«Ульба Комплекс» ЖШС

«Ульба Комплекс» ЖШСӨндірістік қойма кешенінің жалпы көлемі 30 678 м ², оның ішінде қойма бөлмелерінің жалпы көлемі – 21 438 м ² . ПСК қарамағына қарайтын алаң көлемі – 13,9 га. Кешен азық-түлік өнімдері мен өнеркәсіптік тауарларды сақтау мен қайта өңдеуге арналған. Қоймалар мен цехтар бір блокқа біріктірілген.

Кешенге темір жол тармағы және автокөлік жолдары жүргізілген. Барлық тиеу және түсіру жұмыстары 1,2 т. жүк көтергіш электртиеуіштердің көмегімен атқарылады. Оларды жөндеу және зарядтау жұмыстарына арналған жөндеу- механикалық шеберхана мен гараж бар.

Аммиакты мұздатқыш құрылғылар бөлімі мұздатқыш камераларға өте жақын орналастырылған. Мұздатқыш құрылғы мұздатылған камерадағы жүкті -10 º нан - 20º, көкөніс және жеміс-жидек камераларында

-1º ден + 4º режімде қамтамасыз етеді. Салқындату қажеттілігін қамтамасыз ету үшін 5 дана мұздатқыш-компрессорлық агрегаттар құрылған. 3 жаңа мұздатқыш агрегатты іске енгізуге байланысты 25 ºС температуралық режімге қол жеткізілді, мұздатқыш құрылғы тұрақты және сенімді түрді жұмыс істейді. Аммиакты циркуляциялау үшін жүйеге 4 аммиак сорғышы құрылды. Салқындатқыш камералар жүйесінде 10 тоннаға дейін аммиак циркуляциядан өтеді.

Хладоген – 100 % аммиак.
-10 нан - 20 º режімдегі камералар мұздатылған тағамдарды ұзақ уақыт сақтауға арналған (ет, балық, құс еті т.б.)
-1º ден + 4º режімдегі камералар көкөніс, картоп, жеміс- жидектерді ұзақ уақыт сақтауға арналған.

Тауарлар металл контейнерлерде және арнайы көкөніс сақтайтын контейнерлерде сақталады.

Кешен қоймаларында сақтауға болады:

  1. 8000 т. көкөніс өнімдері
  2. 1500т. ет- балық
  3. 2000 т. гастроном тағамдары

Өндірістік кешенде мынандай цехтар жұмыс істейді:
1. Ұн өндіру – 390 м ²
2. Макарон – 200 м ² .
3. Балық – 717 м ² .
4. Қасап - 300 м ² .
5. Шұжық жасау – 528 м ² .

«Ульба –Комплекс» ЖШС қызметінің негізгі бағыттары:

  1. ауыл – шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өндіруді ұйымдастыру және іске асыру;
  2. халық тұтынатын тауарлар мен өндірістік- техникалық бағыттағы өнімдерді өндіру;
  3. халық тұтынатын тауарлар мен өнеркәсіп өнімдерін сатуды іске асыру; (жекелеп және жаппай);
  4. азық- түлік тауарларын өндіру мен сатуды ұйымдастыру;
  5. халық тұтынатын тауарлар мен өнімдер бойынша сату- сатып алу қызметін іске асыру;
  6. қозғалыстағы және жылжымайтын мүлік арендасы (лизинг);
  7. делдалдық операцияларды ұйымдастыру, іскерлік серіктестер іздеу, тауарлар мен өнімдер сатып алу, өнім өндіру жұмыстарын жүргізуде кеңестік және делдалдық қызмет көрсету.

Бүгінгі күні компания мынандай инвестициялық жобаларды әзірлеп жүзеге асырды:

  1. Балық өнімдерін қайта өңдеу жөніндегі өндірістік цех;
  2. Макарон өндіру цехы
  3. Ұн тарту цехы;
  4. Қасап цехы

Рябцева Людмила Анатольевна«Ульба Комплекс» ЖШС директоры  - Рябцева Людмила Анатольевна

1959 жылы Өскемен қаласында жұмысшы отбасында дүниеге келген (әкесі – жүргізуші, шешесі – ауыл шаруашылығы маманы – лаборант, кейіннен – элеватор директоры).
1984 жылы Новосібір электротехникалық институтын инженер- электрик мамандығы бойынша тәмамадаған.
Институтты аяқтағаннан кейін Уренгой ГРЭС-інде гидромеханизация учаскесінде электрик, мәңгі мұз грунттарын электрмен ерітетін учаскеде мастер болып қызмет атқарған (1983-1990жж). 1990 жылдың күзінен бастап «Предгорное элеваторы» ААҚ мастер болып қызмет атқарды, 1996 жылдың қаңтар айынан кәсіпорын Президенті болып сайланды.
2002 жылдың ақпан айынан – «Ульба Комплекс» ЖШС директоры.

Тұрмыс құрған, екі ересек баласы бар.

Бос уақытында көп оқиды, тоқыма тоқумен айналысады, жазда – дачада жұмыс істейді.

 

Мекенжай: 070005, Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы, Абай даңғылы 191,

 

 

 

Дата создания / изменения страницы: 01.02.2012 / 20.02.2017