Шығыс Қазақстан облысы әкімінің «Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қосқан үлесі үшін» атты жыл сайынғы сыйлықтарын табыстау туралы ереже

Назар аударыңыз! Байқау!

1. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің «Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қосқан үлесі үшін» атты сыйлығы (бұдан әрі - сыйлық) Шығыс Қазақстан облысының аумағында тұратын 14 пен 29 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының азаматтарына 2018 жылғы айрықша еңбектерін ынталандыру және бағалау мақсатында беріледі.

2. Сыйлық салтанатты жағдайда табыс етіледі. Марапаттау рәсімі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында өткізіледі.

3. Сыйлық 7 номинация бойынша жылына бір рет беріледі:
1. Жылдың жас көшбасшысы;
2. Жылдың студент көшбасшысы;
3. Жас кәсіпқой;
4. Жылдың жастар ұйымы;
5. Жылдың жас журналисті;
6. Жылдың жастар акциясы;
7. Жас отбасы.
Бір үміткер екі немесе одан көп номинацияға ұсынылмайды.

4. Сыйлықтан үміткер жастарды жергілікті мемлекеттік органдар, жастар ресурстық орталықтары, шығармашыл және кәсіптік одақтар, жастардың қоғамдық бірлестіктері және басқа да ұйымдар ұсынады немесе өзін өзі ұсынады. Конкурс құжаттары (ұсыным хат, өмірбаян, мінездеме), сондай-ақ үміткердің айрықша үлесін дәлелдейтін шығармашылық және өзге де материалдар Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұсынылады.

5. Конкурс құжаттарын қабылдау, іріктеу, талқылау және сыйлыққа ұсыну туралы шешімдер қабылдауды Комиссия жүзеге асырады. Комиссия мүшелері конкурсқа жіберілмейді. Комиссия құрамын «Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармас» ММ бекітеді.

6. Конкурстық құжаттарды қарау кезінде Комиссия номинантқа қатысты қосымша ақпарат сұрауға құқылы.

7. Сыйлық беру туралы шешім комиссия құрамының 2/3 кем емес мүшелері қатысқан отырысында көпшілік дауыспен шешіледі.

8. Сыйлықты Шығыс Қазақстан облысының басшылығы табыс етеді.

9. Сыйлық үміткерге бір рет беріледі. Сыйлық мөлшері жыл сайын нақтыланып тұрады.

10. Облыс әкімінің сыйлығына үміткерлерді іріктеудің критерилері:
1) Жылдың жас көшбасшысы - жастар ұйымына (үкіметтік емес ұйым, студенттік өзін-өзі басқару ұйымдары, кәсіпорындардағы жастар ісі жөніндегі комитеттер) басшылық жасауы немесе мүшесі болуы, қоғамдық жұмыстардағы, мәдениеттегі, спорттағы жетістіктері, тілдерді меңгеруі, облыстық және республикалық қоғамдық-маңызды іс-шараларға қатысуы, табысты іске асырылған жобалары, оларды орындау арқылы қол жеткізген әлеуметтік жетістіктері, жұмыстарының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы тиіс.
2) Жылдың студент көшбасшысы - облыстағы орта арнаулы немесе жоғары оқу орындарының бірінде күндізгі бөлімде оқитын студент (магистранттар қатыса
алмайды) болуы, студенттік өзін-өзі басқару ұйымының басшысы немесе мүшесі екендігі, тілдерді меңгеруі, облыстық, республикалық және халықаралық қоғамдық-маңызды іс-шараларға, ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысуы және спорттағы жетістіктері ескеріледі.
3) Жас кәсіпқой - алған мамандығы бойынша жұмыс істеп жүрген 29-жасқа дейінгі маман болуы, кәсіби жетістігі, қызметінде инновациялық компоненттердің болуы (жобасы, жаңа технологияларды енгізуі немесе қолдануы, ғылыми жұмыстары және ашқан жаңалықтары), белсенді азаматтық ұстанымы және қоғамдық пайдалы қызметі болуы қажет.
4) Жылдың жастар ұйымы - заңды тұлға мәртебесі бар, ресми тіркелген, бір жылдан асқан жұмыс тәжірибесі, ұйым штатында кемінде 3 қызметкерінің болуы, ағымдағы жылы облыстық қоғамдық - маңызды іс-шараларды өткізуі, табысты іске асырылған әлеуметтік - маңызды жобалары, қол жеткізген әлеуметтік жетістіктері, қала, аудан, облыс, республиканың мақсатты топтарының, серіктестерінің, беделді тұлғалары және ұйымдарының пікірлері мен ұсыныстары, қызметтерінің бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы ескеріледі.
5) Жылдың жас журналисі - кемінде бір жыл ішінде бұқаралық ақпараттық құралдарында облыстағы мемлекеттік жастар саясаты тақырыбында жарияланған материалдарының бар болуы, телеарналардағы телехабарлары (сюжеттері), материалдарында көтерілген тақырыптардың мәнділігі мен өзектілігі, журналистік зерттеу жұмыстарының болуы, облыстық және республикалық журналистік конкурстарға, форумдарға қатысуы және белсенді азаматтық ұстанымы ескеріледі.
6) Жылдың жастар акциясы - қоғамдық - саяси маңыздылығы, әлеуметтік және ұзақ мерзімді тиімділігі, ауқымдылығы, бұқаралығы, нәтижелігі, акцияға қатысушылардың пікірлері және бұқаралық ақпарат құралдарында сүйемелденуі қажет.
7) Жас отбасы - жас мөлшеріне шектеулер «Қазақстан Республикасындағы мемлекетік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 9 ақпан № 285-V Заңының 1 - бабына сәйкес, кемінде бір баласының болуы, отбасы мүшелерінің белсенді азаматтық ұстанымдары, облыс, республика көлемінде іс-шараларға қатысуы, Қазақстан халқының мәдениеті мен салт-дәстүрлері жолын ұстауы, табысты кәсіби қызметі ескеріледі.

Конкурстық құжаттарды рәсімдеу талаптары:
Конкурсқа қатысушының өтініші Microsoft Word мәтіндік редакторымен, «Times New Roman» шрифті, мәтін өлшемі 14, жоларалық интервал 1, жиегі 20 см., барлық жағынан абзацтық бос орын болуы тиіс.
Негізгі (титульный) бетте үміткердің толық аты-жөні, тегі (ұйымның атауы), жұмыс орны, лауазымы (оқу орны, курсы, факультеті, мамандығы), келесі жолда қала/ аудан (оқу орын) атауы.
Одан кейінгі жолда номинацияның атауы толық, Ережеге сәйкес, қатесіз жазылуы тиіс.
Келесі жолда үміткердің 3*4 фотосы (ұйымның эмблемасы).

Қатысушы туралы материалдар 2018 жылғы 15 қарашаға дейін, Өскемен қаласы, Потанин көшесі, 27/1, мекенжайында орналасқан Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ кеңсесіне тапсырылады. Анықтама телефоны: 8 (7232) 610-942, 710-234.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 01.11.2018 / 01.11.2018