Токтагановтар әулеті

Катонқарағай ауданы
«Үздік еңбек әулеті» номинациясы

Династия ТоктагановыхПедагогика саласында жалпы еңбек өтілі 115 жыл.

Токтаганов Бауржан Нуркамзинович -  әулет басшысы

Жұмыс орны: Рыков атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекттік мекемесінің  директоры. Катонқарағай ауылы,  Катонқарағай ауданы.

Қысқаша мінездеме: Токтаганов Бауржан Нуркамзинович  1955 жылы 10 қазанда Катонқарағай ауданы,  Катонқарағай ауылында дүниеге келді.

Еңбек жолын 1972 жылы Алтай совхозында жұмысшы болып бастады. 1973 жылы Алматы қаласындағы Қазақтың  физкультура институтына түсіп, 1977 жылы дене шынықтыру пәнінің мұғалімі және спорт жаттықтырушысы мамандығы бойынша бітірді.

Қатардағы мұғалімнен мектеп директорына дейінгі еңбек жолын өтті. Педагогикалық қызметін 1977 жылы дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып Катонқарағай ауылындағы Ленин атындағы орта мектебінде бастады. 1988 жылдан 1994 жылға дейін Чернова орта мектебінің директоры, 1994 жылдан 2004 жылға дейін Катонқарағай ауылындағы Ленин атындағы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.        2004 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Катонқарағай ауылындағы Рыков атындағы орта мектептің директоры болып жұмыс істейді. Жұмыс уақытында өзін жақсы жағынан көрсетті, тәртіпті, жауапты, еңбекқор, тапсырылған істерге адал қарайды. Мінезі сабырлы, теңдестірілген, жоғары ерік пен батыл.Әріптестері мен достары арасында беделі жоғары. Аудандық мәслихаттың үш шақырылым депутаты болып сайланды

Қоғамдық, саяси және білім беру қызметіне белсенді қатысқаны үшін бірнеше рет аудандық, облыстық, республикалық деңгейдегі құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен және төсбелгілерімен марапатталды.

Үйленген, 2 ұлы 5 немересі бар.Ұлы Азамат Бауыржанұлы мен келіні Ардақ Жұмағалиқызы Тоқтағановтар педагогикалық әулетін жалғастыруда.

Хоббиі: балық аулау, өлкетану.

 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 18.07.2017 / 10.07.2019