағы университеттің дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша білім алды.

Еңбек өтілі:

2013 жылдан бастап  Жарсу орта мектебінде дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі болып қызмет атқаруда.

Еңбек еткен 6 жылда талай жетістіктерге жетті. Оқушылары мектеп ішілік, аудандық сайыстардан жүлделі орындар алып, мектептің абыройын көтеруде. Еліміздің болашағы деп үміттенетін бүгінгі жасты спортқа баулып, бойындағы бар күш- жігерін шәкірт тәрбиелеуге жұмсайтын Дәулеттің еңбегі ерекше.  Ұжым алдында  абыройлы.

Зайсан ауданы бойынша жалпы білім беру ұйымдарының дене шынықтыру мұғалімдерінің арасында «Үздік дене шынықтыру мұғалімі- 2019» конкурсында  жүлделі 1- ші орынды жеңіп алды.

 

 
Время истекло

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 10.07.2019 / 10.07.2019