Азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру

Облыста мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауын насихаттау бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмысы жүргізіліп жатыр. Облыста барлығы 20 ақпараттық топтар жұмыс жасайды, олардың құрамында 612 насихатшы бар (1 облыстық, 19 қала/аудандық топ). 

Облыс тұрғындары облыс әкімдігіне келесі мәселелер бойынша жүгіне алады:
1) денсаулық сақтау саласындағы іс-шаралар, белгіленген ұлттық стандарттарды сақтай отырып, азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз ету, мемлекеттiк меншiк нысанындағы денсаулық сақтау ұйымдарының кадрлармен қамтамасыз ету;
2) азаматтардың тегiн білiм алу құқығын iске асыруды қамтамасыз ету;
3)халықты еңбекпен қамту мәселелері;
4) халықтың әлеуметтiк жағынан дәрменсiз топтарына әлеуметтiк көмек көрсетудi үйлестiру;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық және өзге де көмек көрсетуді үйлестіреді;
6) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша іс-шаралар;
7)аймақты әлеуметтік-экономикалық дамыту мәселелері;
8) облыста миграциялық процестерді реттеу;
9) облыстықкоммуналдық меншiктi басқару;
10) азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдесуi;
11) облыс аумағында кәсiпкерлiк қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшiн жағдай жасау;
12) аумақтарды дамыту бағдарламалары шеңберінде стационарлық сауда объектілерін дамыту үшін іс-шаралар кешенін әзірлейді және іске асыру;
13) көрмелік-жәрмеңкелік қызметті ұйымдастыру;
14) стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту;
15) аграрлық сектордың ұтымды және тиiмдi жұмыс iстеуi;
16) облыстың аудандық жоспарлану схемасын, облыс орталығын,облыстық маңызы бар қалаларды салудың бас жоспарларын әзiрлеу;
17) облыстық коммуналдық меншiк объектiлерi мен әлеуметтiк-мәдени мақсаттағы объектілерді салу, реконструкциялау және жөндеу мәселелері;
18)коммуналдық желiлер мен құрылыстарды салуға рұқсат беру;
19) объектілер мен кешендердің ведомстволық бағыныстағы аумағында салынуы (реконструкциялануы, кеңейтілуі, жаңғыртылу, күрделi жөнделуі) белгіленген объектілерге мониторингті жүргізу;
20) коммуналдық меншiктегi су құбырларын, тазарту құрылыстарын, жылу және электр желiлерiн және республикалық маңызы бар қаланың, астананың басқа да көлiк және инженерлiк инфрақұрылымдар объектiлерiн салу мен пайдалануды ұйымдастыру;
21) елді мекендер үшін жерасты суларына іздестіру-барлау жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
22) Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жер, су қатынастарын реттеудi жүзеге асыру;
23) коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды жүзеге асыру, қайта өңдеу және кәдеге жарату мәселелері;
24) табиғатты қорғау шаралары;
25) облыстық маңызы бар жолдарды салу, ұтымды пайдалану және күтiп ұстау;
26)облыстың аумағында қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктiң сақталуын қамтамасыз ету мәселелері;
27) Қазақстан Республикасының көлік саласындағы заңнамасына сәйкес жолаушылар тасымалын ұйымдастыру;
28) тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, халықтың тарихи, ұлттық және мәдени салт-дәстүрлерін өркендетуге, дене шынықтыру мен спортты дамытуға жәрдемдесу;
29) "Мекенжай тiркелiмi" ақпараттық жүйесiн жүргiзу және толықтыру;
30) терроризмге қарсы комиссиялар арқылы облыстың аумағында терроризм профилактикасы, сондай-ақ терроризм салдарларын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі қызметті ұйымдастыру;
31) әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың профилактикасына, сондай-ақ облыс аумағында олардың зардаптарын барынша азайтуға және (немесе) жоюға қатысу;
32)Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген шарттармен және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен тұрғын үйлерді коммуналдық тұрғын үй қорынан азаматтардың меншігіне беруді жүзеге асыру;
33) жылу маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларын әзірлеу;
34)есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту;
35) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасау;
36) "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету;
37) әлеуметтік шиеленіске және еңбек жанжалдарының туындау тәуекелдеріне мониторингті жүргізу және Қазақстан Республикасының заңнамасы жүктеген өзге де мәселелер.
Облыс әкімдігі жоғарыда аталған мәселелерді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды құрды:

 

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 22.06.2017 / 22.06.2017