«ДСК-1» ЖШС

Директоры - Илларионов Олег Тимофеевич

«ДСК – 1» ЖШС «Отан» компаниялар Тобы құрамына кіреді. «Отан» КТ 1994 жылы құрылды, ал «ДСК – 1» ЖШС 2004 жылы құрылысқа жаңа технологияларды енгізу бағдарламасын тарату үшін құрылды.

«ДСК – 1» ЖШС жан-жақты бағыттағы тезтұрғызылатын ғимараттардың каркасты құрылысының теңдессіз технологияларының негізінде Өскемен қаласында 18 шағын аудан салуда. Технологияның икемділігі архитектуралық мәнер және жайлардың ішкі жоспары бойынша барлық талғамдарды қанағаттандырады, ғимараттар моральды ескірмейді және жеңіл жетілдіріледі. Шағын аудан «МІТек» технологиясымен көтерілуде, ол аз қабатты әкімшілік және тұрғын ғимараттардың құрылысына арналған ағашметаллды конструкцияларды жобалауға және жасауға мүмкіндік береді.

«ДСК-1» ЖШС
«ДСК-1» ЖШС

Каркасты құрылыстың ерекшелігі:

  1. құрылыс жылдың кез-келген мерзімінде жүргізіле береді;
  2. конструкцияның жоғарғы жылуоқшаулағыш қасиеті;
  3. конструкцияның жеңілділігі фундаментке жүктемені азайтады;
  4. өңдеу жұмыстарының жеңілділігі;
  5. қысқа мерзімді құрылыс;
  6. каркасты үй барлық коммуникацияны қабырғаның ішіне орнатуға мүмкіндік береді.

18 шағын аудан – комфортабельді тұрғын комплекс, жалпы ауданы 20 га және 3 мың жанұяға есептелген. Құрылыста экологиялық таза өнімдер мен материалдар қолданылады, конструкция 10 балдан төмен емес сейсмологиялық жүктемеге есептелген, ал панель қалыңдығының өзгертілуі ғимараттарды кез-келген климаттық жағдайларда көтеруге мүмкіндік береді. Шағын ауданның әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымы: сауда орталығы, теннис корты, дала тренажерлары бар ашық спорт алаңы және футбол алаңы.

Шығыс-Қазақстан облыс әкімінің экономикалық кеңесімен BESSER қаптама кірпіштерін және TIGER табиғи черепицаны өндіру бойынша «ДСК – 1» ЖШС жобасы қарастырылған және «Каменный карьер» бизнесті дамыту аясында 2 га мөлшерінде жер телімі бөлінді.

Қатынас ақпараты: Қазақстан Республикасы, Шығыс-Қазақстан облысы,070011,
Өскемен қаласыТәуелсіздік даңғылы, 91/1
тел. + 7/7232/53-11-74,
факс + 7/7232/55-52-95
E-mail: Illarionov_Oleg@list.ru

 

 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 01.02.2012 / 20.02.2017