Дін

Шығыс Қазақстан облысында діни ахуал тұрақты. Облыс аумағында қазіргі кезде 314 діни бірлестік және олардың бөлімшелері жұмыс істейді, олардың ішінде 207-ислам, 39-православие, 6-католик, 60-протестантских, 1-кришнаиттер, 1-иудаизм. Діни бірлестіктер 306 ғибадат үйге ие болады.

Ғибадат ғимаратынан тыс жерлерде діни іс шараларды өткізу үшін 36 бөлме бекітілді  (20-намазхана, 15 – часовня, діни рәсім жасайтын бөлме-1) тіркелген.

20 миссионер жұмыс жасайды, оның ішінде «17 – шетелдік, 3– Қазақстан Республикасының азаматтары(3-ислам, 8-католик, 7-елуіншілер және 2-Новопостол шіркеуі) тіркелген.

2018 жылдың 6 айына 1310 материал шығарылды, оның ішінде 51 телебағдарлама, 2 радио, 311 баспа («Flesh»,«Спектр», «Наше дело», «Мой город»)және ақпараттық агенттіктерде (Zakon.kz Yk.news Nur.kz Today.kz Matritca.kz Kazinform Qamshy.kz Qazaquni.kz)  946 материал интернет ресурстарда («instagram» ВКонтакте, Twitter және Fasebook) шықты.

Жалпы және арнайы ақпараттық топқа 1 облыстық, 19 қалалық және аудандық топ кіреді, жалпы мүшелерінің саны-181 адам. 2018 жылдың 6 айы бойынша-794 іс-шара өткізіліп, барлығы 50801 адам қамтылды.

Интернет желісіндегі террористік, экстремистік және деструктивті сипаттағы материалдарды анықтау бойынша ШҚО Дін істері басқармасымен мобильдік топтар құрылды. 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында мобильдік топпен діни экстремизм және терроризм, конфессияаралық араздықты жандандыратын белгілері бар 110 материал анықталып, ДІАҚМ ДІК және ШҚО Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Департаментіне шаралар қабылдау үшін бағытталады.

Дін істер басқармасының сайтында және «YouTube» бейнехостингінде дін саласындағы саясатты ашатын фильмдер жарияланады.

«Шығыс Қазақстан облысының дін мәселелерін зерттеу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі діни экстремизм алдын алу жұмысын 3 бағытта жүзеге асырады:

-         жалпы ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары;

-         дәстүрлі емес діни ағымдардың ұстанушыларын оңалту бойынша жеке және топтық жұмыстар;

-         түзету жүйесі мекемелерінде сотталушы және олардың туысқандарымен жұмыс.

Психолог, заңгер, теологтардан тұратын деструктивті ағымдардың әсерінен зардап шеккендерге кеңестік көмек көрсету кабинеттері  ашылып жұмыс жүргізілуде.

Дін мәселелері бойынша «Сенім телефоны» - 8 /7232/ 70-56-56 жұмыс жасайды.

Бұл бағытта жұмыс жалғасуда.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 01.02.2012 / 26.07.2018