Кәсіподақтар

Шығыс Қазақстан облысында кәсіподақтар азаматтық қоғам институттары арасындағы белсенділерінің бірі. Кәсіподақтар бірлестіктерінің мүддесін қорғайтын аумақтық одақаралық орган облыстық Кәсіподақтар кеңесі болып табылады. Оған 16 салалық ұйымдар кіреді. Салалық ұйымдар жетекшілері «дөңгелек үстел» отырыстарының, активтердің, форумдардың т.б. сұхбат алаңдарының белсенді қатысушылары.

Облыста жалпұлттық «Ұжымдық келісімшарт жасаңдар!» акциясы жүргізілуде. Жұмысты үйлестіруші штаб жасақталған. Осындай штабтар барлық аудандар мен қалаларда бар.

Мемлекеттік органдар мен кәсіподақтар арасында конструктивті қарым-қатынас орнатылған және ол жөніндегі жұмыстар жалғасуда.
Сондай-ақ, халықты әлеуметтік қорғау бойынша мемлекеттің жүргізіп отырған саясатын түсіндіру жұмыстары жандандырылды. Осы мақсатта жергілікті елді-мекендерге құрамында мемлекеттік қызметкерлермен қатар «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы, салалық кәсіподақ қызметкерлері бар ақпараттық насихат топтары шығып тұрады. Олардың жұмысын әдістемелік қолдау үшін жалпы саны 3000 дана арнайы материалдар басылып шығарылды. Осындай жұмыстар қалалар мен аудандарда да жүргізілуде.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 01.02.2012 / 08.02.2012