Өнеркәсiп және бизнес
 Банкроттық жайлы сұрақ-жауап
«100 СҰРАҚ – 100 ЖАУАП  банкроттық»
«100 СҰРАҚ – 100 ЖАУАП оңалту және банкроттық»
Әкімшілік тосқауылдарды жою жөніндегі жұмыс туралы ақпарат
Орта және шағын бизнес
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Қазақстандық сертификаттау және стандарттау институты» РММ-нің Шығыс-Қазақстандық филиалы
ШҚ өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер Ассоциациясы
ШҚО өнеркәсіп кәсіпорындары
Құзырлы мемлекеттік органдардың мекенжайларын және байланыс телефондарын көрсетумен жеке істі, несиелеуді, субсидиялауды, салық салуды ұйымдастыру және дамыту мәселелері бойынша анықтама материалдар
Бизнес жол картасы -2020

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мен  Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіпкерлер палатасы   кәсіпкерлік субъектілеріне тауар нарықтарындағы бағалардың алыпсатарлық өсуіне жол бермеу туралы  бірлескен үндеуі

Алыпсатарлық бағалар тәуекеліең алдымен бірінші кезекте қажет азық-түлік тауарларына, жоғары тұтынушылық сұранысқа ие (автомобильдер, ұйымдастырушылық техника, тұрмыстық химия заттары және т.б.), сондай-ақмультипликативтік әсері бар азық-түлікке жатпайтын тауарларға (мұнай өнімдері, тауарлық және сұйытылған газ, көмір, мазут және т.б.) қалыптасқан жағдайда,Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті мен ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы халық үшін  сауда мен қызметтер салаларының кәсіпорындарына, сондай-ақ  отандық  тауарөндірушілерге  тұтынушылар тарапынан дүрлігуге және наразылыққа итермелемей  қалыпты жұмыс режимін сақтауға  шақырады.

Қалыптасқан макроэкономикалық жағдайда барлық бизнес-қоғамдастықтары мен мемлекеттік органдардың бір жағынан  нарық субъектілері тарапынан  алыпсатарлық, ал екінші жағынан – билік өкілдері тарапынан теріс пайдалану және негізсіз бақылау және  санкциялық іс-қимылдар  фактілерінің туындау тәуекелдеріне алып  келмеуі тиіс  бірлескен конструктивтік  іс-қимылға  күштерді жұмылдыру маңызды деп санаймыз.

Монополияға қарсы орган монополияға қарсы заңнаманы бұзушылық белгілері бойынша  тергеу ашуға  құқылы.

Сонымен, тергеуді бастауға нарық субъектілерінің мынадай алыпсатарлық (немесе үстем жағдайды теріс пайдалану) фактілері алып келуі мүмкін:

- монополиялық жоғары бағаны белгілеу;

- өндiру немесе өнім беру мүмкiндiгi болған кезде сұранысқа ие тауарларды өндiру және өткізу бойынша негізсіз шектеулер енгізу;

- тауарды өнім айналымнан алып қою арқылы нарықта жасанды тапшылық жасау («Бәсекелестік туралы» ҚР Заңының 13-бабы).

Сондай-ақ:

- тауарларды сатып алу немесе өткізу  бағаларын не басқа шарттарын белгiлеу және (немесе)қолдау; 

- тауарларды өндіру мен өткізуді негізсіз шектеу («Бәсекелестік туралы» ҚР Заңының 10,11-баптары)бойынша нарық субъектілерінің келісімдері және (немесе) келісілген іс-әрекеттеріне тыйым салынады.

Мұндай іс-әрекеттерді жасау барлық монополиялық табысты тәркілеп (ҚР ӘҚБтК-нің 159-бабы)3%-дан 5%-ға дейін айналым айыппұлдарын салуға әкеп соғады.

Бұдан басқа, аталған бұзушылықтар үшін қылмыстық жауапкершілік (ҚР ҚК-нің 221-бабы)көзделген.

Сонымен қатар, монополияға қарсы тергеуге жол бермеу үшін ескертілетін ықпал ету шараларын қолдану кезеңінде нарық субъектілерін өз қызметін негізді бағалық және сауда саясатын жүргізіп, қолданыстағы заңнамаға қатаң сәйкестікте, объективті мән-жайларды, оның ішінде: 

- өнім қалдықтарының (қорының) бар болуы;

- өнімді өндірудің нақты өзіндік құнының немесе сатып алу құнының өзгермейтіндігі;

- өткізілетін өнімнің  артуы өнімнің өзіндік құнының не өнімнің сатып алу құнының артуына пропорционалды болуы (мысалы, сатып алу не өзіндік құн бар болғаны 5%-ға ұлғайған кезде тауарды өткізу бағасының 20%-ға негізсіз ұлғаюы).

Монополияға қарсы органның қызметкерлері әкімдіктер жанынан құрылған бағаларды бақылау бойынша жедел штабтардың құрамына кірді, онда монополияға қарсы ден қою құралдарының елеулі жинағын ескере отырып, қалыптасқан жағдайда олар белсенді рөл атқаратын болады. 

Тергеулерден басқа, монополияға қарсы орган негізгі әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағаларына күн сайын мониторинг жүргізетін болады. 

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өңірлік кәсіпкерлер палатасының  күшімен аталған штабтарда  өз өкілдіктерін  қамтамасыз етеді, олардың міндеті:

-  бизнес-қоғамдастықтармен, сауда желілерімен, базарлармен және ОТП бағаларды негізсіз көтеруіне жол бермеу жұмыстарын ұйымдастыру;

-  жергілікті атқарушы органдар тарапынан асыра сілтеуге  жол бермеу (өкілеттіктерін асыра пайдалануға  бақылаушы мемлекеттік органдарды  тарту,  баға саясатын таңу және т.б.);

-  халық үшін  аса маңызы тауарлар мен қызметтердің бағаларына талдау жұмыстарын ұйымдастыру және мониторинг жүргізу болып табылады.  

Бағалардың күрт өсу фактілері бойынша ҚР ҰЭМ ТМР және БҚК Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің 8 (7232) 70-49-00, 61-41-20, сенім телефоны арқылы хабарласуға, сондай-ақ ресми өтініштермен жүгінуге болатынын азаматтарға хабарлаймыз.

Кәсіпкерлік субъектілері мен азаматтарға  барлық  толғандырып отырған мәселелер бойынша облыстың Шығыс Қазақстан облысы  өңірлік кәсіпкерлер палатасы  кеңесшілерімен тұрақты байланыс жұмыс істейді тел.: 8 /7232/ 702 953, факс: 8 /7232/251 287, электрондық пошта: oskemen@palata.kz, сайт: www.palata.kz

Конкурстың нысанасы: ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан адамдарға «Бизнестің жол қартасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде (өз бизнесін құруға) ұсыну.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 15.12.2011 / 07.04.2017