Баспасөз, радио, интернет-журналистика саласындағы «Үркер» ұлттық сыйлығы туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1. Баспасөз, радио, интернет-журналистика саласындағы «Үркер» ұлттық сыйлығы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен жарияланған.

2. Сыйлықтың негізгі мақсаты – талантты журналистер мен үздік шығармашылық ұжымдарды анықтау, олардың кәсіби журналистиканы дамытуға қосқан үлестерін саралау және олардың шығармашылығына қоғам назарын аударту. Сыйлық лауреаттарын Қазылар алқасы анықтайды.

3. Сыйлық келесі номинациялар бойынша беріледі (эксперименталдық номинациялардан басқа):

1) Үздік фотосурет;

2) Үздік репортаж;

3) Үздік аналитикалық материал;

4) Үздік журналистік зерттеу;

5) Үздік сұхбат;

6) Қазақстан туралы үздік танымдық материал;

7) Үздік халықаралық аналитикалық материал;

8) Үздік аймақтық радиостанция;

9) Үздік аймақтық баспасөз басылымы;

10) Қазақстанның үздік радиостанциясы;

11) Үздік интернет-БАҚ;

12) Үздік республикалық баспасөз басылымы.

2. Өтініштерді беру тәртібі

1. Өтініштер электрондық түрде (ұсынылған үлгі бойынша қол қойылған скан-нұсқасы) el.kz интернет-ресурсының арнайы бөлімінде немесе urker2018@el.kz электрондық поштасы арқылы өзін-өзі ұсыну форматында қабылданады.

2. Бір автор тек бір ғана өтініш бере алады және 2 материал ұсынуға құқылы (бір аталымға 2 материал беруге, сондай-ақ әр түрлі аталымдар бойынша бір-бірден материал ұсынуға рұқсат етіледі).

3. ҚР уәкілетті органда тіркелгені туралы куәлігі бар БАҚ ұсынылған жұмыс бұл БАҚ-та жарияланбаса да, кез келген автордың атынан өтініш бере алады.

4. Ұжымдық аталымдар бойынша БАҚ-ның есепке алынғандығы туралы куәлік нөмірін көрсету арқылы, бұқаралық ақпарат құралының меншік иесі өтініш береді.

3. Өтініштерге қойылатын талаптар

1. Номинация бойынша берілген барлық жұмыстар 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап 31 желтоқсанға дейін жариялануы тиіс.

2. Жұмыстардағы барлық фотосуреттер файлдың өлшемі 2 Мб кем емес JPEG форматында, бейне файлдар MPEG4 FullHD форматында, мәтіндік материалдар БАҚ-та жұмыстардың скриншоты түрінде немесе материал жарияланған нөмірдің түпнұсқасы түрінде ұсынылуы керек.

3. Өтінімдерді Қазақстан аумағында тіркелген БАҚ, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары бере алады («Қазақстан туралы үздік танымдық материал» аталымы бойынша жұмыстар мен БАҚ-тан басқа).

4. «Үздік аймақтық баспасөз басылымы» және «Үздік республикалық баспасөз басылымы» номинациялары бойынша өтінім басылымның көрсетілген уақыттағы қызметін сипаттайтын жобаларды, айдарларды, авторларды және басқа да есімнамаларды, оқиғаларды, әрі өзге маңызды фактілерді көрсету арқылы басылымның төлқұжаты түрінде ұсынылады (12 беттен аспайтын PowerPoint немесе PDF форматында). Мерзімді басылымның бір нөмірінің PDF форматындағы скан-нұсқасы да қоса берілуі керек.

5. «Үздік аймақтық радиостанция» және «Қазақстанның үздік радиостанциясы» номинациялары бойынша өтінім хронометражы 30 минуттан аспайтын, эфирімен қоса аудиофайлдар mp3 форматында берілетін, 2017 жылдығ 1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығында радиостанцияның қызметін сипаттайтын жобаларды, бағдарламаларды, авторларды және басқа да есімнамаларды, оқиғаларды, әрі өзге маңызды фактілерді көрсету арқылы станцияның төлқұжаты түрінде ұсынылады (12 беттен аспайтын PowerPoint немесе PDF форматында).

6. «Үздік интернет-БАҚ» аталымы бойынша өтініш интернет-ресурстың қызметін сипаттайтын жобаларды, контентті, интернет-оқиғаларды, айдарларды, авторларды және басқа да есімнамаларды, әрі маңызды фактілерді көрсету арқылы презентация түрінде ұсынылады (12 беттен аспайтын PowerPoint немесе PDF форматында). Көрсетілген уақыт аралығында сайтқа кіру саны бойынша есептілік қоса беріледі (Google analytics).

4. Өтінімдерді қарастыру және қорытынды шығару

1.Өтінімдерді қарау Қазылар алқасының мүшелерімен және ұйымдастыру комитетімен жүргізіледі:

Ұйымдастыру комитеті талаптарға сәйкес келетін барлық өтінімдерді қарастырады да, сәйкес келген өтінімдерді Қазылар алқасы мүшелерінің қарауына ұсынады.

Қазылар алқасының мүшелері құпия дауыс беру арқылы сыйлық лауреаттарын таңдайды.

Ең көп дауыс жинаған төрт өтінім сыйлықтың номинаттары болып саналады. Қазылар алқасының мүшелері осы төрт номинаттардың арасынан құпия дауыс беру жолымен жеңімпазды таңдайды. Жеңімпаз бен номинаттар көпшілік дауыспен анықталады.

2. Сыйлық лауреаттарын жариялау 4 номинанттарды шақыра отырып, салтанатты түрде жарияланады. Әрбір лауреатқа берілетін сыйлықтың символы – қауырсын үлгісінде жасалған мүсінше (статуэтка) болып табылады.

3. Сыйлық лауреаттарына өзіне тиесілі ақпараттық, жарнамалық және презентациялық материалдарда, лауреаттың ресми сайтында, сонымен қатар өзі көрсететін қызметтер мен өнімдерді жарнамалау кампаниясында «Баспасөз, радио, интернет-журналистика саласындағы «Үркер-2018» ұлттық сыйлығының лауреаты» мәртебесін көрсетуге құқық беріледі.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 07.06.2018 / 07.06.2018