Баймұратов Нұртуған Нұрғазыұлы

2000 ж.т., Жарма ауданы
«Өндірістің үздік жас маманы»

Номинация «Өндірістің үздік жас маманы» / «Лучший молодой работник производства»Жұмыс орны: «Қамқор Локомотив» ЖШС «Шар локомотив жөндеу депосы» филиалы.

Семей қаласының электро-техникалық колледжінің «тепловоз және жылжымалы құраманы пайдалану, жөндеу» мамандығы бойынша бітірген.

2018 жылдың маусым айының 13-і күні Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Шар қаласының «Қамқор Локомотив» ЖШС «Шар локомотив жөндеу депосы» филиалының қос доңғалақ жөндеу цехына токарь ретінде жұмысқа қабылданды.

Өз жұмысына аса жауапкершілікпен қарайды. Жөндеу технологиясы бойынша жинақтаған білімін, іс-тәжірибесін озық технологиямен ұштастыра білетін жас маман, өз мамандығын тез игеріп кетті.

Барлық сериялы тепловоздар және Қазақстан Республикасында шығарылып жатқан ТЭ33А «Эволюшен» тепловоздарының қос доңғалақтарын жөндеуді таза меңгерді.

Күнделікті өндірістік жоспарын 150% дейін асыра орындайды. Аса қабілетті жас маман жаңа жобаларды батыл іске асыруда ешқашан талмай, жасқанбай жұмыс жасайды.

Ынталы, еңбекке деген қызығушылығы зор. Ұжымның алдында абыройлы, сыйлы.

Техника саласында жаңалықтар енгізуге даяр, осы уақыт аралығында тек іскерлігін көрсетуде. Өз мамандығы бойынша көп ізденіп, тәжірибесін шыңдап келеді. Еңбектегі жетістіктері үшін кәсіпорын директорының алғыс хатымен марапатталған.

Үлгілі отбасы, жұбайы Айдана жеке кәсіпкершілікпен айналысады, бір бала тәрбиелеуде. Бос уақытында спортпен шұғылданады.

 

 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 18.07.2017 / 10.07.2019