Әділхановтардың еңбек әулеті

Аягөз ауданы
«Қамқор Вагон» жауапкершілігі серіктестігі «Аякөз вагон жөндеу депосы» филиалының кәсіподақ комитеті
«Үздік еңбек әулеті»

«ӘділӘділхановтар әулетіхановтардың еңбек әулеті» 1932 жылдан бері Аягөз аумағы және республикамыздың теміржол саласында еңбек етіп келеді. Әулет мүшелерінің жалпы еңбек өтілі – 243 жыл.

Еңбек әулеті Әділханов Ыдырыс Әділханұлынан бастау алады. 1940 жылы 16 жасында «Турксиб» теміржолының № 21 айырығында (разъезд) қатардағы жұмысшы болып еңбек жолын бастады.

1941 жылдың күзінде іссапарда жүргенде Москва қаласының оңтүстік-батыс теміржолына қарасты жол учаскелерін жөндеуге жасақталған арнайы топта жұмыс істейді.

1944 жылы Киев қаласында теміржол саласының ішкі істер органдарында қызмет етушілердің алты айлық курсынан өтіп, осы салада 1949 жылға дейін, оның ішінде Аягөз стансасының паспорт столында 1949- 1958 жылдары қызмет етті. 1959 жылы кадр бөлімінің бастығының орынбасары болып  тағайындалып, 1991 жылы құрметті демалысқа шыққанға дейін осы қызметте істейді. 2016 жылы қайтыс болды.

Ыдырыс Әділхановтың сол жылдардағы еңбегі еленіп «Құрметті теміржолшы» және «Аягөз ауданының Құрметті азаматы» атақтарын иеленді. Екі мәрте «Ұлы Отан соғысы орденімен», «Еңбек ардагері» медалімен, «В.И.Лениннің 100жылдығына орай жанқиярлық еңбегі үшін» медалімен және теміржол саласының көптеген төсбелгілерімен және грамоталарымен марапатталған.

Әділханов Ыдырыстың жары – Әділханова Бикен, теміржолшы, көп жылдар Аягөз стансасында билет сатушы кассир мамандығы бойынша қызмет етті. 1980 жылғы «Бүкілодақтың социалистік жарыстың жеңімпазы» төсбелгісімен марапатталған.

Әділханов Ыдырыстың ұлы, Әділханов Мұқан Ыдырысұлы, 1948 жылы туған. Білімі-жоғары.Қазақ теміржол Академиясының түлегі. Еңбек жолын Аягөз вагон депосынан бастаған. 1995-2011жылдары Семей қаласындағы теміржол бөлімшесінің вагон ревизоры қызметінде құрметті демалысқа шыққанша жұмыс істеді.

Екінші ұлы – Әділханов Ғазиз Ыдырысұлы, 1961 жылы туған. 1980 жылы Аягөз Локомотив пайдалану депосында тепловоз машинистерін дайындайтын курсті бітіргеннен бері осы кәсіпорында тепловоз машинисі болып еңбек етіп келеді.

Еңбек династиясының келесі жалғастырушысы – Әділханов Ыдырыстың ұлы – Әділханов Қазбек Ыдырысұлы, 1963 жылы туған. Қазақ теміржол Академиясын «Вагон шаруашылығы» мамандығы бойынша бітірген. 2019 жылдан бастап Сапа жөніндегі жетекші инженер қызметтерін атқарып келеді.Әділханов Қазбектің осы жылдардағы еңбегі бағаланып, «Қамқор Менеджмент» жауапкершілігі серіктестігі Бас директорының «Даңқты еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Еңбек династиясының келесі жалғастырушысы Әділханов Ыдырыстың немересі, Әділханов Мұқанның ұлы – Әділханов Секен, 1972 жылы туған. Қазақ теміржолы Академиясының түлегі. «Қазтеміртранс» АҚ-ның Семей қаласындағы бөлімшесінде инженер болып қызмет етеді.

Немерелері Әділханов Ержан Ғазизұлы мен Әділханова Ақерке Ғазизқызы. Е.Әділханов Москва аспирантурасында ғылыми атағын қорғап, Қазқа теміржол Академиясында көлік техникасы кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарып жүр.

Немерелері Ыдырсов Рүстем Қазбекұлы, 1987 жылы туған.Қазақ жол қатынастары университетін көлік және көлік технологиясы бакалавры мамандығы бойынша бітірген. 2005-2010 жылдары Аягөз вагон депсында слесарь, бригадир, шебер, директордың орынбасары, техникалық бақылау бөлімінің шебері, 2017 жылдан бастап, осы филиалдың бас технологы қызметінде.

 
Время истекло

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 18.07.2017 / 10.07.2019