Анатолий Михайлович Романов

Анатолий Михайлович РомановАнатолий Михайлович Романов

Экономист

Бородулиха ауданы Новопокровка ауылы

ШҚО Бородулиха ауданы Новопокровка ауылдық округі  «Лада» шаруа қожалықтарының басшысы

1947 жылы 15 қарашада КСР Черкас облысы Умань қаласында тұған.  Өзінің еңбектік қызметін 1964 жылы механизатор ретінде Карл Маркс атындағы колхозда бастады.  

1966-1968 жж. Кеңес әскері қатарында қызметін өтеді. 1972 жылы Новопокровка зооветеринарлық техникумының механизация бөлімін аяқтады.

1973 жылы Семей зооветеринарлық институтын аяқтады, одан сон 1981 жылы Қазақ жер пайдалану институтын, 1983 жылы Марксизм–Ленинизм  университетінің  экономикалық факультетін қызыл дипломмен аяқтады.    

Еңбек жолын кешендік бригаданың бригадирден,  Новопокровка совхоз техникумының бас инженерге дейін болып өтті. 1992 жылы «Темп» кооперативін басқарды, ал 1995 жылы «Лада» шаруа қожалығының басшысы болды.

          Тұрақты түрде Новопокровка ауылдың округінің дамуына демеушілік көмек көрсетеді. Екі шақырудың аудандық мәслихат депутаты етіп сайланды. Қоғамық, саяси және шаруашылық қызметке белсенді қатысқаны үшін Романов Анатолий Михайловичке 2001 жылы Бородулиха ауданының құрметті азаматы атағы берілген. Көптеген рет агрария саласындағы қол жеткізген жетістіктері үшін аудан, облыс және Новопокровка ауылдық округі әкімдігінің басшылығымен құрмет грамоталары, алғыс хаттармен марапатталды. Қайырымды, ықыласты жолдас шаруа қожалығының ұжымында, ауыл тұрғындарында, аудан басшылығында беделге лайық. Тұрмыста сыпайы, төзімді. Округінің қоғамдық келесім киңесінің төрағасы болып табылады.       

Үйленген, үш ұлы бар, олардың екеуі, келіндермен, Романовтардың енбек жолын жалғастырып келе жатыр. Отбасылық кәсіпорындағы жалпы еңбек өтілі -  105 жыл.

 Хобби: өлкетану, бау-бақша.

 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 18.07.2017 / 01.08.2018