Өзекті әрі маңызды

Қазақстан-Американ еркін университетінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» ішкі бағдарламасы аясында дөңгелек үстел өтті. Үштілділік білімді жүзеге асыру, қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі, рухани білім, білікті мамандарды даярлау, оқушы жастардың белсенді азаматтық ұстанымдарын қалыптастыру және басқа да мәселелер кеңінен сөз болып, алдағы міндеттер межеленді. Дөңгелек үстелге облыстық білім беру ұйымдарының, мемлекеттік органдар мен мекемелердің, қоғамдық жастар бірлестіктерінің өкілдері қатысты.

«Қоғамдық сананы жаңғырту біртұтас ұлттың тұлғасын қалыптастырудың үлгісі ретінде» атты дөңгелек үстелге қатысушыларды ҚАЕУ Президенті Е.Мәмбетқазиев құттықтап, ізгі лебізін білдірді.

– Шығысқазақстандықтар қашан да талантты. Өзге өңірлерден артықшылығымыз – біз екітілдіміз, қазақ және орыс тілдерін жақсы білеміз. Ендеше, бізге үшінші ағылшын тілін үйрену аса қиындық тудырмайды, – деді Е. Мәмбетқазиев.

Үштілділік тақырыбында сөз қозғаған спикерлердің қай-қайсысы болмасын Қазақстан-Американ еркін университетінің бұл бағытта көшбасшы екенін ерекше атап айтты. Үстіміздегі жылдың ақпан айында Өскемендегі дарынды балаларға арналған валеологиялық арнайы мектеп-кешенінде Қазақстан-Американ еркін университетінің арнайы ағылшын тілі сыныбы ашылыпты. Дөңгелек үстелде аталған мектеп-кешенінің директоры, педагогика ғылымдарының докторы Н.Ахаева бұл тәжірибенің өте тиімді екенін жеткізді. Бір атап айтарлығы, университет ұжымы мұндай сыныптарды өңіріміздегі ниет танытқан барлық балабақша, лицейлер мен колледждерде ашуды жоспарлап отырған көрінеді. Университеттің «Балабақша – мектеп – ЖОО» жобасы аясында ашылатын бұл сыныптарда Қазақстан Американ еркін университетінің оқытушылары мен студенттері сабақ беретін болады.

– Біздің университеттің 24 жылдық тарихы бар. Осы 24 жылдың ішінде бұл оқу орны 12 мыңнан астам маман даярласа, оның төрт мыңы ағылшын тілін жетік меңгеріп, әлемнің әр түкпірінде еңбек етіп жүр. Сондықтан да тілді үйренудің маңызы ерекше. Ендеше ағылшын тілін үйретуді балабақшадан, мектептен бастау қажет деп санаймын. Осы мақсатта аймақта жүзеге асырылып жатқан үштілділікті дамыту бағдарламасы шеңберінде өңірдегі балабақша мен мектептерден, колледждерден ҚАЕУ сыныбын ашып, жас ұрпаққа өзіміздің методикамызбен ағылшын тілін үйретуді қолға алсақ дейміз. Мұндай сынып осы жылдың ақпан айында Өскемендегі дарынды балаларға арналған валеологиялық арнайымектеп-кешенінде ашылып, жұмыс істеп жатыр. Бірақ ешқандай балабақша, мектеп басшысын ҚАЕУ сыныбын ашуға мәжбүрлемейміз. Ал тілек білдіргендерге қолдау көрсетуге дайынбыз, – дейді ҚАЕУ Президенті Ережеп Мәмбетқазиев.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының тағы бір арнайы жобасы – қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі. Дөңгелек үстелде бұл тақырыпта Өскемен қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Е.Ошақбаев, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ профессоры, филология ғылымдарының кандидаты С.Оразалин, А.Пушкин атындағы облыстық

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 08.06.2018 / 08.06.2018