Әкімшілік тосқауылдарды жою жөніндегі жұмыс туралы ақпарат

Әкімшілік кедергілерді жою жөніндегі Республикалық жұмыс тобы отырысының хаттамалық тапсырмасын орындау барысында және әрбір облыстық және территориалық мемлекеттік органдарында әкімшілік кедергілерді жою жөніндегі атқарылған жұмыстар шеңберінде  рұқсат беру жүйесін оңтайландыру бойынша  Жұмыс тобы құрылды. Олардың құрамына мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінен басқа да бизнес-қауымдастық өкілдері кірді («Атамекен» Одағы» ҚҰЭП, Қазақстанның кәсіпкерлер Форумы, өңірлік кәсіпқой құрылысшылар, қауымдастықтар, жарнама өндірушілер, көлік қауымдастығы және басқа да тәуелсіз сарапшылары).
Облыс әкімінің өкімімен (2009 жылғы 5 ақпандағы №1-31ө) құрылған Әкімшілік кедергілерді жою жөніндегі облыстық жұмыс тобы өңірде рұқсат беру жүйесін оңтайландыру органы болып белгіленді. Жұмыс тобына кәсіпкерлік мәселелерін жетекшілікке алған облыс әкімінің орынбасары басшылық етеді. Құрамына мүдделі облыстық мемлекеттік органдар мен қоғамдық кәсіпкерлер бірлестігінің басшылары кіреді.
Ағымдағы жылғы 24-мамырда өңірлік деңгейде рұқсат беру үрдісін оңтайландыру мәселесі жөнінде семинар-кеңес өткізілді.
Бекітілген Жоспар-кестеге сәйкес ағымдағы жылғы 22 маусым 3 шілде аралығында облыстық Жұмыс тобының шеңберінде «Экономикалық зерттеулер  институты» АҚ сарапшыларының қатысуымен аудандар мен қалалар әкімдерінің, облыстық және аумақтық басқармалардың оңтайландыруды жүргізу және рұқсат беру үрдістерін қайта қарау жөніндегі департаменттердің есеп беруі тындалды.
Мәліметтерге сәйкес, облыс бойынша 35% жуық әкімшілік үрдістерінің күшін жою туралы ұсыныстар жасалды, мемлекеттік қызметтерді ұсыну мерзімі қысқартылды, мемлекеттік органдар мен  кәсіпкерлердің өзара әрекеттесуі жеңілдетілді.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 11.09.2013 / 11.09.2013