Орта және шағын бизнес
«Бизнестің жол картасы – 2020»
Шағын және орта бизнес кәсіпорындары
Лицензии

ШҚО кіші және орта кәсіпкерлікті дамыту туралы  ақпарат

2017 жылдың 1 шілде қорытындысы бойынша облыста жұмыс жасайтын КОК субъектілерінің саны 83 547 бірлікті құрады және 2016 жылға қарағанда 1 % көбейды  (82 732 бірлік).
2017 жылдың 1 сәуірде КОК жұмыспен қамтылғандардың саны 217 028 адамды құрады, бұл 2016 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 4 % кем (226 138 адам).
КОК жұмыс жасайтындардың үлес салмағы экономикалық белсенді халық санының  30,5% құрады.
Барлығы 6 айдың көлемінде кіші кәсіпкерлік саласында 5238  жаңа жұмыс орны құлырды.
2017 жылдың қантар-наурыз айларында КОК субъектілері шығаратын өнім көлемінің номиналды көрсеткіші 2016 жылдың  сәйкес мерзімімен салыстырғанда 12,7 млрд. теңгеге немесе 12,1% өсті және 118,2 млрд. теңгені құрады (105,5 млрд. теңге).

Өңдеу өнеркәсіптері КОК қолдау Бағдарламасы бойынша Елбасы тапсырмасымен бөлінген Ұлттық қор қаражаты есебінен 2014 жылдан бастап 148 жоба жылдық 6%  көрсеткішпен 17,0 млрд. теңгеге қаржыландырылды. (сонымен қатар 2016 жылы 2014-2015 жылдары  қайтарылған қаражат есебінен 33 жоба 4,7  млрд. теңгеге қаржыландырылды).
Жалпы бағдарлама аясында қатысушылар облыс бойынша 6,6 млрд. теңге көлемінде салық төледі. Қолдау көрсетілген кәсіпорындарда жұмысшылар саны 14,9 мың адамнан асады, 986 жұмыс орны құрылды.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 01.02.2012 / 10.08.2017