Өңір паспорты

Шығыс Қазақстан облысының картасы

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының схемасы
Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы

 Жалпы мәліметтер

 1.1. Облыс тарихы. Шығыс Қазақстан облысы 1932 жылы құрылды, 1997 жылы өңір аумағына Семей облысы қосылды. 1720 жылы негізі қаланған және Ертіс пен Үлбі өзендерінің қиылысында орналасқан Өскемен қаласы Әкімшілік орталық болып табылады.

Облыста 15 селолық аудан, 10 қала, 755 кент және ауыл, 244 селолық және ауылдық округ бар. Облыс халқы 2016 жылғы 1 қаңтарға 1396,1 мың адамды  құрады. Халықтың тығыздығы орта есеппен облыс бойынша 1 шаршы км-ге  4,9 адамды құрайды. Облыс халқының этникалық құрамы 2015 жылғы 1 қаңтарға мынадай ара салмақта ұсынылған: қазақтар – 58,4%, орыстар - 38,0%, басқа ұлттар – 3,6%. 

1.2. Географиялық орналасуы. Облыс аумағы бүгінгі таңда 283,3 мың шаршы километрді ( Қазақстан аумағының 10,2 %) құрайды. Өскемен қаласы Астана қаласынан 1038 км және Алматы қаласынан 1068 км қашықтықта жатыр. Шығыс Қазақстан облысы республиканың солтүстік-шығысында орналасқан. Облыс Қазақстан Республикасының Павлодар, Қарағанды, Алматы облыстарымен, Ресей Федерациясының Алтай өлкесі және Алтай Республикасымен, Қытай Халық Республикасымен шектеседі.

11.3. Табиғи-климаттық жағдайы.Табиғи-климаттық жағынан Шығыс Қазақстан бірегей аймақ болып табылады. Мұнда дала, шөл және таулы тайга ландшафтары ұштасады. Облыс аумағының солтүстік және шығыс бөліктерін жер қойнауында түсті, қымбат және сирек металдардың бай қорлары бар Батыс, Орталық  және Оңтүстік Алтайдың  тау бөктерлері  мен жоталары  алып жатыр. Алтай тауларының оңтүстігінде Сауыр-Тарбағатай жоталарымен шектелген құрғақ Зайсан қазаншұңқыры көсілуде. Облыстың  барлық оңтүстік – батыс және батыс бөлігін Қазақтың ұсақ шоқылары алып жатыр. Облыстың орталық бөлігінде Қалба тауларының белестенген жазықтықтары басым. Орман облыс аумағының 11,9 % алып жатыр. Орман алқаптары негізінен Алтай таулары жоталарының салаларында орналасқан. Мұнда жасыл қылқанды орман таралған. Орман аумағының төменгі белдеуінде жапырақты және аралас орман өседі. Облыстың көзтартарлық жері облыстың солтүстік – батысындағы белдеулі қарағайлы ормандар босып саналады. Жалпы алғанда Кенді Алтайда өсімдік әлемінің 1000 - нан астам түрлері бар, әртүрлі құстардың 300 - ден астам, сүт қоректілердің 100 - ге жуық түрлері мекендейді.Ормандар мен далалы белдеуде бұлан, тау ешкісі, арқар, құдыр, елік, қасқыр, аю, сілеусін, аққіс, аққұлақ, бұлғын, сасық күзен, сары күзен, түлкі, қоян өседі. Бұқтырма өзенінің жоғарғы жағында марал сақталған. Тау бөктерлерінде, өзендер мен көлдердің жағалауларында доңыз мекендейді.

1.4. Пайдалы қазбалар. Шығыс Қазақстан облысының аумағында өңірдің минерал-шикізат ресурстарына өңірдің қажеттілігін
қамтамасыз ететін пайдалы қазбалар қорлары сияқты зерттелген кен орныларының көп мөлшері мәлім: түсті металдар (Риддер-Сокольный, Тишин, Малеев, Николаев, Артемьев, Орлов және басқа да), алтындар (Бақыршық, Суздаль, Мизек, Күршім өзенінің шашыранды және басқа да), сирек металдары (Бакен, Ақ тау, Юбилейный, Ахмет), көмір мен жанғыш тақтатас (Қаражыра, Кендірлік, Бобровка, Белокаменка), кенді емес шикізат (отқа төзімді шикізат, карамзит пен бетонит батпағы, әк, кірпіштік және цементтік саз-құмды тау жынысы, шыны шикізаты мен құрылыс материалдары); және сондай-ақ жер астындағы минералды мен ауыз сулар (Өскемен, Лениногор, Богатырев, Құлынды).

Қазіргі уақытта пайдалы қазбалар кен орындарының көпшілік бөлігіне отандық және шетелдік инвесторларға геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге және өндіруге лицензиялар берілді және келісім-шарттар жасалды. Риддер-Сокольный, Тишин, Малеев және Грехов кен орындары «Қазмырыш» ААҚ-ның тау-кен өндіру кәсіпорындары пайдалануда. Орлов, Николаев, Шемонаиха, Артемьев, Юбилейный- Снегириха, Ақтоғай кен орындарын KAZ Minerals Топ кәсіпорындары пайдалануда.

«Қазақстан Республикасында 2015 – 2019 жылдарға арналған геологиялық зерттеу жұмыстар бағдарламасы» бойынша 2015 жылға республикалық бюджеттен мемлекеттік геологиялық зерттеуге, жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану мониторингіге 1 923,5 млн.теңге бөлінді.

Жұмыстар 12 объектілерде жүргізілген (соның ішінде: Күршім ауданында алаңның геологиялық зерттеуге дейін; Аягөз ауданындағы алаңды геологиялық-минералогиялық картаға түсіру; Шемонаиха ауданында Үлбі учаскесінде полиметаллдарға іздеу-бағалау жұмыстары; Зырян ауданында Мамонтово-Щебнюшинск учаскесінде полиметалл мен алтынға іздеу жұмыстары; Абай ауданында болжалды қорларды бағалаумен 1:200 000 масштабты геологиялық зерттеуге дейін; Аягөз ауданы Жоғарыэспин учаскесінде; Зырян ауданы Парыгин учаскесінде; Семей қ. Жарқұдық учаскесінде; Зырян ауданында Нырм металл химиялық аймақ алтын-полиметалл кен орнын анықтауға ірі масштабты болжам-іздеу жұмыстары; Ахмер учаскесінде сирек металлдарға іздеу-бағалау жұмыстары; Зырян ауданында Игнашихинск учаскесінде полиметаллдарға іздеу жұмыстары; Зырян ауданында Ермиловск-Петровореченск учаскесінде полиметаллдарға іздеу жұмыстары).

1.5.Су қорлары. Облыс аумағы су қорларына бай, мұнда жалпы ұзындығы 10 мың км-ден асатын 800-ден астам өзен ағып өтеді. Басты су арнасы таулы Үлбі, Уба, Қарақаба, Қалжыр, Күршім, Нарын, Бұқтырма және басқа да өзендер құйылатын Ертіс өзені болып саналады (ұзындығы4248 км, облыстан тыс –1311 км). Облыста ірі Зайсан, Марқакөл, Алакөл, Сасықкөл көлдері бар. Бұған қоса ұсақ өзендер, су қоймалары көп, олардың ішінде ең үлкені Бұқтырма саналады. Өзендерде табан, сазан, шортан, аққайран, тау көлдері мен өзендерінде – таймень, хариус, бахтах, пайда, Марқакөл өзенінде майқан (үскіш) балықтары мекендейді.

Шығыс Қазақстан жерасты суларының мол қорларымен де белгілі. Таулардағы жерасты сулары табиғи қорларының жалпы қөлемі 10 млрд. текше метрді құрайды.

Облыстың ауа райы ауа температурасының тәуліктік, маусымдық және орташа жылдық ауытқу  үлкен амплидудасымен шұғыл континенталды. Мейлінше суық айлар-солтүстікте Кенді Алтай тауларында және биік таулы қазаншұңқырларда орта айлық температурасы -17 С ден -23,8 С-ге дейінге және оңтүстік бөлігінің тауларында -14,1 С-ден -16,6 С-ге дейінгі қаңтар, ақпан айлары. Мейлінше жылы ай-шілде, оның орта айлық температурасы +14 С-ден +16,6 С-ге дейін, теңіз деңгейінен 1000-1500 мбиіктікте - 0 С, тау бөктерлері мен жазық бөлікте температура бірқыдыру  жоғары. Облыстың бірегей және саналауан табиғи жағдайы тиісінше инвестиция салған жағдайда туризмді жедел дамытуға мүмкіндік береді.

1.6. Инфрақұрылым. Шығыс Қазақстан облысы дамыған өндірістік инфрақұрылымымен ерекшеленеді, ол көліктің барлық негізгі түрлері: теміржол, әуе, су және автомобиль көлігімен ұсынылған. Темір жол облыс орталығын Зырян, Риддер, Семей, Аягөз, Шемонаиха қалаларымен  байланыстырады.  Облыстан тысқары жерлерге алып баратын теміржол желілері «Семей-Локоть»,      «Семей - Алматы», «Семей-Павлодар», «Защита-Локоть», «Защита – Зыряновск», «Защита – Лениногорск» и «Защита – Шар».

4 әуежай жұмыс істейді, олардың ішінен: 2 әуежай халықаралық авиарейстерге қызмет көрсетуге жіберілген (Өскемен, Семей), 2 әуежай жергілікті әуе авижеліге қызмет көрсетеді (Зайсан, Үржар). Өскемен қ. әуежайы 1 санатты ИКАО стандарты бойынша дәрежеленген.

ШҚО Ертіс өзенінің ішкі сулар жолдарының бас  кеме жүзетін магистраль ҚХР шекарасынан РФ шекарасына дейін өтеді. ҚР аумағы бойынша өзеннің ұзындығы – 1698 км, соның ішінде облыс аумағы бойынша – 1100 км.

Бүгінгі күнде облысты үш жүзетін қайық, екі өзен жүк порты бар: жүк порты «Ертіс-Транс» ЖШС және өзен порты Семей қаласында.

 Жүк және жолаушы тасымалдаудың ең үлкен көлемі автомобиль және теміржол көліктеріне тиесілі. Автомобиль көлігімен 89,9%, темір жол көлігімен 10% жүк тасылады. Автомобиль көлігімен жолаушы тасымалдау көлемі 96,2%, темір жол көлігімен - 2,5%, авиациялық - 1,3 % құрайды.

Жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдары ішкі тасымалдауды жүзеге асыруда өте маңызды орын алады, олардың жағдайы және даму деңгейі өңірдің экономикалық көрсеткіштеріне әсер етеді.

Жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарының ұзындығы 11895,8 км, соның ішінде республикалық маңызы бар жолдар- 3414 км (28,9%), облыстық маңызы бар жолдар - 3 186 км (26,9%),  жергілікті - 5 295,8 км (44,2%) құрайды.

Қатты жамылғысымен жергілікті жолдардың ұзыңдығы 7093,7 км, қиыршақ тас – 3 994,5 км-ді және топырақты – 830,5 құрайды, алайда олардың үстінде 504 көпір және 6629 су өткізгіш қондырғылар орналасқан.

1.7. Өңір экономикасының мамандануы. Облыс елдің дамыған  индустриялық-аграрлық өңірі болып табылады.

Өңір өнеркәсібі басым сала – түсті металлургиядан басқа, машина жасау, электроэнергетика, химия және ағаш өңдеу, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, құрылыс материалдарын шығарудан құралған.

Өнеркәсіпті дамытумен қатар, облыстың табиғи-климаттық әлеуеті агроөнеркәсіп кешенін дамытуға қолайлы.Облыс аудандары мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы өнімдерін шығаруға маманданған.

Облыстың  қалыптасқан базалық мамандануымен қатар, облыстың бірегей туристік әлеуеті бар. Туризмді  дамыту аймақтарының негізгі басымдылықтары анықталған, соған сәйкес  облыс өңірлері келесідей маманданған:

1) емдеу-сауықтыру туризмі - Катонқарағай, Үржар аудандары;

2) тау шаңғысы, спорттық және жаяу  туризм – Риддер қ.;

3) аң аулау туризмі – Күршім ауданы;

4) ауылдық туризмі -  Риддер қ., Күршім, Қатонқарағай аудандары.

Бұдан басқа, облыстың бәсекеге қабілетті мамандануларының бірі атом энергетикасы мен  ядролық зерттеулерге арналған отын өндіру болып табылады.

 1.8. Өңірдің соңғы 10 жылда даму қорытындылары (2005-2015 жж.)

 

Негізгі көрсеткіштер атауы

Жылдар

 

Республикадағы
үлес  салмақ
, %

2005

жыл

2006

жыл

2007

жыл

2008

жыл

2009

жыл

2010

жыл

2011

жыл

2012

жыл

2013

жыл

2014

жыл

2015

жыл

Жалпы өңірлік өнім, млрд.теңге

467,5

615,1

800,5

890,0

983,7

1244,1

1736,8

1930,2

2178,2

2388,4

1669,8*

6,0

Өнеркәсіп өндірісі көлемі, млрд.тенге

265,3

416,6

485,9

470,2

492,1

641,3

822,9

965,7

998,7

1115,6

1022,7

5,9

Ауыл шаруашылғы жалпы өнімі, млрд.теңге

75,4

77,9

97,1

117,4

165,7

153,1

202,2

237,2

287,8

294,0

290,6

10,6

Сыртқы сауда айналымы, млн. АҚШ долл

1609,1

2536

3385

3140

2700

2988

3685,5

4869,9

3406,7

3263,7

2619

4,4

Негізгі капиталға инвестиция, млрд.теңге

82,2

116,1

126,5

161,4

139,2

144,7

241,6

263,4

301,1

345,5

410,8

5,8

Тіркелген шағын бизнес кәсіпорындар саны, бірл.

10199

10668

11232

11786

12006

12096

12285

12834

14203

14642

14955

5,1

Жұмыс іст.  шағын бизнес кәсіпорындар саны, бірл.

7429

7662

7891

6998

7482

7308

6421

6079

6729

7172

8070

4,6

Меншікті кірістер түсімінің көлемі, млрд.теңге

27

34,2

43,4

42,5

42,2

45,4

52,9

61,5

70,2

77,0

81,2

4,9

Орташа айлық жалақы, теңге

27688

33101

42138

48293

53496

61388

73677

84872

90209

98360

102251

81,5

Жалпы жұмыссыздық деңгейі, %

7,1

6,9

6,6

6,4

6,4

5,7

5,2

5,1

5

4,9

4,9**

5,0

Тұтыну бағаларының индексі, %

107,8

107,5

116,1

110,5

105,7

108,1

107,1

106,1

104,5

107,4

113,2

113,6

 

*-2015 ж. 9 ай бойынша. **- 2015 жылдың 4 тоқсаны

2. 2015 жылдың қорытындысы бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары

2.1. Өнеркәсіп. 2015 жылдың өнеркәсіп өнімінің өндірілетін көлемі 2014 жылға 8,3% - ға төмендеумен 1022,7 млрд. теңге құрады.  

Нақты көлем индексі 2015 жылы 91,2% құрады.

Өнеркәсіп  өнімінің құрылымында 9,6% тау – кен өнеркәсібі орын алады. Сала өнімінің көлемі 5,7% - ға төмендеумен 98,6 млрд. теңге құрады. НКИ – 94,7%, ол 2,8 пайыздық пунктқа республикалық деңгейден төмен. Тау – кен өнеркәсібінің үлесі 9,4% - дан 9,6% - ға дейін өсті.

2.2. Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 290,6 млрд. теңгені құрады, 2014 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 0,6% - ға өсімімен.Табиғи көлем индексі – 100,2% құрады.

243,8 мың тонна мал еті (өсім – 1,9%), сүт – 789,4 мың.тонна (өсім – 1,8) өндірілді.

Ірі қара мал – 2,7%, жылқы – 4,6%, құс – 11,5% ұлғайды.

Қой басы мен ешкі – 6,7%, шошқа – 8,1% - ға төмендеді.

2.3. Шағын бизнес. 2016 жылғы 1 қаңтарға шағын бизнестің тіркелген кәсіпорындар 2014 жыл деңгейіне 2,9% қысқартылды және 14955 бірлік құрады, белсенді кәсіпорындар 5% аз болды, олардың саны 5613 бірлікті құрады. Істеп тұрған кәсіпорындар саны 4,4% ұлғайды және 8070 бірлік құрады.

Істеп тұрған шағын және орта бизнестің белсенді субъектілері (жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарын қоса есептегенде) 2014 жыл деңгейіне 0,4% өсумен 98980 бірлікті құрады.

2.4. Негізгі капиталға инвестициялар. Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 2015 жылдың қаңтар-желтоқсанға 410,8 млрд. теңгені құрады. Негізгі капиталға инвестициялар 2014 жылдың қаңтар-желтоқсан мәліметтерімен салыстырғанда 15,6% ұлғайды. Республика бойынша жалпы көлемінде облыстың инвестиция үлесі – 5,8% құрайды.

Қаржыландыру көздері бойынша кәсіпорындардың меншікті қаражаты үлкен үлесті құрады – 43,0%, республикалық бюджет қаражаты – 8,4%-ы, жергілікті бюджет қаражаты – 2,9%-ы (15,4 млрд.теңге), банктердің несиелері – 1,8 % (6,7 млрд.теңге), басқа қарыз қаражаты – 43,9% құрады.

Республикалық бюджеттің айтарлықтай қаражаттары көлік және қойма – (36,1% ); жергілікті бюджет– білім (30,1%); меншік қаражаты – өнеркәсіп (57,4 %); банктердік несиелері - электрмен қамту, газ, бу және әуе кондиционерлеуге – 53,7%; басқа қарыз қаражаты – тау-кен және карьерлерді өндіру (94,7%).

Жалпы көлемнен айтарлықтай қаражаттар өндеуші өнеркәсібі 37967,4 млн.теңге, тау кен өнеркәсібі мен карьерлерді өндеуге  209121,1 млн. теңге, көлік және қойма 20045,9 млн. теңге, жылжымайтын мүлікпен операцияларға 33542,5 млн. теңге, электрмен қамту, газ, бу және әуе кондиционерлеуге  35546,4 млн. теңге, білім 12792,9 млн. теңге, ауыл, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер 3803,3 млн. теңге, орман және балық шаруашылығына 11294,9 млн. теңге инвестицияланды.

Есепті кезеңде өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда тұрғын үйді пайдалануға енгізу 1,5% ұлғайып, жалпы ауданы 318,1 мың шаршы метрді құрады.

2.5. Сауда. 2015 жылғы бөлшек тауар айналымының көлемі 594,7  млрд. теңгені құрады. Көптеп сату сауда айналымының көлемі 583,8 млрд. теңгені құрады.

Сыртқы сауда айналымы облыс бойынша жыл соңында  2014 жылға қарағанда 19,7 % төмендеумен 2619 млн. АҚШ долларын құрайды, соның ішінде экспорт көлемі – 5,1 % төмендеумен 1860,1 млн. АҚШ долларын, импорт көлемі 41,7 % төмендеуімен 758,9 млн. АҚШ долларын құрады. Оңды сальдо – 1101,2 млн. теңге.

2.6. Инфрақұрылым. 2015 жылы облыста 8703,0 млн. кВт сағат электр энергиясы өндірілді, желіге 8 241,9 млн. кВт сағат жіберілді, тұтыну 8 045,2 млн. кВт сағатты құрады.

2015 жылы энергетикалық кешенінде ЖЭО мен қазандықтардың қолданыстағы қуаттарын жаңарту жөніндегі жобаны іске асыру жалғастырылды. Электр энергиясын өндіруді ұлғайту, энергия тапшылығын өтеу және басқа облыстардан электр энергиясының ағылуын қысқарту мақсатында Өскемен ЖЭО 120 МВт қуатымен № 12 турбогенератор құрылысы бойынша жобаның іске асырылуы басталды. Семей қ. жылумен қамту жаңартуы, РК-1 кеңейтілуі мен қайта құрылуы жалғасуда. Сондай-ақ, 2015 жылы Тұрғысын ГЭС жобасының іске асырылуы басталды. Бизнестің 2020 жол картасы шеңберінде ВЛ-35кВ электр желілердің құрылысы жүзеге асты. Пайдадануға енгізудің болжамды мерзімі – 2017 жыл. Сонымен қатар, 2015 «Екібастұз – Шүлбі ГЭС-Өскемен ВЛ 500 кВ құрылыс» ірі жоба жүзеге асты.

Сумен қамту жүйесінде тұрғындардың 68,7 %-ы орталықтандырылған сумен қамтылған, тұрғындардың 31,27%-ы жер асты және жер бетіндегі су көздерінің суын қолданады, сондай-ақ 0,3 %-ы тасып жеткізілетін суды пайдаланады.

«Ақ бұлақ» бағдарламасын бес жылда іске асыру кезінде бюджеттен 29,7 млрд.теңге бөлінді. Бөлінген қаражаттан 95 объектілерде жұмыс жүргізілді, олардың 88 аяқталған және пайдалануға енгізілді, 7 объект 2016 жылға ауысты.

2015 жыл қорытындылары бойынша келесі жетістіктерге қол жеткізілді:

-      орналықтандырылған сумен қамтуға орта облыстық рұқсат – 86%;

-      қалаларда орналықтандырылған сумен қамтуға рұқсат  – 97,2%;

-      ауылдарды орналықтандырылған сумен қамту – 43,1%.

765 елді мекендерден қазіргі уақытта орналықтандырылған сумен қамту 333 елді мекендерде – 10 қалаларда, 3 кенттер мен 320 ауылдарда жұмыс істеуде. Қалған елді мекендер 427 ауылдарда жергілікті көздердің суын пайдаланады, 3 ауылдарда шеттен әкелінген суды пайдаланады.

«Ақ бұлақ» бағдарламасын іске асыру арқасында 5 жыл ішінде 40 ауылдарда 35,7 мың адамдар үшін су құбыры салынды, 9710 км артық желі калпына келді.

2011 жылдан 2015 жыл бойынша кезеңінде 2670,0 млн. теңгеге 282 тұрғын үйдің жөндеуі жүргізілді.                        

Өңірлерді дамыту Бағдарламасы шеңберінде 2015 жылы 291,4 млн. теңгеге 21 көпқабытты тұрғын үйлердің күрделі жөндеуі жүргізілді, оның ішінде 8 үйлер 190,7 млн. теңгесі трансферттер есебінен және 13 үйлер 100,7 млн. теңге қайтарым қаражат есебінен.

Тұрғын үйлерге жүргізілген жөндеу қорытындылары бойынша соңғы нәтиже 19,5 % дейін күрделі жөндеуді қажет ететін, кондоминиум объектілер үлесінің төмендеу болып табылады.

2016 жылы 240,0 млн. теңгеге қайтару қаражат есебінен 16 үйлердің жөнделуі жоспарланған.

2.7. Білім беру және жастар саясаты. 2015 жылы мектепке дейінгі жүйеде 68140 балалар қамтумен 790 мектепке дейінгі мекемелер, соның ішінде: балабақша – 39578 жалпы балалар санымен 268 және 28562 жалпы балалар санымен 522 шағын-орталықтар.

3 жастан бастап 6 жасқа дейін балаларды мектепке дейінгі білім қамтуы өткен жылдың  0,9% өсумен 99,1% құрады.

2015жылы барлығы 3802 орынға 40 мектепке дейінгі мекемелер ашылды, оның ішінде:

- 2645 орынға 28 жеке балабақшалардың ашылуы (Аягөз ауданында 105 орынға, Бесқарағай ауданында 40 орынға, Зайсан ауданында 40 орынға, Глубокий ауданында 100 орынға, Үржар ауданында 50 орынға, Тарбағатай ауданында 75 орынға, Көкпекті ауданында 65 орынға, Ұлан ауданында 50 орынға, семей қ. 1047 орынға, Риддер қ. 578 орынға және Өскемен қ. 495 орынға);

- 7 мектеп 177 орындық кешен-балабақша кешенінде  қайта құрылды (Үржар ауданында 100 орын, Тарбағатайда 77 орын);

- құрылыс есебінен 980 орынға 5 балабақша енгізілді (Абай ауданы Қараул а. 140, Аягөз ауданы Аягөз қ. 140 орынға, Риддер қ. 140 орынға және Шемонаиха 280 орынға, Зырян ауданы Зырян қ. 280 орынға).

Облыста  673 мектеп жұмыс істейді, соның ішінде 667 мектеп – мемлекеттік, 6 мектеп – жеке.

Интелектуалдық  бағытымен: физика-математикалық, химия-биологиялық бағыттарымен Н. Ә. Назарбаев атындағы Зияткерлік мектебі мен Нұр Орда Халықаралық мектебі.

2015  жылы құрылыс есебінен 23 білім беру нысаны, соның ішінде 14 мектеп 4030 орынға (c.i. апаттық 1460 орынға 7 мектеп орнына ), 3 балабақша 980 орынға пайдалануға берілді және 4 нысаны қайта жаңартылды.

Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) 5888 мектеп бітірушісі қатысты, бұл 67,9% құрады.

Облыс бойынша ҰБТ орташа балы 80,4% құрады, бұл 2014 жылғы деңгейінен 2,4 баллға жоғары.

Жазғы кезеңде демалыс пен сауықтырумен 129,2 мың, балалар соның ішінде ауылдық жерде 21,3 мың балалар мен жасөспірімдер қамтылды, Демалыс пен сауықтырумен жалпы қамту 80,3 % құрайды.

Жазғы уақытта еңбекпен 51,3 мың бала қамтылды, жалпы қамту 31,8% құрайды.

Облыста аз қамтылған отбасылар балалары 21,2 мың бала, олардан жазғы демалыспен 16,1 бала қамтылған, ол 75 % құрайды.

Облыста 80 колледж (47 мемлекеттік, 33 мемлекеттік емес) жұмыс істейді, онда 36,3 мың оқушы оқиды, 2015 жылы мемлекеттік тапсырыс есебінен оқытылған 3696 мектеп бітірушілер (77,2%) жұмысқа орналасты.

 Облыс бойынша мемлекеттік тапсырыс есебінен оқитындардың барлық саны 19243 құрайды. 2015-2016  оқу жылына мамандарды дайындауға мемлекеттік тапсырыс жұмыс берушілер өтініштері негізінде мемлекеттік тапсырыс бойынша құралды және жергілікті бюджеттен 6000 орын құрайды.

ТжКБ ұйымның материалдық-техникалық базаны нығайтуға, жергілікті бюджеттен оқыту-өндірістік шеберханалар мен зертханаларды қазіргі қондырғылармен жабдықтау 62,7 млн. теңге жолданды.

2.8. Денсаулық сақтау және спорт. 2015 жылы денсаулық сақтау саласына 60,4 млрд. теңге жолданды.

Қатарға 10 денсаулық сақтау объектілері енгізілді, соның ішінде Өскемен қ. облыстық қан ортылығы, оңалту орталығы, Семей қ. жедел жәрдем және көмек  станциясы, 7 ауыл дәрігерлік амбулатория. 2016 жылы 2 объекті құрылысы жалғасуда: Семей қ. ядро медицина орталығы және Знаменка а. дәрігерлік амбулатория.

Бірыңғай Сall орталығы құрылды, оған 102 медициналық ұйымдар қосылды. Облыс тұрғындары Сall орталығы арқылы алғашқы медико-санитарлық көмектің, стоматологиялық клиника мекеме дәрігерлер қабылдауына жазылуға мүмкін. Халық үшін белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарда дәрігерлердің саны 4 179 адам, орта медициналық қызметкерлер – 10 884 құрады. Мемлекеттік секторда 10 мың халыққа дәрігерлермен қамту  29,9 (2014 жылы 30,1), ҚР – 30,0 (2014 жылы 30,3); орта медициналық қызметкерлермен – 78,0 (2014 жылы 78,0); ҚР 79,7 (2014 жылы 78,2).

213 жас мамандар келді, соның ішінде мемлекеттік ұйымдарға – 168, жеке ұйымдарға 45 мамандар.

Кейінгі дамуды көлік медицинасы алды. 2015 жылы облыс бойынша 6 жылжымалы мобильді кешен (ЖМК) жұмыс істеді: Аягөз. Зайсан, Үржар аудандарында, Семей қ. КДЦ 2 (аудандарға шығу жұмыстары үшін).

Күрделі климат-географиялық ерекшеліктер есебімен облысты санитарлық авиация мүмкіндіктері қолданылады. Облыстың аудандар мен қалаларға 295 ұшу жүргізілді. Барлығы 336 науқастар көшірілді, 505 науқастарға жедел медициналық көмек көрсетілді.

Алыс 8 аудандардағы науқастарға телемедициналық кеңес жүргізілуде. 1324 телемедициналық кеңес жүргізілді, жүргізілген кеңестер саны 42 профиль аурулар бойынша 906 кеңестер.

Ведомствоаралық өзара байланыс шеңберінде МЧС бірге жол-көліктік апаттарда зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіледі. 4 трассалық медициналық-құтқару пункті жұмыс істейді. 74 ЖКА  136 зардап шеккендерге көмек көрсетілген.

Онкологиялық ауруларды емдеу және диагностиканың жоғары техникалық әдістері дамуда: өңеш, ұйқы безі мен асқанзан қатерлі ісігі кезінде жоғары мамандандырылған хирургиялық әдістер.

Онкологиялық диспансердің материалдық-техникалық базасы нығайтылды (радиофармопрепараттарды өндірумен, магнит-резонанс томографпен, брахитерапиямен, референс - зертхана үшін телепаталогия жүйесімен ПЭТ/КТ).

Барлық осы шаралар онкологиялық аурулардан өлімді 6,87%-ға төмендеуге рұқсат берді, 5 жылдық науқастардың өмір сүруі 51% құрады.

Әлеуметтік маңызды көрсеткіштердің 2014 жылмен салыстырғанда тұрақтануы байқалады: нәресте өлімі – 2015 жылы 10,8 бастап 9,6 дейін 11,1%, қан айналым жүйе аурудан өлім - 3,8%, туберкулезбен ауру – 16 %, туберкулезден өлім - 26,1% төмендеді.

2015 жылы қорытындылары бойынша облыста дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысатын тұрғындар облыс халқынан 30,3% (423 мың адам) құрады.

Облыста 3149 бірлік спорт құрылғысы бар.

88 спорт нысаны пайдалануға енгізілді: соның ішінде 34 – олимпиада түрлері, 235,8 мың адам шұғылданады және 187,6 мың адам шұғылдану санымен 54 - олимпиада емес түрлерімен.

2015 жылы облыс аумағында 4 халықаралық, 15 республикалық, 149 облыстық және 3950 қала және аудандық спорт шаралары өткізілді. Оларды ішіндегі жаппай «Біз Президенттің командасы»мемлекеттік қызметкерлердің Спартакиадасы, оқушылардың спартакиадасы, «Жұлдызша» шайбамен хоккей бойынша жарыс, «Былғары доп» футбол бойынша болып табылады. 25 спорт түрлері бойынша облыстың 19 қала мен аудандардан екі мыңнан артық спортшы қатысумен облыс әкім жүлдесіне халық спорт Ойындары жүргізілді. Облыстың 140 мың азаматтардың қатысумен Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті – Н.А. Назарбаев ұлт Басшысы тестін тапсыру бойынша айлық жүргізілді.

Әр түрлі спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командасының құрамына 534 шығыс қазақстандықтар енді. Оның ішінде: жасөспірімдер құрамы – 148, жастар – 194, ересек немесе негізгі құрамы – 192 спортшы.

Есептік кезең үшін 14 - халықаралық класс спорт шеберлері, 58 ҚР спорт шебері, 464 спорт шеберіне кандидат, 408 бірінші разрядты спортшы. Халықаралық және республикалық жарыстарда облыс спортшылары 319 медальдар жеңіп алды, соның ішінде: 130 алтын, 119 күміс, 70 қола.

Өскемен қ. спортта дарынды балалар үшін облыстық мектеп-интернат үшін ғимарат кешені тұғызылды және пайдалануға енгізілді; Катон-Қарағай және Бесқарағай аудандарында физкультура-сауықтыру кешендердің құрылысы аяқталды; жаңа қондырғылармен Спорт диспенсері ашылды.

2.9. Мемлекеттік жекешелік әрістестік. 2015 жылы мемлекеттік жекешелік әрістестік шеңберінде 6,8 млрд.теңге сомасына 2 шарт жасалды, соның ішінде: Өскемен қ. 4,2 млрд. теңге сомасына 6 балабақшаның, Семей қ. 2,6 млрд. теңгеге 5 балабақшаның құрылысы мен пайдалануы. Пысықтау кезеңінде жалпы инвестициялық құны 48 млрд.теңгеге дайындығы жоғары деңгейімен 4 жоба бар.

2.10. Бюджет. Есепті кезеңде мемлекеттік бюджетке төлемдердің түсімі 183,6 млрд. теңгені құрады, орындалу – 113,6%, өрлеу қарқыны 2014 жылға 93,4%.

Облыс бюджетіне 81,2 млрд. теңге кіріс түсті, болжам 99,6%-ға орындалды, өрлеу қарқыны 2014 жылға 105,5% немесе 4,2 млрд.теңге.

2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыс бюджетінің шығыс бөлігі 248,3 млрд. теңгеге немесе   жоспарына 98,4% орындалды.

 3. Өңір дамуының 2016 жылға және орта мерзімді перспективаға арналған негізгі нысаналы индикаторлары.

 

р/с

 

Сала, нысаналы индикатор атауы

Өлш.

бірл.

2016 ж. (болжам)

Орта мерзімді кезең

2017 ж.

2018 ж.

2019 ж.

1

ЖӨӨ табиғи көлем өсуі

%

101,4

102,1

102,4

102,9

Өнеркәсіп

2

Өндеуші өнеркәсіптегі шығарылымның табиғи көлем индексі

%

101,2

101,5

101,8

103,5

3

Алдыңғы жылға өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігі

%

90,2

101,7

101,7

103,4

Ауыл шаруашылығы

 

 

 

 

 

 

 

4

Ауыл шаруашылығының табиғи көлем индексі

%

101

101,5

102

102,5

5

АӨК өнім экспорты өсімі

%

2

2,5

2,7

3

Шағын және орта бизнес

6

Тіркелген жалпы көлемінде әрекеттергі шағын және орта бизнес үлесі

%

83,1

83,9

84,9

86,1

Сауда

7

Бөлшек тауарайналымының табиғи көлем индексі

%

107

107,5

108

109

8

Тұтыну бағалар индексі

%

107,9

107,8

107,7

107,5

 

 

 

 

 

 

 

Инвестициялар

9

Халық рухына негізігі капиталға инвестициялар өсім қарқыны

%

100,7

101,5

102,2

103,2

Туризм

10

Алдыңғы жылмен салыстырғанда ішкі туризм (резидент) бойынша орналастыру орындарының келушілерге қызмет көрсету санының артуы

%

108,0

108,5

109,0

109,5

11

Алдыңғы жылмен салыстырғанда ішкі туризм (резидент емес) бойынша орналастыру орындарының келушілерге қызмет көрсету санының артуы

%

104,0

104,5

105,0

105,5

Қоршаған ортаны қорғау

12

Атмосфераға ластаушы заттарды жалпы тастау нормативтерінің белгіленген көлемі

мың

тонна

191

191

191

191

13

Су объектілеріне нормативті-тазартылған ағын судың тасталуы

мың

тонна

63

63

63

63

Энергиямен қамту

14

Электр энергиясын өндіру көлемі

млн.кВтч

8 703

8703

8703

8703

15

Электр энергиясын тұтыну көлемі

млн.кВтч

8  045

8 500

8 550

8 600

16

Өндірілген электр энергия жалпы көлемінде энергия көзімен жаңартылған өндірілген электр энергия үлесі

%

0,69

1,6

1,9

2,4

Сумен қамту

17

Қалаларда  орталықтандырылған сумен қамтуға қол жеткізуі

%

97,2

97,7

98

99

Ауылдарда орталықтандырылған сумен қамтуға қол жеткізуі

 

43,1

48

55,1

66,7

Жылумен қамту

18

Жылу энергиясын өндіру көлемі

мың

Гкал/с

11150

11150

11250

11400

Су бұру

19

Қалаларда  орталықтандырылған сумен қамтуға қол жеткізуі

%

59,8

65

75

85

20

Ауылдарда орталықтандырылған сумен қамтуға қол жеткізуі

%

4,7

6,2

8

11

Көлік

21

Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автожолдар үлесі:

 

 

%

 

76,5

 

77

77,5

78

22

Жолаушы автокөлік қатынастарымен қамтылмаған елді мекендер үлесі

%

35

30

25

15

Байланыс және коммуникация

23

100 тұрғынға телефон байланыспен тіркелген желілер тығыздылығы

бірл

28,4

28,3

28,2

28,2

24

Интернет пайдаланушылыр үлесі

%

71,4

71,6

71,8

72

25

Тұрғындардың цифрлық сауаттылық деңгейі

%

69

72

76

80

Тұрғын үй құрылысы

26

Пайдалануға енгізілген тұғын үй ғимараттардың жалпы ауданы

мың кв.м.

322,5

331,4

341,8

410,5

Білім беру

27

Жалпы саннан балаларды (3-6 жас) мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамту

%

98,4

99

99,6

99,8

28

Техникалық және кәсіби білім беретін әдеттегі жастағы жастарды қамту үлесі (14-24 жас), %

%

15,5

16,0

17,0

18,0

29

Мемлекеттік тапмырыс бойынша оқытылған және Техникалық және оқу бітіргеннен кейінгі бірінші жыл )кәсіби білім беретін мекемелер түлектерінің үлесі

 

%

65,4

65,5

67

69

Денсаулық сақтау

30

Күтілетін өмір сүру ұзақтығы

жыл

70,81

70,83

70,85

70,87

31

1000 ад. тұрғынға жалпы өлім

ад.

10,2

9,9

9,5

9,5

32

100000 тірі туылғанға ана өлімі

бірл.

11,5

11,0

10,4

10,4

33

1000 тірі туылғанға нәресте өлімі

бірл.

11,0

10,8

10,2

10,2

Мәдениет

34

1000 адамға мәдениет мекемелерін (қатысу) қатысушылардың орта саны:

бірл

 

 

 

 

кітапхана

 

297,6

298,2

298,8

299,4

театр

 

104,3

104,5

104,7

104,9

концерттік мекемелер

 

96,6

97,1

97,3

97,5

мұражайлар

 

548,9

549,9

551

552,1

Дене шынықтыру және спорт

35

Тұрғындарды, с.і. балалар мен жасөспірімдерді дене шынықтыру және спортпен қамту

%

30,2

30,3

30,4

30,5

14,4

14,5

14,6

14,7

Әлеуметтік қорғау

36

Жұмыссыздық деңгейі

%

4,9

4,8

4,8

4,7

37

Адресті әлеуметтік көмек алатын санынан еңбекке қабілеттілік үлесі

%

27

26,5

26

25,5

Тілдерді дамыту

38

Мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындар үлесі

%

77

79

81

83

39

Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілін меңгерген халық үлесі

%

3,3

3,5

4

4,5

Жастар саясаты

40

14 және 29 жас аралығындағы тұрғындардың мемлекеттің жастарға қатысты саясатымен қанағаттану деңгейі

%

41

42

43

44

41

15-28 жас аралығындағы жастардың жалпы санынан NEET үлесі

%

8,1

7,9

7,7

7,5

Мемлекеттік қызметтер

42

Жергілікті атқарушы органдармен көрсетілген мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қанағаттану деңгейі

%

83

85

87

89

Құқықтық тәртіп

43

Көшелерде істелінген қылмыстардың үлес салмағы

%

14,8

14,7

14,6

14,5

44

100 зардап шеккендерге жол-көліктік оқиғаларда өлгендер санын төмендету

Бірл.

7,8

7,8

7,7

7,7

  Өңірдегі инвестиция үшін тартымды бағыттар.

Шығыс Қазақстан – барлық жағынан алғанда бірегей өңір, соның ішінде инвестициялық тартымдылығы және экономикалық қызметтің көптеген салаларында өзара ынтымақтастыққа қызығушылықты арттыруда да.

Өңір қойнауларында пайдалы қазбалардың алуан түрлі шоғырланған (түсті және қара, асыл, сирек және сирек жер металдары, көміртегі, көмір, жанатын тақтатас, мұнай, газ, руда емес шикізат және минерал сулары). Бірақ осы уақытқа дейін өткізілген геологиялық барлау жұмыстары бір километрден аспайтын жер қабатын қамтыған, және осы қабатта анықталған қорлар кейбір кен орындары бойынша таусылған, ал қалғандары бойынша қолданыстағы өндіріс қуаттарын тағы 20-25 жылға қамтамасыз етеді.

Сондықтан, өңірдің ғана емес, сонымен бірге жалпы Қазақстанның экономикасын дамыту үшін қажетті пайдалы қазбалардың орасан және бірегей жаңа кен орындарын анықтау мүмкіндігі бар терең жер астында перспективалы қуатты геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу қажеттілігі бар.

Негізгі саласы түсті металлургия болып табылатын өнеркәсіп секторы шикізатты бағытта болып қалуда, Жалпы республикалық көлемде облыста өндірілетінқорғасынның үлес салмағы 98,4%. мырыш – 96,6%, тазартылған алтын – 65,3%, тазартылған күміс – 79,3%, атомдық электростанциясы үшін титан, магний, тантал, бериллия және отын - 100%.

Осы өнімдердің түрлері бойынша дайын бұйымдар шығаруға үлкен мүмкіндік бар, мұнда облыстың қосымша құнның негізгі бөлігі шоғырлану мүмкін. Бірақ сол уақытта өңірдің экономикасын ғана емес тұтас Қазақстанды да дамыту үшін дайын өнімдерді шығаруға шоғырланған кәсіпорындар өңірде жоқ.

Өңірде импорт бойынша жеткізілетін торап пен агрегаттан бастап ақырғы бұрандалы бекіткішке дейін женіл автомобильдер, автобустар мен тракторларды құрастыру бойынша құрастыратын өндіріс орналасқан, яғни осы құрастыратын өндірістер үшін жинақтаушыларды жасау бойынша  өндірісті құруға шиеленіскен қажеттілігі бар.

 Облыс аумағының 30% май қарағай, балқарағай, көктерек, қайың  сияқты ағаштардан тұратын және Қазақстанның іскерлік ағашның 70 %  жұмылдыратын ормандар құрайды. Сонымен қатар, бұрын қатты дамыған  ағаш өндеу саласы, бүгінгі күні құлдыраған, және қайта қалпына келтіруді қажет етеді.

Облыстың орман шаруашылығы ресурстық мүмкіндігін  пайдалануымен шағын және орта бизнесті дамыту үшін ҮИИДБ (Үдемелі индустриялық - иновациялық даму бағдарламасы) шеңберінде аласа бойлы, ұсақ тауарлы ағаштарды қайта өндеу бойынша екі инвестициялық жобаны іске асыру қарастырылды. Ол «Мелиса» ЖШС OSB тақталардың өндірісі мен «Фаворит»  ЖШС кәсіпорын ағаш өндеу мен фанера өндіруді қайта өндіру және дамыту бойынша зауыттың құрылысы, оларды іске асыру 2017 жылға дейін ұзартылады.

Өңірде сарқылмайтын энергетикалық  мүмкіндіктер бар. Жыл сайынғы электр қуатын (шамамен 7,3 млрд. кВт сағ.) өндіру көлемінің 70%-ы су электр станцияларына, ал қалғаны- жылу электр станцияларына тиесілі.

Сонымен қатар, бірнеше жыл қатарында электр қуатының тапшылығы бар (2015 жылға дейін жылына 1 және одан артық млрд. кВТ сағ. құрайды), егер қосымша қуат енгізілмесе өңір экономикасының өсуімен қатар өсе береді.

Маңызды бас артерия - Ертіс өзені мен оны тармақтарында қажет электр қуатын өндіруге жеткілікті мүмкіндік бар, және оның өндірудің өзіндік құны жылу станцияларына қарағанда әлдеқайда арзан және мұндай мүмкіншілік Қазақстан өңірлерінің ішінде тек қана осы облысқа тән.

Сондықтан өңір өзендерінде орта және шағын су электр станцияларының құрылысы қажет етіледі.  Бір мезгілде осы бағыттағы басқа электр қуатын өндірудің (күн, жел) балама (қалпына келтірілетін) көздерін пайдалану бойынша жобаларды іске асыруға мүмкіншілік бар.

Бүгінгі күні экономиканың жеткілікті дамыған секторларының бірі ауыл шаруашылығы болып табылады. Осы бағытта мал өнімділігін жоғарылату мақсатында жайылымның тиімділігін жоғарылатудың маңызы зор.

Алайда суландырудың аздығы себебінен көптеген жайылымдар жеткілікті тиімді пайдаланылмайды. Осыған орай, терең су ұңғымаларын бұрғылау арқылы малға арналған сумен қамтамасыз ету қажет.

Өңірдің ауыл шаруашылығы негізінде мал шаруашылық бағыты және тек қана мал шаруашылығымен айналысатын ауылдық өңірлер бар. Бірақ  қазіргі уақытта осы өңірлерде мал шаруашылық өнімін терең қайта өндеу бойынша кәсіпорындар дамыған жоқ.

Ауыл шаруашылғы өнімдерін қайта өндеу бойынша жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар технологиялық құрал-жабдық және технология деңгейі бойынша қазіргі талаптарға сәйкес келмейді және қайта құру мен жаңартуды қажет етеді.

Инфрақұрылым кешенің дамыту мақсатында облыс Еурапалық қайта құру және Даму Банкімен белсенді түрде ынтымақтасады. Қазіргі уақытта ЕҚҚДБ пысықтауында жалпы инвестициялық құны 131 млрд.теңге болатын 12 инфрақұрылымдық жобалар табылады. Олардың ішінен 2015 жылы 2,6 млрд.теңгеге «Семей қ. сумен қамтамасыз ету және субұрғыш жүйелерін жаңарту» және 8,4 млрд. теңгеге «Семей қ. жылумен қамтамасыз ету жүйесін жаңарту» бойынша жобаларды бірлесіп қаржыландыру жөнінде ЕҚҚДБ-мен кредиттік шарттар жасалынды.

Өңірдің инфрақұрылымдық кешені жеткілікті дамыған, бірақ сонымен қатар мемлекеттік-жеке меншік әріптестік арқылы шешуді қажет ететін нақты проблемалары бар, себебі қомақты қаражат қажет. Мысалы, облыстың солтүстік-батыс өңірлері тұрғындарының оңтүстік-шығыс бөлігі және облыс орталығымен ең қысқа жол арқылы тұрақты байланыс орнату мақсатында Бұқтырма су қоймасы арқылы көпір салу, қалада көлік ағыны жүктемесін азайту және қаладағы экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында облыс орталығында бірнеше көпір және жол өткелдерін салу, тұрғындарға қолайлы тіршілік ету ортасын құру үшін Өскемен қаласының өнеркәсіптік аймағынан тұрғындарды қаланың сол жақ жағалауына көшіру, өңірдің көліктік мүмкіндіктерін ұтымды пайдалану мақсатында өзен параходының жұмыс істеуін қайта жандандыру, алыс өңірлерге жетуді қамтамсыз ету және сол жерлерде жаңа өндірістерді дамытуға жағдай жасау үшін өңірдің шығыс аумақтарында көлік айналымын құру мақсатында Шар-Майқапшағай теміржол желісінің құрылысы , электр энергиясы мен өндірілетін өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату бойынша өсіп келе жатқан тапшылықты қалпына келтіру үшін Бұлақ ГЭС және бірқатар шағын ГЭС құрылысы.

Бұдан басқа, осы әріптестік қатынастарда білім, денсаулық сақтау, мәдениет, әлеуметтік қорғау, туризм және спорт объектілерінің құрылысы бойынша шексіз мүмкіндіктер бар.

5. Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2019 жылдарға арналған бағдарламасының іске асырылуы.

Қазіргі уақытта облыс бойынша индустрияландыру картасы 76 жоба қосады, құны 891 млрд.теңге, 17 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарлануда.

Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамудың жеделдетілген  Бағдарламасының бірінші бес жылдық (2010-2014 жж) қорытындылары бойынша 220,4 млрд.теңге сомаға 41  инвестициялық жоба іске асырылды. 6 мыңнан астам жұмыс орны құрылды.

Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамудың  Бағдарламасының екінші бес жылдық (2015-2019 жж) 11 мыңнан астам жұмыс орны құрылумен, 670,5 млрд.теңге сомаға 35 инвестициялық жоба жоспарлануда.

2015 жыл бойынша 5,5 млрд.теңге құнымен 7 жобалар іске асырылған, 600 артық жұмыс орындары құрылды.

 

 

 

 
 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 20.03.2012 / 24.11.2016