«Риддер ЖЭО» АҚ

Кәсіпорын қызметінің бағыты: электр және жылу энергиясын өндіру, тарату және бөлу, электр станцияларын, электр желілері «Риддер ЖЭО» АҚмен кіші станцияларын пайдалану, электр энергиясын қайта сату мақсатында оны сатып алу.

Жылу энергиясын тұтынушыларға тасымалдау үшін кәсіпорын арна бойынша жалпы ұзындығы 18.6 шқ, оның ішінде жер үстіндегі 3.5 шқ және жер астындағы 15.1 шқ магистральдық желіні пайдаланады. Арна бойынша кварталдық жылу жүйелерінің жалпы ұзындығы 42.83 шқ, оның ішінде жер астындағы 38 шқ және жер үстіндегі 4.8 шм құрайды.

Электр энергиясын тұтынушыларға тасымалдау үшін кәсіпорын 110/6/35 кВ ОРУ-ға сай келетін электр жүйелерін пайдаланады. Бұл әуе арқылы № 111, 117, 132, 169-110 кВ; 26, 28, 44, 40, 303, 27-35 кВ электр тарату желілері; өз қажеттіліктерінің желісі мен тазарту құрылғылары – 6кВ және Мырыш зауытының шинасымдары.

2006 жылы станцияның өнім өндіруі 188,3 млн.кВт.сағ. құрады, бұл 2005 жылға қарағанда 11,9 %-ға кем.

«Қазцинк» АҚ, «Казтюмень» ЖАҚ, Шахтострой, шағын кәсіпорындар, жеке кәсіпкерлер мен тұрғын сектор РЖЭО өндіретін жылу энергиясының негізгі тұтынушылары болып табылады.

«Қазцинк» АҚ Риддер ЖЭО электр энергиясының негізгі тұтынушысы болып табылады.

Василий Сергеевич Ногин «Риддер ЖЭО» АҚ-ның президенті Василий Сергеевич Ногин

Туған уақыты 1944 жылғы 8 желтоқсан, туған жері ШҚО, Лениногор қаласы.
Білімі орта арнаулы, Лениногор кен-өнеркәсіп училищесі, өнеркәсіптік жабдықтардың слесарі
Жоғары, Қазақ политехникалық институты, машина жасау технологиясы, металл кесуші станоктар мен саймандар, инженер-жөндеуші

Еңбек өтілі 14.07.1962 – 21.08.1963 Ертіс химия-металлургия зауыты, слесарь-аппаратшы
24.11.1964-13.06.1969 Лениногор полиметалл комбинаты, Мырыш зауыты, слесарь
11.07.1969-15.09-1969 Өскемен қаласының ет комбинаты, ЖЭО слесарі
09.10.1969 бу қазандықтарының (орта қысымды) машинисі
20.03.1972 қазандық-турбина цехының қазандық бөлімшесінің шебері
20.12.1974 ЖМЦ шебері
10.10.1977 қазандық-турбина цехының қазандық бөлімшесі бастығының орынбасары
05.03.1980 қазандық-турбина цехының бастығы
16.10.1989 бас инженер
29.11.2002 бас директордың м.а.
23.02.2003 бас директор
11.03.2005 «Риддер ЖЭО» АҚ-ның президенті

Наградалары, құрмет грамоталары
Облыстық кәсіподақтар кеңесі облыстық комитетінің құрмет гармотасы, «ЖЭО-ның үздік рационализаторы» атағы, «Еңбек ардагері» құрметті атағы, «Еңбек ардагері» медалі.

 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 01.02.2012 / 20.02.2017