Сағадиевтар отбасы

Бесқарағай ауданы
«Семей орманы» МОТР ММ РММ
«Үздік еңбек әулеті»

Сағадиевтар отбасы - орманшылар әулеті. 4 ағайынды Сағадиевтер және олардың балалары мен немерелері біздің облыстың орман шаруашылығында жұмыс істеді және қазіргі таңға дейін жұмыс жасауда. Сағадиевтер әулетінің шамамен 40 өкілі ШҚО Бесқарағай ауданы, Ерназар ауылдық округінің аумағында кәдімгі қарағай көшеттерін отырғызуға қатысты.

Сағадиевтер отбасының орман шаруашылығында жұмыс өтілі 100 жылдан асады. Еңбек әулетінің негізін қалаушы – Сағади, Сағадиевтің ұлдары: Сағадиев Қалиахмет, Қожахмет, Нұрахмет, Молдахмет. Сағадиев Қожахметтің балалары да орманшылар болып табылады. Отбасының 28 мүшесі әулеттің өкілдері  болып табылады.

Немерелері: Сағадиев Жұмағали Қожахметұлы, 1951 жылы туған, білімі жоғары, 1973 жылы ҚазАШИ бітірді, орман шаруашылығы инженері. 2005 жылдан бастап – «Семей орманы» МОТР РММ бас директорының орынбасары. Орман шаруашылығында жалпы еңбек өтілі 40 жылдан астам. Көптеген марапаттары бар. Әйелі Сағадиева Рауиля Мәдиевна, 1951 жылы туған. 1974 жылы Алматы ауылшаруашылық институтын бітірген. 2008 жылдан бастап зейнеткерлікке шыққанға дейін Морозов орман шаруашылығының табиғи кешендерді қалпына келтіру және ғылыми қамтамасыз ету бөлімінің орманды қалпына келтіру инженері болып жұмыс атқарған.

Сағадиев Жұмақан Қожахметұлы, 1961 жылы туған. 1992 жылы Сібір техникалық институтын бітірген. Морозов филиалында 2013 жылдың 1 қарашасынан бастап Полян орманшысы лауазымында жұмыс істейді.  Ұлы Сағадиев Талғат және Сағадиев Әсет орманшылықта орманшылық бастығы және инженер болып жұмыс істейді. Сағадиев Қалиахметтің, Сағадиев Нұрахметтің балалары да орманшылықтың игілігі үшін еңбек етуде.

Сағадиев Жұмағазы Қожахметұлы, 1955 жылы туған, еңбек жолын 1978 жылы «Семей орманы» МОТР РММ Морозов филиалында орман шаруашылығы инженері болып бастады. 2008 жылдан бастап еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы инженері лауазымына ауыстырылды. Орман шаруашылығында 30 жыл төс белгісі бар. Қызы Айнур  -Щедруха орман шаруашылығы басшысының көмекшісі болып жұмыс істейді.

Сағадиевтер әулеті бірнеше рет грамоталармен, алғыс хаттармен марапатталды. 

Сағдиевтер отбасының мақсаты: орманшы мамандығын насихаттау. Осы еңбек әулетінің өкілдері-орманшылар, инженерлер, орман шеберлері. Орманшылықта, орман шаруашылығында, орман питомнигінде, резерватта жұмыс істей отырып, олар болашақ ұрпақ үшін не жұмыс істейтінін біледі және өздері бүгіннің өзінде ата-аналарының және өздерінің еңбек жемісін көруде.

Сагадиевы

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 18.07.2017 / 10.07.2019