Бизнес жол картасы -2020

 «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы

Кәсіпкерлікке қаржылық қолдау көрсету мақсатында бизнесті қолдау және дамытудың «Бизнес жол картасы 2020» бірыңғай бағдарламасы аясында 2010 жылдан бастап бағдарламаның 3 бағыты бойынша: 
- 804 жоба жалпы несие сомасы 115,3 млрд. теңге көлемінде субсидияландырылды, төленген субсидия сомасы  10,9 млрд. теңгені құрады;          
- 242 жоба жалпы несие сомасы 8,4 млрд. теңгеге кепілдендірілді, берілген кепілдіктердің сомасы 3,7 млрд. теңге;
- 79 жобаға 222,9 млн. теңге  көлемінде грант берілді;   
- 892,9 млн. теңге көлемінде 256 микронесие берілді (2016 жылы «Ауыл шаруашылығына қаржылық колдау көрсету Қоры» АҚ ШҚ филиалына 279,0 млн. теңге аударылды, онда микронесиелерге берілген өтінімдер қарастырылып, іріктеледі);
2017 жылда қаржылай емес қолдау көрсету аясында Бизнес жүргізу негіздерін оқыту және потенциалды, бастаушы кәсіпкерлерге кеңес беру бойынша «Бизнес-кеңесші» және «Бизнес-Өсу» құрамдастарында   582  тыңдаушы білім алды, КОК топ-менеджментін оқытуда 149 мекеменің жетекшілері қатысты.
«Қолданыстағы бизнесті сервистік қолдау» жобасы аясында КОК 4477 субъектісіне қызмет көрсету компаниялары арқылы 2320 сервистік қызмет көрсетілді.
Кеңес берілді:
- Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында - 4824 клиентке 6080 қызмет
- Кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталықтарында – 8268 клиентке 14508 қызмет;
- Кәсіпкерлерге қолдау көрсету мобильдік орталықтарда - 437 клиентке 461 қызмет;
Барлығы бизнесті қолдау және дамытудың «Бизнес жол картасы 2020» бірыңғай бағдарламасы аясында облыс кәсіпкерлері 30,9 млрд. теңге көлемінде салық төледі, 774,9 млрд. теңге көлемінде өнім шығару қамтамасыз етілді, 4,3 мың жұмыс орны құрылып, 17,0 мың жұмыс орны қолданылды.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 19.06.2015 / 10.08.2017