Алтын қазына

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметовтың бастамасымен алғаш рет «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Алтын Казына» этножобалар байқауы өткізіледі.

Конкурстың мақсаты оқушыларды Шығыс Қазақстан халықтарының тарихын, мәдениетін, дәстүрі мен рухани құндылықтарын оқып-үйренуге араластыру, этнографиялық зерттеулерді жүргізу әдістемесімен таныстыру, оқушыларға азаматтық-патриоттық тәрбие беру болып табылады.

Конкурс ұйымдастырушыcы Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарын» Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық орталығы.

Этно жобалар байқауында Шығыс Қазақстанның барлық аудандары мен қалаларының оқушылары бес кезеңнен өтеді. Аудандық және қалалық іріктеу кезеңінен өткен 162 оқушы 2018 жылғы 7-9 маусым аралығында «Дарын» ШҚ ӨҒПО (Таулы Үлбі) өтетін «Алтын қазына» этнографиялық жазғы мектебінің қатысушылары болды.

Жазғы этнографиялық мектеп шеңберінде қатысушылар тарихшы-этнографтардың, фольклористердің, тіл мамандарының, биологтардың этнографиялық зерттеулер жүргізудің методологиялық негіздерімен танысу және зерделеу, зерттеу бағдарламасын әзірлеу, қауіпсіздік техникасы ережелерін меңгеру бойынша баяндамалар тыңдады. Сонымен қатар қатысушылар зерттеудің келесі бағыттары бойынша семинарларға қатысады: ШҚО халықтарының этнографиясы, тарих және этнография, тіл білімі мен этнография, этнос пен табиғи ортаның өзара байланысы, этногенез, халық шығармашылығы. Жазғы мектеп бағдарламасында ғылыми жетекшілер үшін этнографиялық зерттеулер әдістемесі бойынша шеберлік сыныптары өткізілді.

Балалар жазғы мектептен өткеннен кейін аудандағы халық өмірін тікелей бақылауды, тұрақты және экспедициялық зерттеуді, жинақтамаларды топтау және тағы басқаларды қамтитын далалық кезеңге қатысады. Әрі қарай оларды этнографиялық мәліметтерді өңдеу мен талдау, этножобаларды дайындау бойынша қызықты жұмыстар күтеді. Балалар қыркүйек айында ұлттық фольклор мен халық музыкасын қамтитын «Дала үні» фестиваліне, этножобалар конкурсының қорытынды кезеңіне қызықты жобаларын ұсынады.

Директор Ж. Айтпаева

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 08.06.2018 / 11.06.2018