Садыковтар отбасы

Садықовтар отбасының мінездемесі

Семья СадыковыхСадыковтар  отбасы  Жарма кентіндегі теміржолшылар әулеттерінің бірі. 

Отағасы Садыков Болат 1955 жылы 29 тамызда Жарма кентінде дүниеге келген. Білімі орта. Еңбек жолын Жарма кентіндегі теміржол станциясында бастап, осы уақытқа дейін еңбек етіп келеді. Станция бастығынан бастап, станция кезекшілігінде қызмет атқарып, қазіргі уақытта бұрғалаушы болып жұмыс істейді. Жалпы еңбек өтілі – 45 жыл. 2009 жылы теміржолшылар мерекесіне орай алғыс хатпен, 2013 жылы құрмет грамотасымен, 2011 жылы төс белгісімен және медальмен марапатталды.

Жұбайы – Садыкова Шолпан Жұбатқанқызы 1958 жылы 29 суәір күні дүниеге келген. Жалпы еңбек өтілі – 39 жыл. Жарма кентіндегі теміржол кассасында қызмет етіп,  зейнеткерлікке шыққан.

Ұлы – Садыков Қанат Болатұлы 1978 жылы 15 тамызда дүниеге келген. Жалпы еңбек өтілі – 21 жыл. Еңбек жолын Жарма кентіндегі станция кезекшілігінде қызмет атқарып, қазіргі уақытта сол қызметте Шар қаласына ауысты.

Қызы – Қуатбаева Жұлдыз Болатқызы 1986 жылы 4 сәуірде дүниеге келген. Еңбек жолын Жарма кентіндегі теміржол кассасында бастап, қазіргі уақытта станция кезекшісі болып қызмет атқарады. Жалпы еңбек өтілі – 14 жыл. 2016 жылы алғыс хатпен марапатталды.

Қызы – Садыкова Маржан Болатқызы 1988 жылы 2 ақпанда дүниеге келген. Алматы қаласындағы Транспорт және коммуникациялар академиясын қызыл дипломға бітіріп, білімін магистратурада жалғастырып 2018 жылы аяқтады.  Алматы қаласында локомотив депосында инженер-экономист болып жұмыс істейді.

Болат аға жұбайы Шолпан  екеуі бес баланы өсіріп жеткізген көп балалы, үлгілі отбасы. Бүгінгі күні 10 немеренің ата апасы атанып отыр.

 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 18.07.2017 / 01.08.2018