Саяси партиялар

2011 жылдың 1 шілдесіне облыста тоғыз саяси партия: "Нұр Отан" халықтық демократиялық партиясы, Қазақстан социал-демократиялық «Ауыл» партиясы, «Әділет» Қазақстан демократиялық партиясы, «Қазақстан патриоттар партиясы», "Руханият партиясы"; ""Ақ жол" демократиялық партиясы, Қазақстан коммунистік партиясы, Қазақстанның жалпыұлттық социал-демократиялық «Азат» партиясы филиалдары, «Қазақстан коммунистік халықтық партиясы» облыстық комитеті тіркелген.

Билік органдарының азаматтық қоғам институттарымен оның ішінде партиялармен қарым-қатынасын нығайту мақсатында кеңестік – ақылдастық құрылымдары, «сұхбат алаңдарын» құрылған. аталған кеңестік отырыстар қорытындылары бойынша мемлекеттік органдар үшін ұсыныстық-сараптамалық құжаттар дайындалады. Құрамына саяси партиялардың облыстық филиалдарының жетекшілері, ірі үкіметтік емес және діни ұйымдардың басшылары кіретін облыс әкімі жанындағы Қоғамдық кеңес белсенді жұмыс істейді. Кеңес отырыстары аясында әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси сипаттағы мәселелер қаралады.
Партиялар филиалдарының маңызды қоғамдық – саяси институт екендігін ескере отырып, облыста «Саяси клуб» құрылған. тұрақты қоғамдық – саяси жағдайды сақтауда, қоғамды топтастыруда «Нұр Отан» ХДП ШҚ филиалы жетекші роль атқарады. Облыстық партия ұйымында 716 бастауыш партия ұйымдары біріктіретін, 60 мыңға жуық мүше бар. Шаралар әртүрлі: ұйымдастырушылық – партиялық, идеологиялық, ақпараттық – насихаттық, жемқорлықпен күрес, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді, ішкі саяси тұрақтылықты нығайту, партияның жастар саясаты және басқа да бағыттарда өткізіледі.

Парақтың құрылған/өзгертілген күні: 01.02.2012 / 08.02.2012