Кузенбаева Камшат Абаевна

Шемонаиха ауданы
«Өндірістің үздік жас маманы» Шемонаиха қ.
«Гуманитарлық техникалық колледжі» мекеме

Номинация «Өндірістің үздік жас маманы» / «Лучший молодой работник производства»30.05.1990 жылы РФ, Мәскеу облысы, Балашиха қаласында дүниеге келген.

Білімі жоғары, қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі, Алматы қаласындағы «Қайнар» университетін, содан кейін магистартурасын «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша аяқтаған. Өз еңбек жолын 01.09.2014 жылы Алматы қ. Абай атындағы ҚазҰПУ аға зертханашы болып бастады. 2018 жылғы тамыздың басында отбасымен Шемонаиха қаласына қоныс аудару бағдарламасы бойынша қоныс аударды және қазіргі таңда Шемонаиха қ. «Гуманитарлық техникалық колледжі» мекемесінде қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі болып істейді. Мекемеде жұмыс істеген кезеңінде Кәмшат өзін жоғары адамгерлішікті, мәдениетті, жылдам оқытылатын, жауапты, іждағатты және шығармашыл адам ретінде көрсете білді. Өз педагогикалық жұмысын Камшат Абаевна Кузенбаева заманауи білім беру технологияларын пайдалану арқылы құрайды. Сонымен қатар, оның студенттері аудандық және халықаралық олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болған. Кәмшат «Әдістемелік ұсыныстар» номинациясында қызықты жұмыстарды ұсынғаны үшін «Әдістемелік вернисаж» педагогикалық жұмыстардың XVI ашық республикалық фестиваліне қатысқаны үшін грамотамен марапатталды.

Бос уақытында волейболмен және баскетболмен, спорттың қысқы түрлерімен айналысады, би билегенді ұнатады, домбыра мен гитарада ойнайды.

 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 11.07.2019 / 11.07.2019