Турсунбаевтар әулеті

Ұлан ауданы
«Үздік еңбек әулеті» номинациясы

Турсунбаевтар әулетіАуданымыздағы үш буыннан тұратын сегіз педагогтар әулеттердің бірі - Турсунбаевтар династиясы.  Династияның негізін қалаушысы Скалистое ауылындағы (қазіргі Ізғұтты Айтықов) Куйбышев атындағы мектептің  бастауыш сынып мұғалімі, кейіннен мектеп директорының орынбасары болған Арыктаева Еркиндик Курмангалиевна (Енесі). Келіндері Забира Каметаевна 1959 жылы 1 желтоқсанда Ұлан ауданының Екатериновка ауылында дүниеге келді. Э.Тельман атындағы орта мектепті 1977 жылы аяқтап, Өскемен қаласындағы педагогикалық институтқа түскен. 1982 жылы аталған институттың филология факультетінің орыс тілі және әдебиет мамандығы бойынша бітіріп шықты. Ұлан ауданының Қ.Қайсенов атындағы негізгі мектепке мұғалім болып орналасты. Жоғарғы категориядағы ұстаз. 2011 жылы Алматы қаласында өткен Халықаралық ғылыми конференцияда жалпы азаматтық құндылықтардың ата-аналар жиналыстарындағы аспектілері туралы жобаны қорғады. Аудандық білім бөлімінің, аудан әкімінің мақтау қағаздарымен мадақталған. Еңбек өтілі 37 жыл.

Жолдасы - Динмухамет Ернисович 1960 жылы 1 мамырда туған. 1983 жылы Өскемен қаласының педагогикалық институтының дене шынықтыру факультетін тәмамдаған. 1989 жылы Бестерек ауылындағы М. Горький атындағы негізгі мектептің  директоры, 1996 жылы Қ. Қайсенов атындағы негізгі мектептің директоры, 2012 жылдың қыркүйек айында Қ. Қайсенов атындағы негізгі мектептің директоры болып тағайындалған.  Еңбек өтілі 26 жыл.

Қызы - Анар Дінмұхаметқызы 1988 жылы 5 тамызда туған. 2007 жылы  Өскемен педагогикалық колледжінің бастауыш сынып мамандығын аяқтап,  қазіргі   уақытта Ұлан ауданының Қ. Қайсенов атындағы негізгі мектепке мұғалім болып   қызмет атқарады.   Еңбек өтілі 12 жыл.

 
Время истекло

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 09.07.2019 / 10.07.2019